От студента
26 Jul 2011 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос ректору
От: каралгаш монголхан
Саламатсызба құрметті Айкан Аканович! менін айтайын деп отырғаным сұрақ емес. Мен 6 курс студентімін, осы университетке интернатурага документ тапсырып туспей калдым. Мен интернетурага түсү шарттарына наразымын. Адамның білімін бір сұрақ қою арқылы бағалай алмайсыз. Сонда Ұлттық университетке интернатурага түсу үшін 1 сұраққа жауап беру жеткілікті болғаны ма? Бұл әділетсіздік, біздің 6 жыл бойы оқығанымыз 1 тиын болып қалды, ал оқымаған адамдар қажетті адамның алдына түсіп жоғары балл алып кетті. Осы мәселені қарастыруыңызды өтінемін!!!!
Ответ:
Құрметті Қаралғаш!
Интернатураға қабылдау конкурсы 2010 жылдың 16 маусымындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 452 бұйрығымен бекітілген Интернатура туралы ережеге және ҚазҰМУ-дың Ғылыми Кеңесінің 24.05.2011ж. № 9 шешіміне сәйкес жүргізіледі және интерндерді даярлау сапасына қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған.
Конкурс үш кезеңнен тұрады:
І. Тестілеу;
ІІ. Ситуациялық жағдайларға байланысты әңгімелесу;
ІІІ. Құжаттарды қарастыру (диплом қосымшасыың орташа баллы, ғылыми-зерттеу жұмыстарға қатысу, университетте оқыған жылдарда конкурстарға және олимпиадаларға қатысуы, мақалалар).
Сіздің таңдаған мамандығыныңыз бойынша интернатураға қабылдау туралы шешім конкурстың барлық кезеңдерін және сіздің жеке жетістіктеріңізді ескере отырып шығарылып, 1 тамыздан кейін ғана университет сайтына жарияланады.
Мамандандық | Конкурсқа қатысуға өтініш тапсырғандар | Құжаттар мен қабылдау сындарының нәтижелерін қарастырғаннан кейін таңдалып алынған мамандыққа тіркеуге ұсынылғандар | Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша ұсынылмағандар |
Терапия | 111 | 109 | 2 |
Хирургия | 63 | 60 | 3 |
Акушерия және гинекология | 60 | 60 | 0 |
Жалпы практикадағы дәрігер | 55 | 55 | 0 |
Педиатрия | 104 | 96 | 8 |
Балалар хирургиясы | 18 | 12 | 6 |
Жалпы практикадағы дәрігер | 69 | 67 | 2 |
Жалпы практикадағы стоматолог- дәрігер | 45 | 45 | 0 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 525 | 504 | 21 |
Алдын ала жасалған қорытынды бойынша жалпы интернатураға конкурстық негізде 525 өтініш қабылданған. Оның 504-і қабылдауға ұсынылған, 21-і (4%) ұсынылмаған. Жасалған анализ бойынша, өздерінің балдарын (GPA-ға өту баллы, 6 жыл бойы оқыған балдың орташа көрсеткіші) растаған студенттер саны 96 %-ды құрап отыр. Яғни, сіздің шағымыңыздың еш негізі жоқ. Бір сұрақ негізінде емес, үш кезең бойынша өз білімдерін көрсете білгендер саны жеткілікті (96 %).
Таңдап алған мамандығы (хирургия, акушерия, педиатрия, т.с.с.) бойынша өтпеген талапкерлерге жалпы практикадағы дәрігер мамандығына конкурсқа қатысуға мүмкіндік бар. Яғни, 2 тамызда әңгімелесу түрінде конкурс өтеді. Бұл сізге тағы бір мүмкіндік беріліп отырғанын көрсетеді.
Поисковые слова:
- ситуациялық жағдайлар
- ситуациялық сұрақтар
_ _ _