Айша Ермек
28 Sep 2015 | Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента
Вопрос:
Салеметсиз бе сиздерде ата- анасынан айырылган балаларга кандай комек бар.Менин тандау паним химия фармацевтикага ент дан канша бал жинауым керек.Сиздерден ректорский грант болине ма.
Ответ:
Құрметті Айша Ермек !
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің фармацевтика факультетінде «Фармация» және «Фармацевтика өндірісінің технологиясы» деген 2 мамандық бар. Білім грантын беру ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысымен бекітілген (2012 жылы 30 наурыздағы № 390қаулысымен өзгерістер енгізілген)
Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70, ал «Жалпы медицина»мамандығы бойынша кемінде 65 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтиханбойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша – кемінде 4 балл жинау қажет.
Айша, дәл сендей ата-анасынан айырылған балаларға арналған арнайы жеңілдіктер жоқ. Бірақ біздің оқу орнына түскен жағдайда және өзіңді жақсы көрсеткен жағдайда басым құұқық иесі атанасың.
_ _ _