Олжас Бекбергенов
19 Aug 2014 | Опубликовано в Сұрақ-жауап
Вопрос ректору
От: Олжас Бекбергенов <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Вопрос:
Қайырлы күн! Мен Астана Медицина Университетінің медико профилактикалық ісі мамандығын 1 курсын аяқтадым. Осы жылы сіздерге стомотология мамандығына ауысқым келеді. Мені ақылы бөлімге қабылдайсыздарма?
Ответ:
Құрметті Олжас Бекбергенов!
Сіздің қойған сұрағыңызға жауап:
Білімді ұйымдастыру типі бойынша ауысу және қайта орналасу ережесіне сай:
1. Ауысу жазғы және қысқы демалыс уақытында, ауысу туралы өтініш берілгеннен кейін жүргізіледі
2. Ауысу барысында, өтелген пәндер негізінде ағымды сабақ жоспарының пәндерімен академиялық айырмашылық (егер оқу жоспарындағы айырмашылық 5 пәннен аспаған жағдайда) ескеріледі.
3. Басқа ЖОО-нан студенттер тек қана ақылы бөлімге ауыстырылады. Сонымен қатар, студент үлгерімі үздік және жақсы болуы шарт ( 3 деген бағасы бар студенттер қабылданбайды). ҰБТ мен кешенді тестілеу сертификаты 60 баллдан төмен болмау керек.
Басқа сұрақтарыңызбен стоматология факультетінің деканатына тікелей хабарласуыңызға болады.
Конт.тел: 8 (727) 338 70 35
8 (727) 338 70 34
8 (727) 338 70 33
_ _ _