Сұрақ-жауап Archives - Page 3 of 361 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Сұрақ-жауап

Акерке Абзалова

25 Feb 2020  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Сұрақ:
Сәлеметсіз бе! Мен 2020 жылдың жас түлегімін! Осы университетке оқу бала кезімнен арманым болып келеді! Бірақ грантқа баллы жоғары,сол үшін күндіз-түні білімімді шыңдап жатырмын! Осы жылғы грантқа түсудің шектік баллын және оқу ақысы қанша болатынын білгім келеді?Арнайы жеңілдіктер немесе конкурстар болмайды ма?

Жауап:

Мемлекеттік білім беру гранты конкурсына ҰБТ нәтижесі бойынша, кемінде 65 балл және бейіндік пәндері химия, биология, әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл алған барлық түлектер қатыса алады.

Грантқа түскен түлектердің шекті баллы, конкурс нәтижелерінен кейін белгілі болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 «”Бакалавр” немесе “магистр” дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, балдар тең болған жағдайда басым құқық келесі жағдайларда беріледі:

1) “Алтын белгi” белгiсімен марапатталған тұлғалар;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;

3) жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;

4) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы айғақтары жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғалар.

Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.

5) Жоғары білімнің білім беру грантын беру бойынша басым құқық болмағанда, балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болғанда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.

6) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.

7) Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота көзделген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 30 пайызына конкурс тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізіледі.

Біздің университеттегі оқу бағдарламаларының 2019-2020 оқу жылындағы оқу ақысы 770000 тенгенден 1200000 тенгеге дейін қарастырылған болатын. Ол Сіздің таңдаған мамандығыңызға байланысты.

Қосымша ақпарат алу үшін университеттің қабылдау бөлімімен хабарласуларыңызға болады. Қабылдау бөлімінің телефондары: 8(727)338-70-27. ішкі тел.: 70-71,73-50, электрондық пошта: «[email protected]»






Сандыбай Батырбек

02 Nov 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:
Құрметті Талғат Сейтжанұлы! Алдымен өзімді таныстыра кетсем, ҚазҰУ-нің xимия және xимиялық теxнологиялар факультетінің 3 курс студентімін. Менің сізге қояр сұрағым, егер менде жоғары білім болса, екінші жоғары білімді сіздерде оқуға мүмкіндігім барма? Және мүмкіндігім болған күнде, “жалпы медицина” мамандығына бөлінген гранттар конкурсына қатыса аламынба? Алдын ала раxмет!

Ответ:

Құрметті Сандыбай Батырбек, сәлеметсізбе. Сіз екінші жоғарғы білімді «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және  «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша ала аласыз. «Жалпы медицина» мамандығына технологиялық мамандықтарға бүгінгі күні бағдарлама жоқ.

Поисковые слова:

  • https://do kaznmu edu kz/blog/kz/сандыбай-батырбек/





Малика Ерденова

02 Nov 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:
Құрметті Талғат Сейтжанович!!! Біздің кітапханада биохимия пәні бойынша үш бөлімнен туратын кітап жеткіліксіз,кітапханашылардың қабағы унемі ашулы, осы кітапты қыркүйек айынын басынан бері алі ала алмай жүрміз.Кітапханаға барудан шаршадық, қызметкерлер дұрыс жауап бермейді. Не істейсін ол кітапты оқымай-ақ қойындар деп сөйлеседі бізбен. Мен ақылы түрде оқимын. Кітаптар жеткілікті болса екен деп армандаймын.Кітапхана қызметкерлері кішкене болсын дурыс қызмет корсетсе екен деп те армандаймыз!!! Осы маселе қарастырылса жақсы болатын еді, группамның атынан жазып отырмын. Сізге алдын-ала үлкен РАХМЕТ.

Ответ:

Құрметті Малика! Сіздің хатыңызды алдым,рахмет! Барлық ескертулеріңізді бүгін кітапханашылармен жиналыс жасап қарастырдық. Әрине ескертулер жасалынды. Сіз хатта көрсетілген биохимия кітабы жетіспейтініне келсеміз,бірақ ол кітаптың электрондық түрі жасалынған студенттердің сұранысы бойынша.Сізге қажет болса көшірмесін көшіріп бере аламыз. Бірақ КазНМУ студенттерінің тізімінен сізді таппадық.Өтініш кітапханаға келуіңізді сұраймын.Барлық  көкейлеріңізде жүрген сұрақтар болса бірігіп отырып шешуге тырысайық.






