30 May 2012 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлеметсізбе Айқын Айқынович.Менім сұрағым келесі мен Астана қаласындағы медициналық институтында 2-курс (грант) студентімін.Отбасымның жағдайы бойынша әкем 2-ші топтағы мүгедек және анам зейнеткер.Мемлекеттік грантымды сақтай отырып Алматы қаласындаы Асфендияров атындағы медициналық институтына ауысымның қандай жолдары бар.Осы қалада туған тәтем тұруына байланысты.Үлкен үмітпен хат жолдап отырмын.1- курстан 2-курсқа дейін сессиядағы тапсырған емтихан барлығы бестік.
Ответ:
Құрметті Жасулан Турлыбек!
Білім алушыларды басқа жоғарғы оқу орнынан ауыстыру ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2008 жылдың 9 желтоқсанында шыққан № 638 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).
Басқа жоғарғы оқу орнына ауысу қысқы немесе жазғы емтихан сессиясынан кейінгі демалыс уақытында іске асырылады. Сонымен қатар, оқу жоспарындағы пән айырмашылығы міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаған жағдайда рұқсат етіледі.
Біздің университетке ауысу үшін, Сізге: білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш бересіз және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорына өтініш, құжаттардың көшірмелері қоса тіркелуі қажет: факультет деканы қол қойған оқу карточкасы, оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының қолымен расталған, мөрмен бекітілген және кеңсе тіркеушісі қол қойған транскрипт; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер грант иегері болса); оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініш көшірмесі. Сонымен қатар, сізді біздің оқу орнына қабалдау ваканттық орындарға байланысты жүзеге асырылады.
Сізге оқу бағдарламасы бойынша пән айырмашылығын және курсын анықтай үшін С.Ж. Асфендияров атындағы жалпы медицина факультеті деканатына жолығуыңыз қажет (Алматы қаласы, Төле би көшесі 54, тел. (7272) 92 69 69 ішкі 135, 134).
30 May 2012 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос ректору
Тема вопроса: От студента
Құрметті Айқан Ақанұлы, Фармацевтика факультетінің 1курс студенттеріне Ботаника пәніне бойынша емдік шөптерді жинау үшін, Түрген шатқалына барып қайтуға арнайы көлік бөліп, бірнеше емдік шөптермен танысуымызға мүмкіндік бергеніңіз үшін сізге және Махметов Фарид Мугалимович ағайымызға алғысымызды білдіреміз. Біз ол жерде тек шөптер жинап қана қоймай, сонымен қатар Түрген шатқалының су сарқырамаларының сұлулығына қанып, таңғажайып табиғат баурайында, таза ауада дем алып қайтқанымызға қуаныштымыз.
30 May 2012 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Здравствуйте! могу ли я поступить на фармацию на грант с казахским языком обучения. проходной 87 баллов.есть и сельская квота.
спасибо
Здравствуйте, Айжан!
Проходные баллы 2012 года будут определены на основании результатов Единого национального тестирования и комплексного тестирования. Образовательные гранты присуждаются на конкурсной основе в соответствии с баллами сертификатов по результатам единого национального или комплексного тестирования с выдачей свидетельства о присуждении образовательного гранта. Количество грантов на каждый учебный год выделяются МОН РК. По результатам тестирования Вы на общих основаниях можете участвовать в конкурсе для получения образовательного гранта. Желаю Вам успехов.
30 May 2012 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос ректору
От абитуриента
Здравствуйте я хотела бы узнать сколько грантов предусматривается в 2012 году на фармацевтический факультет. И какой проходной бал ЕНТ на этот факультет))
Здравствуйте, Наргиз!
Проходные баллы 2012 года будут определены на основании результатов Единого национального тестирования и комплексного тестирования. Образовательные гранты присуждаются на конкурсной основе в соответствии с баллами сертификатов по результатам единого национального или комплексного тестирования с выдачей свидетельства о присуждении образовательного гранта. Количество грантов на каждый учебный год выделяются МОН РК. По результатам тестирования Вы на общих основаниях можете участвовать в конкурсе для получения образовательного гранта. Желаю Вам успехов.
