17 Aug 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
Біздің қойған сұрағымызға «…Сіздерге ағымдағы интерн емтиханында Ж. Амангелді, М. Рахымжан, Э. Хамитов, Е. Сапарбеков, А. Медерованың білім беру бағалау орталығының жасаған актісі бойынша телефон қолданғандығы расталғанын хабарлаймыз. Осылайша, жоғарыда аталған интерндер С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Ішкі тәртіп Ережесін, 2016-2017 оқу жылына арналған «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалау Ережесін және Академиялық адалдық туралы Ережесін бұзды» делінген, ия оны өзімізде жаздық емес пе. Сол хатымызға осылай жәйжапсар әңгімелермен тыныш барлық кінәні студенттің өз мойнына артып қоя салады деп ойламаппыз, Мәселен, «…Қорытынды мемлекеттік аттестациялаудың екінші кезеңі – тәжірибелік дағдыларды тапсыру барысында, тәжірибелік дағдылар орталығының қызметкерлері 723-2 топ интерні М.М. Жагановадан ұялы телефонды тек интерннің өз станциясынан шыққан сәттен кейін алды» деп отырған интерн жайында. Сонда тәжірибелік дағдылар орталығының бастығы Зауреш Примтаевна жөн-жосықсыз акт жаза бере ме??? Декан орынбасары Зулфия Мейрхановна өзі «тәжірибелік дағдылар орталығының бастығы Зауреш Примтаевна 723-2 топ интерні М.М. Жаганованы ұялы телефонмен ұстап акт жазды,телефонмен кірмеңдер оқудан шығасыңдар» деп ескерткен оны бүкіл 740 түлек растай алады. Екіншіден МАК хатшыларынан рас па,акт бар ма дегенде ия,міне деп көрсеткен. Кейін 180 градусқа өзгеріп отыр??? Үшіншіден,неге жауап екі аптадан кейін шығып отыр??? Жагановаға жазылған актілерді жою үшін бе??? Бізде шырылдап айттық қой бізге звондады, біз тек өшірдік ештене көшірген жоқпыз деп видиорегистраторды көтеріңіздер декан ханым, Зауреш Примтаевна, Зулфия Мейрхановна әділдік кайда ??? «…Тәуелсіз аттестаттациялауға дайындық кезінде бірқатар интерндер, соның ішінде Сіздерде, (өзіңіз хаттыңызда көрсеттіңіз) атап өткен дайындық тестілеулерге қатысқан жоқсыздар. Бұл мәселе бойынша деканат Сіздерден түсініктеме жаздыртуға мәжбүр болған еді. Түсініктемеде Сіздердің нақты себептерді атап көрсетпегендіктен, Сіздерге қайтадан түсініктеме жазғыздыртуға тура келді бұл Сіздердің сөздеріңіз, дайындық пен мемлекеттік қортынды емтихан жігін ажырату қиын ба,айырмашылық бар ма?? бізше үлкен айырмашылық бар. Негізінде , Бұл жөнінде де жазғанбыз,оны қайталаудың керегі не??? декан ханым, Зулфия Мейрхановна!!!
«…Білім және ғылым ұйымдарында интерн түлектерге кешенді тестілеу жүргізу Тәртібі бойынша ҚР денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының тәуелсіз комиссиясы жүргізген 2017 жылдың 15 маусымда өткен қорытынды мемлекеттік аттестациялаудың бірінші кезеңінде 3 интерн қанағаттанарлықсыз баға алды.Содан соң, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы тәуелсіз сарапшылардың жүргізуімен 2017 жылдың 12 шілдесінде аталмыш интерндерге қайта тапсыруға рұқсат беріп, нәтижесінде интерндер өту балын жинады» Егер Сіздер жазғандай. ҚР денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік емтиханды қайта тапсырып,диплом алуға рұқсат берсе ,онда бізге неге рұқсат бермеді. Ендеше біз . ҚР денсаулық сақтау министрлігіне, Нұр Отанға жүгінейік. Біз Сізден әділдік шешім күтіп алдыңыздан өттік, мүмкін біздің хаттарымыз Сізге жетпеген болар,әлі де әділдік күтеміз,Бірақ Біз барлық куәландыратын қағаздарды жойып жібергендеріне күмән келтірмейміз,екі апта жауап күттік, деканатқа хабарластық себебін біле алмадық. Қорытынды емтиханды шешуге болғанда,неге аралық емтихандар шешілмейді??? Бұл жерде академиялық адалдық тек студенттерге ме, ал МАК төреағасына,мүшелеріне,декан,декан орынбасары мен тәжірибелік дағды орталығына қатысы жоқ сияқты,өздері шешетін секілді,сондықтан ол кісілерде академиялық адалдықты ұстанса.
Ответ:
Құрметті интерндер!