Назерке Садибекова

05 Jul 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Здравствуйте, в мае этого года закончила бакалавр специальности “медико-профилактическое дело”, кем я теперь могу работать, и поступать ли мне в резидентуру или машистратуру чтобы стать врачом эпидемиологом?! Помогите! нкм совсем плохо объясняли про нашу работу

Ответ:

                                                     Здравствуйте Назерке Садибекова!

          По завершении обучения в бакалавриате выпускник по специальности 5В110400-«Медико-профилактическое дело» допускается к самостоятельной практической деятельности в качестве специалиста по эпидемиологии, коммунальной гигиене, гигиене детей и подростков, гигиене труда, гигиене питания, по радиационной гигиене, вирусологии, бактериологии, паразитологии.

После окончания ВУЗа Вам присуждается степень бакалавр медико-профилактического дела по специальности 5В110400-«Медико-профилактическое дело» с присвоением квалификации специалист по гигиене и эпидемиологии.

Выпускник по специальности 5В110400-«Медико-профилактическое дело» имеет право продолжить дальнейшее обучение на магистратуре.

Декан факультета общественного здравоохранения,

медико-профилактического, сестринского дела и

менеджмента имени Х.Досмухамедова                                            К.Давлетов






Ажар Аяхановна

03 Jul 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:
Сәлеметсізбе ректор мырза,
менің қоятын сұрағым бүкіл қазақстандықтардың атынан деп оқысаңыз болад ,менің алдыңгы сұрағыма былай жауап жазғансыз “Студент биохимия пәні бойынша ақылы семестрге қалған жағдайда 108 сағаттың ақысын төлейді. ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы М.А.Камалиевтің 2017 жылғы 22 мамырдағы №262 бұйрығы бойынша бір академиялық сағаттың ақысы 856 тенге” Сонда, ол сабақ бір оқушы ушін оқылмайды гой,10-15 бала құлаған , әр кайсысы екі апталық оқуға 92448 теңгеден төлесе сонда мұгалімнің дәрісі 1000000 теңге тұра ма,не деген сұмдық ,қазақ елінің жастарының білім алуға деген құштарлығын басып отырған жоқсыздар ма, бұл тариф қандай есеппен белгіленген, осы төлем туралы тарифтеріңізді қайта қарастыруыңызды сұраймын, тағы да айта кететін мәселе шет елдік индустар көтеріліске шыкканнан кейін оларға неліктен мүмкіндік берілді, қазақ азаматтарына мүмкіндік неге берілмеді, болмаса оларда телевидение әкеліп шулатуы керек пе еді,

Ответ:

Құрметті Ажар Аюхановна!

Ақылы түрде қосымша білім беру қызметтерінің 1 академиялық сағатының құнына тек оқытушыға ғана емес, төленетін қаржы жазғы мерзімде, оқытушылардың еңбек демалысы кезінде атқаратын қызметіне, оқу-көмекші және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің еңбекақыларын төлеуге, сонымен университеттің материалдық-техникалық базасын толықтыруға жұмсалады.

Екінші сұрағыңызға келетін болсақ,

  • Көтеріліске қатысқан студенттердің барлығына Оқу үдерісінің ішкі ережесін өрескел бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. 9 студент Университеттен шығарылды. Қайта қайталанған көтерілістің қандай да мүшесін осындай тағдыр күтеді.
  • Апелляциялық комиссия наразы болған, өтініш берген студенттердің жұмыстарын тексеріп, қосымша балл негіздеме болмағандықтан қосылмады.
  • Жазғы семестрге жеңілдік берілмейді. Қазақстан студентіне болмасын немесе басқа елден болмасын, бұл ереже барлық студенттерге арналған.

 

Жалпы медицина факультетінің деканы                           Г.А.Шопаева

Халықаралық медицина факультетінің жауабы:

1)      Көтеріліске қатысқан студенттердің барлығына Оқу үдерісінің ішкі ережесін өрескел бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. 9 студент Университеттен шығарылды. Қайта қайталанған көтерілістің қандай да мүшесін осындай тағдыр күтеді.

2)      Апелляциялық комиссия наразы болған, өтініш берген студенттердің жұмыстарын тексеріп, қосымша бал негіздеме болмағандықтан қосылмады.

3)      Жазғы семестрге жеңілдік берілмейді. Қазақстан студентіне болмасын немесе басқа елден болмасын, бұл ереже барлық студенттерге арналған.