Гүлзада Сейлова
15 Aug 2017 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос:
Саламатсыз ба Талғат Сейтжанұлы.
Мен Фармация факультеті 3 курс студентінің анасымын. Жатахана жағдайын білгім келіп еді. Грант иегеріміз, академиялық үлгеріміде жақсы. Биыл жатахана бөлмелеріне 4 студенттен орналастырады деп естіп едік. Жалпы қандай жағдайларда жатахана беріледі?Қай уақытта және қайда хабарласуымыз керек?
Алдын ала рахмет.
Сейлова Гүлзада.
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Гүлзада Сейлова!
Студенттерге жатақханадан орын беру төмендегі критерийлерге сәйкес, комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады:
- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге.
- I, II топ мүгедектеріне, бала кезінен мүгедек студенттерге (нотариалды куәландырылған мүгедектігі туралы анықтамасы болған жағдайда).
- Отбасылы студенттерге, егер де, олардың біреуінің немесе екеуінің де ата- аналары I, II топтағы мүгедек болған жағдайда (нотариалды куәландырылған мүгедектігі туралы анықтамасы болған жағдайда).
- Көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге (нотариалды куәландырылған туу туралы куәлігінің көшірмесі болған жағдайда).
- Бір отбасынан шыққан студеттерге, егер де ата-аналары біреуі немесе екеуі Ауғаныстандағы соғысқа қатысқан немесе Чернобыльда қызмет атқарған болса.
- Студенттің ата-анасының екеуі де зейнеткерлер болған жағдайда.
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан студенттерге.
_ _ _