Фархат Кадир
30 Oct 2014 | Опубликовано в Сұрақ-жауап
Вопрос ректору
От: Фархат Кадир <[email protected]>
Тема вопроса: Бухгалтерия
Вопрос:
Құрметті Аканов Айкан Аканович сізге қояр сұрағым маған қыркүйек айының степендиясы түспей жатыр .Бүгін қазан айының 12- ші күні. Ал степендия жоқ! Неге мұншалықты кешіге беру себебін айтсаңыз екен? Уақытыңызды бөлгеніңіз үшін көп рахмет!
Жауабы:
Сәлеметсіз бе Фархат! Сіздің 2014 жылдың 12 қазанындағы сауалыңызға орай, төмендегідей ақпаратты ұсынамыз:
Сіздің сауалыңың техикалық сипаттағы мәселелерге байланысты туындап отыр. Өйткені, шәкіртақы төлеу барысындағы қолданылатын 1С-бухгалтерия бағдарламасы стандарттық емес, яғни тізім бойынша 10 студент шәкіртақы төлеу барысында автоматты түрде енгізілмейді (бағдарламашыларға тапсырма берілді). Алдағы уақытта осындай жағдай қайталанбас үшін Сіздің аты-жөніңіз «қолмен енгізіледі».
Қыркүйектің шәкіртақысы 13 қазанда жіберілді, бухгалтерия мұндай жәйт алдағы уақытта қайталанбайтынына кепілдік береді.
_ _ _