Құрметті достар!

Менің жеке блогыма қош келдіңіздер. Бұл университет ректорына тікелей жүгінуге арналған байланыс арнасы. Әрбір сұрақ өңделеді және ескеріледі, бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмайды. Біз ЖОО студенттерімен, оқытушыларымен және қызметкерлерімен диалогқа ашықпыз. Сіздермен жемісті ынтымақтастыққа үміттенемін!

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданымды, хабарламаны, ұсыныстарды, үн қатуларды, сұрауды қарау мерзімі келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілген мерзім дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігіне орай ақылға қонымды, екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтінім берушіге мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 91-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды.
Электрондық өтініштерді, шағымдарды, хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қатуларды, сұрауды қабылдау Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен айқындалған өтініштерді, шағымдарды, хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қатуларды, сұрауды қабылдау үшін ғана арналған.

Гулим Торемахан, Сымбат Кадирова, Анел Енбекшилова

22 Dec 2022  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Сұрақ:

Құрметті Шоранов Марат Едігеұлы, біз С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-і Жалпы Медицина факультетінің 3 курс студенттеріміз. Біз сізден 3 курс студенттерінің атынан үндеу жариялағымыз келеді, яғни, біз өзіміздің денсаулығымыз бен қауіпсіздігімізге алаңдаудамыз. Қаламыздың басқа да жоғарғы оқу орындары студенттерінің қауіпсіздігі үшін оқыту бағдарламасын онлайн форматқа өзгертіп жатыр, барлығын өз үйіне қайтарып жатыр. Оның үстіне қаңтар оқиғасындағыдай жағдай қайталанады ма деп алаңдаймыз. Себебі 2022 жылғы қаңтарда болған оқиға кезінде университет басшылығы тақалған кезде ғана шешім шығарған болатын, ал студенттер үйге қайта алмай қалған болатын. Қаладан ұшақ ұшпай, пойызға билеттер қалмай қалған еді. Сол жағдай да қайталанады ма деп алаңдаймыз. Сіздерден оң шешім күтеміз, студенттеріңіздің қауіпсіздігі мен денсаулығын бірінші орынға қояды деп үміттенеміз. Оның үстіне Білім және Ғылым министрі Саясат Нұрбектің айтуы бойынша “Емтиханның өту форматын студенттер өздері бір ауыздан таңдауға құқылы”. Осылардың барлығын ескеріп оң шешім шығарасыздар деп үміттенеміз, құрметті университет басшылығы!

Ізгі ниетпен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Университеті Жалпы Медицина факультетінің 3 курс студенттері.

 

Жауап:

Сіздердің сұрақтарыңызға жауап бере отырып, Қазақстан Республиканың Білім және ғылым министрінің №137 бұйрығына сәйкес: «Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде), төтенше жағдайлар жарияланған жағдайда қашықтықтан оқыту барлық білім алушыларға Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың білім беру бөлімінің бұйрығы негізінде ұйымдастырылады».

Аталған бұйрыққа сәйкес, Алматы қаласының білім беру бөлімінің бұйрығы болмағандықтан, С.Ж. Асфендиаров атындағы ҚазҰМУ-нің Басқарма төрағасы – Ректордың 01.09.2022ж. №418 бұйрығымен  2022-2023 оқу жылына бекітілген Академиялық саясатқа сәйкес, «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс білім алушылары 2022-2023 оқу жылының қысқы аралық бақылауды бекітілген емтихан кестесіне және академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі.

АЛҒЫС

20 Dec 2022  |  Опубликовано в Алғыс

Мен 2 озгеше баланын анасымын. Еки балама да кохлеарный имплант салынды.Операция сатти отти. Казирги кезде балаларымнын жагдайы жаксы, сол ушин Айгул Рахмановнага  жане лор отделениеге алгысым шексиз. Айгул Рахмановна сиякты врачтар коп болсын. Айгул Рахмановна сизге денсаулык, жумысынызда улкен белестерди багындырып журе бериниз.

Айгерим Ниязова

АЛҒЫС

01 Dec 2022  |  Опубликовано в Алғыс

Саламатсыз ба,ағай!Менің қазір жағдайым жақсы,төсек алдым.Бөлмеде жылу жақсы.Көңіл бөліп қарағаныңызға көп рахмет!

Дінмұхаммед Дюсекбаев

30 Nov 2022  |  Опубликовано в Алғыс

Сәлеметсізбе Шоранов Марат Едігеұлы.

Мен 8 жатақхана студентімін,сіздің тікелей нұсқауыңызбен 8 жатақханада кинозал ашылып жұма,сенбі күндері  жұмыс жасап тұр.Студенттерге осындай мүмкіндік бергеніңізге үлкен рақмет!!

Сонымен қатар 29-шы қараша күні уәде еткен төсектеріңіз келді.Бірінші матрацта жатқан студенттерге,содан соң раскладушкада жатқан студенттерге таратылды.(Жерде жатқан студенттер жоқ!)

