Сұрақ-жауап Archives - Page 2 of 361 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Сұрақ-жауап

Әсемай Есеналы

15 Aug 2022  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Сұрақ:

Саламатсыз ба.Мен биыл 122 балмен Ясауи университетіндегі жалпы медицинаға
ауылдық квотамен грантқа түстім.Мен 1 курсты өз универімде оқып. Қалған курстарды Асфендияров университетіне ауысып
жалғастырып оқуыма мүмкіндік барма? Және грант сақталып қалады ма?Қай кездерде ауысқан дұрыс?
Жауап күтемін

Жауап:

Құрметті Есеналы Әсемай, Сіз 1 семестрді сәтті аяқтағансоң қысқы демалыс аралығында  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ге ауыса аласыз.

Мемлекеттік грант сақталады, тек оқу құнының айырмашылығын төлейсіз, басқада сұрақтарыңыз болса +77004898996 тел. номеріне хабарласуыңызға болады, ізгі ниетпен декан орынбасары Тагирова Рима Толеухановна!





Өтегенова Аружан

22 Dec 2021  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Сұрақ

Сәлеиетсізбе құрметті Талғат Нурғожин мырза! Мен Өтегенова Аружан ЖМ13-2 группасының студенті боламын. Оқу жылының басында мен АҚШ танымал сайтына өзімнің Хирургия саласына байланысты (article) статьямды жазған болатынмын. Статьямды Дубай елінің танымал хирургиялық орталығы оқып, жақсы әсер алып мені Спикер ретінде Дубайда өтетін Халықаралық конференцияға шақырды. Конференцияда ағылшын тілінде спикер боламын. 2 апта бұрын мен ЖМ деканы Слу Х. Университет тарапынан ақшалай көмекке хат жазған болатынмын. Хабар жоқ! Сіз жиналыста “жастарды барынша қолдауға дайынбыз” – деп айтып едіңіз. Осы бойынша маған көмек көрсете аласызба? Дубай еліне барып, универіміздің, халқымыздың данқын көрсетуге дайынмын.

Құрметпен Өтегенова Аружан.

Жауап:

Құрметті Аружан! Сіздің  2022 жылдың 18-19 сәуір аралығында Дубайда өтетін «Хирургия және анестизия бойынша халықаралық конференцияға» қатысуыңызға Университет тарапынан жол ақыңызды төлеп беру мүмкіндігін қарастыратындығымызды  Сіз деканатқа келгеніңізде  айтқан болатынбыз. Конференцияға қажетті қаражат соммасы есептеп  жалпы медицина-1 мектебінің 2021-2022 оқу жылына арналған қаржылық сметасына енгізілуін қарастырамыз.






Алия Мендикуловна

04 Jun 2021  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Сұрақ

Құрметті Талғат Сейтжанұлы!
Сізге сіз басқарып отырған жоғары оқу орнының 5 курс студенті Акпанова Мадина Сабитқызының анасы Алия Мендіқұлқызы жазып отыр.
Менің қызым 2,3,4 курстарда әкесінің кайтыс болуына байланысты 15 % жеңілдік алып келді. Биылғы оқу жылында ,яғни 5 курста осы алып келе жатқан жеңілдікті ала алмай қалып отырмыз. Себебі қызымның айтуы бойынша (қасында дос қызы болған) документтер тапсырылған,ал бірақ комиссиядан документтер өтпей қалған. Мен 15 % жеңілдікті есептеп толық соманы төлеп койғам. Енді жеңілдік сіздерге жоқ өйткені кеш қалдыңыздар деп,тугел төлеуімізді өтініп қызымды Гос.экзамен тапсыруға жібермеді.
Мен 2 қызды жэне әкесі кайтыс болған (ұлым)1 немеремди асырап отырган анамын. Сізден өтініш,бізге тағы да құжаттарды тапсырып жеңілдік алуымызға көмектесип қызымды экзамен тапсыруға рұқсат алып беруіңізді өтінемін.
Ізгі ниетпен Алия Мендикулкызы.

Жауап:

Құрметті  Алия Мендикулкызы!

С.Д.Асфендиярова  атындағы  Қазақ Ұлттық медицина университеті   ақылы  бөлімінде  оқитын студенттерге  берілетін   университеттің 09.12.2019 №10   Басқарма  кеңесінде  бекітілген оқу ақысына  берілетін  жеңілдіктерге  құжат  2020-2021 оқу жылына   екі  мәрте  жиналады,  қыркуйек және қаңтар айында   студентттерден өтініш қабылдап, құжаттары жиналып, қарастырылып  шешімі шығады. Егер  осы уакытта  құжат өткізбеген  болсаңыз,  университет өз  тарапынан  жеңілдік  бере алмайды.  Жалпы медицина-2 мектебінің  5-ші курсында оқитын  қызыңыз – Акпанова Мадина Сабитқызы – оқу ақысының берілетін жеңілдігіне уақытылы өтініш білдіріп, құжаттарын мұқият  тапсырмаған.  Егер  оқу  ақысын   төлемеген жағдайда Университетпен бекітілген келісім шартына байланысты, сол шарттын орындалмауынан студент Мемлекеттік емтиханға жіберілмейді.