- ҚазҰМУ ректорының м.а. 2017 жылдың 22 ақпан айындағы «2016-2017 оқу жылғы аттестациялық комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 62 бұйрығында 2016-2017 оқу жылының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудың аттестациялық комиссия құрамы бекітілген болатын.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 125 бұйрығында (2017 жылдың 5 сәуірінде өзгерістер енгізілген) ЖОО-ның білім алушыларын қорытынды аттестаттау тәртібі регламенттеледі.
- 2016-2017 оқу жылындағы акдемиялық күнтізбеге сәйкес интерндердің қорытынды мемлекеттік аттестациялау кестесі бекітілді.
- ҚРДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің Директоры А.К.Каптагаеваның 2017 жылдың 30 мамыр айындағы №06-9/2027 хатына, сонымен қатар Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығының бас директорының м.а. А.Айыпханованың 2017 жылдың 22 мамыр айындағы хатына сәйкес екі кезеңді тестілеу күні мен статусы туралы өкім дайындалды: 2017 жылдың 6-7 маусым айында – тестілеу, статусы – «сынамалық». 2017 жылдың 7-10 маусым айында – бекітілген ҚМА графигіне және ұйымдастырушылық сәттерге байланысты білім мен дағдыны бағалау Орталығында (тәжірибелік денсаулық сақтау бойынша тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен) тәжірибелік дағдыны бағалау, статусы «шартты» – тәуелсіз тестілеу бағасы қанағаттанарлықсыз болса, есепке алмайды. 15 маусым – тәуелсіз тестілеу. Екі кезең 50% -дан ҚМА қорытынды бағасын құрайды.
- ҚМА өткізу барысында туындаған әрбір жағдай мен әрбір нақты интерн бойынша шешімді МАК қабылдайды. Декан орынбасарының міндеті қорытынды мемлекеттік аттестацияға интерндердің қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
- На основании полученной оценки по результатам независомой оценки, выданной сотрудниками РЦОЗН, а также по результатам оценки практических навыков вышеупомянутым интернам был выданы документы об окончании.
- ҚРДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің Директоры А.К.Каптагаеваның ДББРО бастығы Г.Т. Жангерееваға 2017 жылғы 05 шілде айында №06-9 ЖГ-А-1530 жолдаған хатында 2017 жылы 15 маусымда тәуелсіз тестілеуді тапсырмаған және шекті деңгейге қол жеткізе алмаған «Терапия» дайындау бағытының интерндері А. Абдуллаев пен А.Толеуханова 2017 жылдың 11 шілде айында өтетін резиденттердің тәуелсіз тестілеуінде қайта тапсыру қажеттігі туралы жазылған. ДББРО қызметкерлерімен берілген тәуелсіз бағалау нәтижелері негізінде, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды бағалау нәтижелері негізінде жоғарыда аты аталған интерндер бітіру туралы құжаттарын алды.
17 Aug 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
Dear sir,
i want to know that admission are open for indian students in degree in medicine or not.
Ответ:
No, there is no admission for the academic year 2017/2018. This year we don’t enroll international students.
17 Aug 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
Құрметті, Талғат Сейтжанұлы.
Мен, Сарынжиева Асем Январбекқызы қызым Мейрамова Айгерім Ержанқызы биылғы ҰБТ дан 104 бал алған. С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық университетіне педиатрия бөліміне тапсырған, сонымен қатар басқа да жоғарғы оқу орындарын көрсеткен.Биылғы грант иегерлерінің тізімін қарасақ,104 балмен педиатрия бөліміне түскен 4 талапкерді көрдік олар орыс бөліміне түскен, ал қазақ бөліміне одан да жоғары баллмен түскендерді көрдік. Менің түсінбей отырған себебім, орыс бөліміне 104 балмен түсе алады да, ал қазақ бөліміне мүмкіндік жоқ па не? Жалпы республика бойынша педиатрия бөліміне 150 грант бөлінген, ал тізім бойынша 146 адам болып тур, еш болмаса орыс бөліміне қабылдасаңыз деген үміттемін. Өзім жұмыссызбын, 4 баланың анасымын, ақылы оқытуға жағдайым жоқ.Менің өтінішімді орындайды деген сенімдемін.
Ответ:
Қайырлы күн, құрметті Асем Январбекқызы!
Білім беру гранттарын үлестіру Университет құзіреттілігінде емес. Ол мәселемен Білім Беру және Ғылым Минимтрлігінде арнайы конкурстық Комиссия айналысады.Орыс бөлімінің өту балының төмен болу себебі — орыс бөліміне өтініш беріп білім беру гранты сайысына түсетін талапкерлер санының аз болуы. Қазақ бөліміне өтініш білдіретіндер саны көп болғандықтан ол бөлімге өту балы да жоғары. Сіздің көрген тізімдегі 146 талапкерлермен қатар қосымша 21 адамға грант берілді, олар қосымша тізімде көрсетілген, сонымен жалпы олардың жалпы саны 167 құрайды.
17 Aug 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
Сәлеметсіз бе!
