28 Jun 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
Здравствуйте, мой сын набрал 106 баллов по новому формату ЕНТ, профильные предметы: биология-33 б, химия-23 б
+ имеет отличие «Алтын белгі», живем в сельской местности.Может ли он поступить на грант по специальности «Общая медицина»?
Заранее спасибо!
Ответ:
Здравствуйте! Согласно Типовым правилам приема в национальные учебные заведения пороговым баллом для участия в конкурсе для присуждения образовательного гранта и зачисления на платное обучение зачисляются выпускники организаций образования, реализующих образовательные программы общесреднего или технического и профессионального послесреднего образования, прошедшие ЕНТ или КТ, набравшие по результатам тестирования не менее 65 баллов, в том числе не менее 5 баллов по истории Казахстана,математической грамотности, грамотности чтения – язык обучения, и не менее 15 баллов по каждому профильному предмету ости чтения – язык обучения, и не менее 15 баллов по каждому профильному предмету.
В текущем году обладатели знака «Алтын белгі» имеют преимущество при равном количестве баллов. Например, если обладатель знака «Алтын белгі» и не обладатель знака «Алтын белгі» набрали по 106 баллов, то грант получает обладатель знака «Алтын белгі». Если обладатель знака «Алтын белгі» набрал меньшее количество баллов, чем выпускник не обладающий знаком «Алтын белгі», грант получает набравший наибольшее количество баллов.
Также при рассмотрении баллов на конкурсе учитывается сельская квота.
28 Jun 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
сәлеметсіздерме здравоохранение мамандығының баллы нешеден басталады? Оның баллы медицинадан жоғары болады ма?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Аталған мамандықтардың өту баллы конкурстан кейін белгілі болады.
28 Jun 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
Саламатсыз ба.Мен 2017 жылғы түлекпін.Ұлттық Бірыңғай тесттілеуден 87 балл жинадым.Фармаевтикалық өндіріс технологиясы факультетіне түсе аламын ба.Таңдау пəнім химия биология
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім грантының конкурына қатысуға және ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған мектеп немесе колледж түлектері қабылданады. Оқуға түсу мәселесі конкурс барысында шешіледі
28 Jun 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
Саламатсыз ба!Мен Мен ҰБТ тапсырып 133 балл жинадым.1 бейіндік пәнім-биология-39 балл,2 бейіндік пәнім -химия-34 балл.Сіздердің оқу орындарыңызға грантқа түсе аламын ба?
Ответ:
Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес Ұлттық жоғары оқу орындарына ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина», «Фармация» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін жоғары аталған баллдарға ие болу абзал. Оқуға түсу-түспеуіңіздің мәселесі конкурс кезінде шешіледі
28 Jun 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
Сәлеметсіздерме!!! Менің қоятын сұрағым осы 2017-2018 оқу жылына тапсыратын талапкерлерге әр мамандық бойынша бөлінетін грант санын қайдан білсем болады? Стаматология мамандығына грант барма? Қанша?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! ҚазҰМУ үшін 2017-2018 оқу жылына стоматология мамандығы бойынша бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысының (грант) саны жобаға сәйкес 20 (10 қазақ, 10 орыс бөлімдеріне). Сондай-ақ, жоба бойынша «Жалпы медицина» — 395 (280 қазақ бөл.), «Мейірбике ісі» — 20 (13 қазақ бөл.), «Педиатрия» — 150 (75 қазақ бөл.), «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық-профилактикалық іс», «Фармация» — 5 (3 қазақ бөл.).