Айнур Куандыкова
11 Apr 2012 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос ректору
Тема вопроса: От студента
Сәлеметсізбе мен сізден сұрайын деп едім ата — анасы жоқ студентке универдің атынан магистратураға түсуге көмек бола ма? Грантка тусе алмаған жағдайда? ҚДС факультетінде оқимын 4 курс. Менің ата — анам жоқ, маған уайым болып жур магистратура, грант аз бөлінеді.
Ответ:
Қайырлы күн, Айнур!
Университетімізде білім алушыларға жеңілдік көрсету жөнінде жұмыс жасайтын Әлеуметтік комиссия құрылған.
Университетіміздің Әлеуметтік комиссияның ережесіне сәйкес, «жетім» категориясы бойынша білім алушыларға 50%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.
Жеңілдік алу үшін қажет құжаттар тізімі:
— ректордың атына өтініш
— жеке төлқұжат көшірме
— сынақ кітапшасының көшірмесі
— қайтыс болу туралы куәліктің нотариуспен расталған көшірмесі.
_ _ _