Айман Жуманова
21 Nov 2014 | Опубликовано в Сұрақ-жауап
Вопрос ректору
От: Айман Жуманова <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Вопрос:
Cәлеметсіз бе! Менің сізден сұрайын дегенім: менің сіңілім Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде жалпы медицина бөлімінде (1 курс) грантта оқиды, 1 семестрден кейін сіздердің оқу орындарыңызға грантқа ауыса алады ма? Ауысудың қандай жолдары бар?
Ответ:
Құрметті Айман!
Сіздің сіңіліңіз Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне ауысатын болса мемлекеттік білім грантынан айырылады. Өйткені, білім алушы басқа ЖОО-нан ұлттық университетке ауысқан кезде тек ақылы бөлімге қабылданады. Ұлттық университетке ауысу үшін білім алушының үлгерімі жақсы және үздік болу керек, ҰБТ немесе КТ сертификатының балы 60-тан жоғары болу керек. Біздің университетке тек жазғы демалыс күндерінде ғана ауысуға болады. Өйткені, 1 курстан бастап оқу бағдарламасы циклдық жүйе бойынша жүргізіледі. Сәйкес курсқа қабылдану үшін оқу бағдарламасындағы айырмашылық негізгі компоненттің 5 пәнінен аспау керек.
_ _ _