Мен 2017 жылғы абитуриентпін.Ұбт-ден 90 балл жинадым +ауылдық квотам бар,аттестаттың баллы 4,994құрады. 24 күні гранттың конкурсына қатыстым,
1.Жалпы медицина КазНМУ
2.Педиатрия КазНМУ
3.Жалпы медицина Қармму
4.Мейірбике ісі СММУ
Тандаган болатынмын 30% ауылдық квота
Грантқа түсе алмадым,отбасымызда жалғызбасты анам ғана бар.Ақылы оқытуға жағдайы келмейді.Ал гранттың списонында 85-65 баллдармен гратқа түскен КазНМУ-ға .
Бұл сонда қалай болғаны?
Және де ректорлық грант дегенді естідім,ондай грант беріле ме
Маған грант ауадай қажет
Казнму-ға ректорлық грантқа мүмкіндігім бар ма?
Көмектесіңіздерші,менің медицинада оқығым келеді,бала күнгі арманым
Сол үшін қаншама репетиторға барып ,қымбат кітаптарға дейін сатып алып оқығанмын
Сол ректорлық грантқа мүмкіндігім бар ма?
Ответ:
Қайырлы күн! Білім беру гранттарын үлестіру Университет құзіреттілігінде емес. Ол мәселемен Білім Беру және Ғылым Минимтрлігінде арнайы конкурстық Комиссия айналысады.
Өкінішке орай, жеке ректорлық грант біздің университетте қарастырылмайды.
17 Aug 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
Dear sir, i want to know that admission are open for indian students in degree in medicine or not.
Ответ:
No, there is no admission for the academic year 2017/2018. This year we don’t enroll international students.
16 Aug 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
Sir,
Iam from India .My daughter is studying there at MBBS second course. Her name Athira Harish. she had some problems in her passport registration issue. The university informed her to pay fine in emigration department, she paid the fine on Wednesday 09th aug . The university says she get her passport after two or three days. But she didn’t get her passport yet. I call the dean office many times but no one can take call.Her exam ending on 4th aug. In this problem she cant come India for vacation.
What we do sir…Please do needfull as early.I am waiting for your valuable replay.
Thanking You
Rejila.K
Ответ:
Dear Rejila.K
Athira Harish violated the rules of registration. The Indian Consulate was informed. In the future, please follow the rules. Athira Harish will receive the passport within 2-3 days.
15 Aug 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
Добрый день,уважаемый Талгат Сейтжанович. Я студентка 6 курса. У меня следующий вопрос,мы,студенты,слышали,что рассматривается вопрос о шестидневной учебной неделе,а так-же о двухсменном учебном дне. Хотелось бы узнать,какая форму обучения у нас сохранится?Многие студенты нашего университета и я в том числе,работаем после учебы,удачно совмещая ее с работой. Очень волнует этот вопрос,ведь у нас,у студентов огромные щатраты на жилье,продукты,одежду,транспорт и т.д. Хотелось бы знать,чего ожидать от нового учебного года и как планировать свой день. С уважением,Мухаббат Карим
Ответ:
Мухаббат Карим!
При переходе на 6 дневную учебную неделю, количество изучаемых дисциплин и количество часов не меняется, а перераспределяется на 6 дней. Учебный день студента будет составлять 6 часов по цикловой форме обучения с утра или после обеда в зависимости от количества аудиторного фонда и количества штатов кафедр.
15 Aug 2017 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос:
Саламатсыз ба Талғат Сейтжанұлы.
Мен Фармация факультеті 3 курс студентінің анасымын. Жатахана жағдайын білгім келіп еді. Грант иегеріміз, академиялық үлгеріміде жақсы. Биыл жатахана бөлмелеріне 4 студенттен орналастырады деп естіп едік. Жалпы қандай жағдайларда жатахана беріледі?Қай уақытта және қайда хабарласуымыз керек?
Алдын ала рахмет.
Сейлова Гүлзада.
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Гүлзада Сейлова!
Студенттерге жатақханадан орын беру төмендегі критерийлерге сәйкес, комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады:
- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге.
- I, II топ мүгедектеріне, бала кезінен мүгедек студенттерге (нотариалды куәландырылған мүгедектігі туралы анықтамасы болған жағдайда).
- Отбасылы студенттерге, егер де, олардың біреуінің немесе екеуінің де ата- аналары I, II топтағы мүгедек болған жағдайда (нотариалды куәландырылған мүгедектігі туралы анықтамасы болған жағдайда).
- Көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге (нотариалды куәландырылған туу туралы куәлігінің көшірмесі болған жағдайда).
- Бір отбасынан шыққан студеттерге, егер де ата-аналары біреуі немесе екеуі Ауғаныстандағы соғысқа қатысқан немесе Чернобыльда қызмет атқарған болса.
- Студенттің ата-анасының екеуі де зейнеткерлер болған жағдайда.
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан студенттерге.