Амирова Еркежан

12 May 2021  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Саламатсыз ба Талгат Сейтжанұлы! Мен Амирова Еркежан Мажитовна 2009 жылы мектеп бітіріп, “санитар дәрігері” мамандығы түскім келген, алайда Университет қызметкерлері қазір ол мамандықтың жоқ екендігін, және олның орнына жаңа мамандық “Қоғамдық денсаулық сақтау” ашылғанын, болашақта эпидемиолог болып жұмыс жасағысы келетіндер, осы мамандықты бітірген соң жұмыс жасай алатынын түсіндіріп айтқан болатын. Ойлана келе, мен сол жылы КазҰМУ-не “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығына грантқа түсіп, 2014 жылы аталған оқуды бітірдім. Дипломымда “Қоғамдық денсаулық сақтау” бакалавры академиялық дәрежесі берілді деп жазылған.(Диплом номері ЖБ-Б №0735959) 2014 жылы ҚДСЖМ-не (ВШОЗ) “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2015 жылы “Қоғамдық денсаулық сақтау” магистрі дәрежесі берілді.(Диплом номері ЖООК-М №0107908). 2015 жылы туған жерім Жамбыл облысы ,Жуалы ауданы, Жуалы аудандық орталық ауруханасына эпидемиолог дәрігері болып жұмысқа орналастым. Қазіргі таңда 2 дәрежелі, эпидемиолог дәрігерімін. (Құжаттарымның барлығы бар.) Алайда, ауруханамыздың экономисті, облыстық экономисттердің нұсқауымен сәуірдің 29-ы күні, ауруханада қызмет атқаратын Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығын бітірген мамандарды (эпидемиолог дәрігерлер мен статистик дәрігерлер) жинап 2015 ж 28 желтоқсандағы №1043 бұйрық бойынша сіздер В2 категориясынан В3 категориясына,яғни орта буын қызметкерлер қатарына түсесіздер, сіздер дәрігер емес жай мамансыздар деген себеппен айлығымыздың бір бөлігін ұстап қалды. Мұндай жағдай 2019 жылы қазан айында болып, әріптестеріміз сол кездегі ДС министрі Е.Біртановтың блогына хат жазып, хатта №791 бұйрыққа (қазіргі №305) сәйкес сіздер, жоғары білім бар қоғамдық денсаулық сақтау маманы (дәрігер статист, дәрігер-эпидемиолог) В2 блогына жатасыздар деген жауап алып, айлығымызды қайта қосқан болатын. 2020 ж 21 желтоқсандағы ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы 8 тарауы 16 тармақшасында Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері немесе маман (эпидемиолог, валеолог, әдіскер, статистик) деп, және 10 тарауда біліктілікке қойылатын талаптар бойынша Дәрігер эпидемиолог болып “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығын бітірген азаматтар жұмыс жасай алады делінген. Жоғарыда айтылған менің жағдайымды ескеріп, маған ҚДС мамандығын бітірген түлек “эпидемиолог дәрігері” қызметін атқара ала ба және “дәрігер” атала аламын ба және бізді орта буын қызметкерлері қатарына қосу орынды ма ара жігін ажыратып, жазбаша түрде жауап беруңізді өтінемін.

Ответ:

Құрметті Амирова Еркежан Мажитовна!

Денсаулық сақтау министрлігінің №305 21.12.2020ж  бұйрығының 10 тарауы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері немесе маман (эпидемиолог, валеолог, әдіскер, статистик) деп, және біліктілікке қойылатын талаптар бойынша эпидемиолог маманы болып «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығын бітірген азамат ретінде жұмыс істей аласыз.
Орта буын қызметкерлері қатарына қосу туралы шешімді сіз жұмыс істеген мекеме қабылдаған. Бұл сұраққа өзіңіз ДС министрі Е.Біртановтың блогына жазған хатқа №791 бұйрыққа (қазіргі №305) сәйкес сіздер, жоғары білім бар қоғамдық денсаулық сақтау маманы (дәрігер статист, дәрігер-эпидемиолог) В2 блогына жатасыздар деген жауап алғансыз.






Бекболат Сұлтан

24 Apr 2020  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Сұрақ:

Сәлеметсізбе! Мен Сұлтан Бекболат, Қызылорда Мед.Колледжінің 4 курс студенті. Бітірген соң сіздерге ақылы бөлімге Стомотология мамандығына түскім келеді. Маган ЕНТ тапсыру міндетті ме?

Жауап:

Сәлеметсіз бе!

«Стоматология» білім беру бағдарламасына түсу үшін міндетті түрде 5 пән бойынша ҰБТ тапсыру қажет. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минисрлігінің 2018 жылғы № 600 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» туралы бұйрығының негізінде ҰБТ нәтижесі бойынша –«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

Сонымен қатар, кез-келген медициналық университетте психометриялық емтихан тапсыру керек.

Жыл сайын университет ақылы бөлімге түсуге үміткерлер үшін ең төменгі өту балын белгілейді. 2019 жылы ол 70 балл болды. 2020 жылғы ақылы бөлімге өту балдары әлі бекітілген жоқ.

Барлық сұрақтар бойынша Сз университеттің қабылдау бөлімімен хабарласа аласыз: электрондық пошта: [email protected].

Телефон: 8 (727) 338-70-27.

Барлық тиісті ақпарат университеттің www.kaznmu.kz веб-сайтында және әлеуметтік желілерде көрсетіледі.