30 May 2012 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Вопрос:
Салеметсіз бе Айкан Аканович! Мен фармацевтика факультетінің 5-курс студентімін. Менің сізге кояр сұрағым және өтінішім жазғы сессияның кестесі туралы. Бізге сессия уақыты 08.05.12-19.05.12 уакыт аралыгына койылган. ал барлық тапсыратын емтихан саны 6, емтихандар тест жане ауызша түрде отіледі. ал дайындалуға тек 1 күннен ғана берілген. емтиханға дайындық уақыты студенттерге жеткіліксіз. Емтихан кестесін ауыстыруға өтініш білдірсек те нәтижесіз болды… Осы мәселеге комектессеңіз екен…
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Жұлдыз!
Сіздердің өтініштеріңіздің нәтижесіз болу себебі өздеріңізге белгілі Тест орталығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, алайда Сіздердің емтихан кестелеріңіздің мүмкіншілігінше орындарын ауыстырып беруге тырысамыз.
30 May 2012 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос ректору
Тема вопроса: От студента
Вопрос:
Cәлеметсіз бе Аканов Айкан Аканұлы,
Мен фармацевтика факультетінің 5 курс студентімін, 2012 — жыл түлегі. Сізге қояр сұрағым мынадай :
Менің қазіргі жағдайда орташа GPA балым 3,51 ( бұл 2012 жылғы жазғы және мемлекеттік емтихандарды қоспағанда) Қызыл дипломға үміткер студенттердің орташа GPA балы,менің білуімше, 3,5-тен жоғару болуы тиіс. Алайда, менің 1 курс «қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханнан В+(89%) алған едім. Емтиханды қайта тапсыруға бола ма, айтар қандай кеңес, көмегіңіз бар? Рахметеметсіз бе, Гауһар!
Ответ:
«Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрығының 2 тарауының 86 тармағына және 3 тараудың 149 тармағына» сәйкес өкінішке орай Сіз Ерекше үлгідегі (қызыл) диплом аламайсыз.
30 May 2012 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос ректору
Тема вопроса: От студента
Сәлеметсізбе Айқан Ақанұлы! Менің айтқым келгені Университетімізге ән жаздыратын студия жетіспейді. Мерекелік іс-шараларда әнді немесе би үшін өлеңді өңдеуге басқа студияларға барамыз. Сапалы етіп жазып беру қымбат. Әрине бізге демеу қорынан ақша бөлінеді. Сол ақша өзіміздің студиямыз болса, соған кеткені дұрысқой.9 мамыр жеңіс күнімен құттықтай отыра, сізден қуанышты жауап күтем. Стоматология факультетінің 1 курс студенті БөріХан Ерболат!
Ответ:
Ерболат, осы оқу жылының сәуір айының соңынан бастап, Конгрсс-Холл күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жұмыс басталып та кетті. Тамыз айының соңында нысана толық жөндеуден өтіп пайдалануға тапсырылады. Жаңа оқу жылынан бастап Конгресс-Холлда спектакль қойылымдары, концерттік бағдарламалар, шығармашылық кездесулер т.б мәдени шаралар өтетін болады. Ән жазу студиясын құруды қаражат есебіне, сұраныс қажеттілігіне қарай алдағы уақытта қарастырып көреміз.
30 May 2012 |
Опубликовано в
Вопросы-ответы
Вопрос ректору
От: Кристина АБаева <[email protected]>
Здравствуйте! Я бы хотела перевестись в ваш университет из Украины. Учусь на 1 курсе днепропетровской медицинской академии. Сама гражданка России. Что для этого мне требуется скажите пожалуйста? Заранее спасибо.
Уважаемая Кристина!
Перевод студентов из одного вуза в другой производится в период каникул. При этом перевод осуществляется на тот же курс, если разница в учебных планах составляет не более пяти учебных дисциплин обязательного компонента. К сожалению у Вас разница в учебных дисциплинах превышает пяти учебных дисциплин, поэтому можете придти на курс ниже, то есть на 1 курс.