21 May 2015 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ
Вопрос:
Саламатсыз ба, құрметті Айкан Аканович. Мен осы жылы мектепті бітіріп, сіздердің университеттеріңізге фармация факультетіне түсуді жоспарлап жатырмын. Осы мақсатта менің сұрақтарыма жауап бере аласыз ба?
1) Фармация факультеті үшін ҰБТ-дан қанша балл болу керек ?
2) Биылғы бөлінген грант саны қанша?
3)Және ағылшын группалары бар ма? егер болса стипендия көлемі қазақ группаларынан көп болады ма?
Ответ:
Саламатсызба Сандуғаш!
Сіздің 2015 жылдың мамыр айының 12-ші жұлдызында жазған сұрағыңыз бойынша мына мәліметті ұсынамыз:
Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 70 балл, Фармация факультеті үшін ҰБТ-дан 70 баллдан кем болмау, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет.
Фармацевтика факультетінде ағылшын тілінде оқытылатын арнайы топтар бар. Жоғары оқу орындарында, сонымен қатар қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі топтарының студенттерінің стипендия көлемін біркелкі тарифпен ҚР БҒМ бекітіп төленеді.
21 May 2015 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап
Вопрос:
Құрметті Айқан Ақанұлы!
Менің қызым “Жалпы медицина” факультетінің, ақылы бөлімінің 5 курс студенті. 5-ші курстан кейін интернатурада оқитын болса, оқу ақысы 1 жылға қанша болады? Алдын-ала рахмет Сізге!
Ответ:
Құрметті Зухра!
2014-2015 оқу жылда интернатурада ақылы бөлімінде оқитындарға 1 жылға келісім шарт бойынша оқу ақысы 770мың 100теңгені құрайды.
21 May 2015 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ
Вопрос:
Саламатсызба Айкан Аканович! менин інім Байқоңыр қаласындағы мед колледжді аяқтаған еді. енді дистанционный немесе заочный оқулар болса, жалғастырғысы келеді. Сіздің университеттен қандай мүмкіндік болар екен. алдын ала Рахмет.
Ответ:
Саламатсыз ба Олжабек! С.Ж.Асфендияров ат.ҚазҰМУ-да сырттай (заочно) оқу бөлімі жоқ. Өткен 2014 жылы білім беру дистанционды тәсілдермен жүзеге асырылатын «Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент» мамандығына талапкерлерді қабылдадық, дегенмен ол мамандыққа тек ЖОО бітірген азаматтар қабылданды. Колледж бітірген талапкерлер дистанционды оқуға қабылданбайды.
15 May 2015 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап, ҚазҰМУ-ға ауысу
Вопрос:
Здравствуйте Айкан Аканович !!! Я гражданин Узбекистана , я учусь на 4 курсе леч.факультете в Крымском Медицинском Академии им С.И.Георгиевского, я хотел перевестись на 5 курс в КАЗНМУ им.С.Д.Асфендиярова. Если можно перевестись какие документы нужен предоставит вам? и когда ? Заранее спасибо !!!
Ответ:
Добрый день, Адилбек!
Мы очень рады, что Вы выбрали наш университет. Перешлите нам сканированные паспорт, аттестат об окончании школы, транскрипт за проученный период в другом вузе.
Если Вы не являетесь резидентом Республики Казахстан, Вам не нужно будет сдавать КТ. Более полную информацию Вы можете получить по телефону 87019823755 или по адресу [email protected]
15 May 2015 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап
Ответ:
Қайырлы күн Нурдаулет!
Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау Ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ азамат ретінде Сіздің туысыңыз кешенді тестілеуге қатысып, мемлекеттік грантқа ие болуға мүмкіндігі бар. Ол үшін 20 маусым – 9 шілде аралығында ол университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруыңыз керек:
* белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш (қабылдау комиссиясында беріледі);
* жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа);
* тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;
* 3х4 көлеміндегі екі фотосурет;
* 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
* жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Кешенді тестілеу 4 пән бойынша өткізіледі: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні (медициналық мамандықтар үшін – биология, фармация үшін – химия).
Вопрос:
Қайырлы күн! Менiң алыс ағайыным ұлты -қазақ, Өзбекстан Республикасының азаматы.Ол сiздiң университетте оқығысы келедi, қалай түсе алады? орыс тобында оқиды.