15 Feb 2013 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап
Вопрос ректору
От: Аброр Абдураимов <[email protected]>
Тема вопроса: От студента
Ассаумағалейкум Аканов Айкан Аканович! Мен Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Жалпы Медицина факультетінің 2 курс студентімін. 2008-2009 оқу жылдарында ҚазҰМУ да жалпы медицина факультетінің 08-011 топта оқыдым. Отбасылық жағдайға байланысты документтерімді өз қалауыммен алып кеткен едім.Мен қайтып университетке восстановиться ете аламба(ақылы түрде).Бирақ кейбір сабақтардан қарыздарым бар.Алдын ала рахмет!
Құрметті Аброр!
Сіз ақылы түрде қайта оқуға қабылданғыңыз келсе, емтихан сессиясынан кейін демалыс уақытында факультетіңізге қарасты деканатқа келіп өтініш жазасыз. Сондан кейін, оқу жұмыс бағдарламасы негізінде қай курсқа отырғызу керек екендігі анықталады.
15 Feb 2013 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап
Вопрос ректору
От: Ольга Бойко <[email protected]>
Тема вопроса: От студента
Здравствуйте. Я студентка 4 курса Карагандинского государстенного медицинского университета, хочу перевестись в Ваш ВУЗ. Ознакомившись с правилами перевода, размещенными на вашем сайте получается что я, как обладательница государственного гранта, имею право перевестись к Вам с сохранением гранта, но мне говорят что начиная с этого года это уже невозможно и грант теряется в любом случае. Поясните пожалуйста возможен ли перевод с сохранением гранта в ваш ВУЗ. Спасибо.
Здравствуйте, Ольга!
Вы можете перевестись в наш университет с сохранением образовательного гранта при наличии вакантных мест, и с согласия Министерства здравоохранения Республики Казахстан во время летних каникул. Перевод осуществляется на тот же курс, если разница в учебных планах составляет для бакалавриата не более пяти учебных дисциплин обязательного компонента.
15 Feb 2013 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап
Вопрос ректору
От: Асылбек Сейлов <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Құрметті,Айқан Ақанұлы!!!Менің сізге сұрағым осы 2013 жылға стоматология саласына қанша грант бөлінген,және оған без русский қанша балл жинау керек?
Құрметті Асылбек!
Мен сізге тек 2012 жыл бойынша мәлімет бере аламын, себебі 2013 жылда бөлінетін мемлекеттік білім гранттарының саны ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің шешіміне байланысты. 2012 жылы стоматология мамандығына 64 мемлекеттік білім гранты бөлінді.
Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, грантқа түсу баллының мөлшері 2013 жылғы ҰБТ нәтижесіне және талапкерлердің берген өтінішіне тікелей байланысты болатындықтан, нақты айту мүмкін емес.
Поисковые слова:
- 2013 грант саны
- 2013 жылғы гранттар
15 Feb 2013 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап
Вопрос ректору
От: Маржан Махмутова <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлематсыз ба,Айқан Аканұлы! Сізге Маңғыстау облысынан хат жолдап отырған ата-анамын. Менің қызым “Стомотология” бөлімінің 5-курсында оқып жатыр. Сабағы өте жақсы. Менің сұрайын дегенім 6-жылды, яғни интернатураны өз облысымызда өтуге мүмкіндік бола ма?
Құрметті Маржан Махмутова!
Бұл сұрақ жеке кездесуде шешіледі, өйткені екі жақты келісім-шарт жасалуы керек, интернатура өтетін орныңызды анықтау қажет, сондықтан барлық қажетті ақпаратты алу үшін стоматология факультетінің деканатына жолыққандарыңыз дұрыс (Студент өзі келіп ақпарат алуына болады).
15 Feb 2013 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап
Вопрос ректору
От: Әйгерім Рахым <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлеметсізбе Айкан Ақанұлы!Мен Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің 1 курс студентімін.Мен грант иегерімін. Бірақ менің арманым сіздердің университеттеріңізде оқу еді.Кешенді тестілеу тапсырып, 87 балл алдым.Сіздерге түсу үшін балым жетпеді.Әлі де сіздерде оқығым келеді. 1 курс біткенде сіздерге ауыссам деген ойым бар. Бұл мүмкін бе? Мүмкін болса дакументті кай уақытқа дейін тапсыру керек? Жаубыңызды күтем! РАХМЕТ!!!
Құрметті Әйгерім Рахым!
Басқа жоғарғы оқу орнына ауысу қысқы немесе жазғы емтихан сессиясынан кейінгі демалыс уақытында іске асырылады. Сонымен қатар, оқу жоспарындағы пән айырмашылығы міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаған жағдайда рұқсат етіледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 шілде 2012 жылғы № 463 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақ Ұлттық медицина университетінің 1 курсына барлық мамандықтар бойынша 1000 студенттен артық қабылданбайды, сондықтан да студенттердің басқа жоғары оқу орындарынан ауысуы тек бос орындар болса ғана және Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.