2023 жылдың 26 қаңтарында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен «QOLDAY» кәсіпкерлік орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның  мақсаты – серіктестік қатынастарды орнату және ұзақ мерзімді, нәтижелі және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

«QOLDAY» кәсіпкерлік орталығымен меморандум «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру, жастардың кәсіпкерлік қызметке қызығушылығы және бизнес процестерді сауатты құру аясында жасалды.

Бағдарлама тәжірибеге бағытталған оқыту сипатына ие, онда қорытынды бойынша MVP (минималды өміршең өнім) толық тестілеу өткізіледі, толыққанды бизнестің моделі мен болашақ өнімнің прототипі әзірленеді. edu.qolday.kz оқу платформасында кейстер, модельдеу, тапсырмалар және тесттер бар бейне сабақтар, жоба бойынша бизнес-жаттықтырушылармен кері байланыс және бизнес-модельді толық талдау қолжетімді болады. Оқыту үрдісі ZOOМ арқылы тікелей бейне-конференциялармен және университет аудиторияларында бизнес-жаттықтырушылармен Workshop  форматында офлайн-кездесулермен сүйемелденеді.

ЖОО студенттері оқудан кейін өтеусіз мемлекеттік грант алуға арналған конкурсқа қатысу бойынша тегін сүйемелдеу алу мүмкіндігіне ие болады,  Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары, Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының бағдарламалары және «QOLDAY» кәсіпкерлік орталығының одан әрі көмегімен кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы хабардар етіледі.

Оқу аяқталысымен студенттер бизнес-жобаларын қорғайды және курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алады. Сонымен қатар, оларға Орталық менеджерлерінің қаржылық емес қолдауы бойынша қызметтер көрсетіледі, атап айтсақ, олар кәсіпкерлік қызметті тіркеуге, рұқсат құжаттарын алуға жәрдемдесу, қаржыландыру алу кезеңіне дейін бизнес-жобаларды одан әрі сүйемелдеу. Ниет білдірушілер әр түрлі бизнес салаларындағы ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен, салалық және бизнес-сарапшылармен, бизнес-тренерлермен және т. б. өзара іс-қимыл жасау мақсатында жеделхат чат қауымдастығына шақыру алады.