Жылу  бойынша айтар болсам 28-ші қараша күні қайта қалпына келтірілді.

Алғыс

30 Nov 2022  |  Опубликовано в Алғыс

Сәлеметсіз бе Шоранов Марат Едигеевич ! Мен Турсунали Айгерім Орынбасарқызы СПУ-дың барлық жатақхана бойынша студенттік кеңестің жетекшісімін, сіздерге барлық студенттердің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Қазіргі жатақхана жағдайы алдыңғы жылға қарағанда өте керемет . Мысал ретінде жақында келген теледидар , төсектер және тумбочкаларды айта аламыз.

Жалпы медицина мектебі

19 Sep 2022  |  Опубликовано в Алғыс

Әрі қарай ұстазымыз Софья Умаровнага арнап өз тілімізде көңілімізді тағы білдіргіміз келеді!
Таң қалуға бір ақ сәт жетеді , ал таңғалдыру бір ғұмырдың жұмысы -демекші, өзінің біліктілігімен, шеберлігімен мамандығына бар ғұмырын арнаған Софья Умаровна да бізді өз біліктілігімен таң қалдырды. Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға -дегендей Софья Умаровна медицина ғылымдарының кандидаты,доцент ғана емес нағыз ұстаз десеқ қате болмас. Себебі тек кәсіби тұрғыда ғана емес өмірлік бағыт, бағдар көрсетіп үлгі бола білді. Қара суда қаймақ болмайды,хас шеберде оймақ болмайды ол рас оймақсыз ақ науқастардың ойынан шығып, тереңдегіні көретін осы кісіге тән қасиет.
Осындай қажырлы еңбегі үшін Софья Умаровнага алғысымыз шексіз!

Арайлым Амангелды

15 Sep 2022  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Сұрақ:
Мен,Амангелді Арайлым Манасқызы,Тфп19-17-01 группасында оқыған,қазір Тфп20-11-01 группасында қайта оқу жылына қалған студентпін.
Құрметті Шоранов Марат мырза!
Мен 2021-2022 жылғы оқу жылының екінші жартысында сабаққа уақытылы қатыспағаным үшін кредиттарымның көптігінен келесі оқу жылына қалу туралы өтініш жіберген болатынмын.
Бірақ қарыз сабақтың екі пәнінен мені мәжбүрлі түрде қалдырды
Ветеринария және химия пәндерінен қалдырды.
Мені келесі жылға өткізбейміз дегенмен,мен жазғы семестрда оқу туралы өтініш білдіріп қарызымды өтеу үшін төлеп оқуға мүмкіндік сұрадым.Отбасымыздағы келеңсіз жағдайдың кесірінен(атамыздың қайтыс болуы)мен емтиханына қатыса алмадым.Қатысу үшін мүмкіндік сұрап келгенімде менің өтінішім қабылданбады.Медициналық справкамды да қабылдамады.
Сіздің көмегіңіз мен үшін өте маңызды.
2022-2023 жылғы оқу жылында мені 4 курсты ақылы түрде аяқтауыма мүмкіндік беруіңізді өтінемін!

Жауап:

2021/2022 оқу жылында Амангелді Арайлым Манасқызы В072-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру гранты негізінде 3 курста білім алды.

Аталған оқу жылының қорытындысы бойынша төмендегі пәндерден барлығы 28 ECTS көлемінде академиялық қарыздары болды:

Пән атауы Кредит саны (ECTS)
1 Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы 3
2 Фармацевтикалық технология негіздері 4
3 Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы 5
4 Гомеопатиялық құралдар технологиясы 5
5 Ветеринариялық дәрілік формалардың технологиясы 5
6 Парафармацевтикалық өнімдер технологиясы 6

«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректорының 01.09.2021 жылғы №461 бұйрығымен бекітілген 2021-2022 оқу жылына арналған Академиялық саясатының 5.6  тармағының 1 тармақшасына сәйкес жоғарыда көрсетілген академиялық қарыздарды жою мақсатында 18.06.2022 ж. төмендегі пәндерді жазғы семестрде ақылы түрде қайта оқуға өтініш берді («Жазғы семестр туралы» №1237 бұйрық, 20.06.2022 ж.):

Пән атауы Кредит саны (ECTS)
1 Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы 3
2 Фармацевтикалық технология негіздері 4
3 Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы 5

Жазғы семестр қорытындысы бойынша «Фармацевтикалық технология негіздері» пәнін «қанағаттанарлық» (65 (С-)) бағаға тапсырды. Ал «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы» және «Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы» пәндеріне сабаққа себепсіз қатыспағандықтан емтихан тапсыруға жіберілмеді. Шілде айында денсаулығына байланысты ауырғандығы туралы медициналық анықтама жалған болғандықтан университеттің профессорлық клиникасы растаудан бас тартты (анықтамаға университет клиникасы «Справка липовая. Отказать!» деп жазып берді).

Жазғы семестр аяқталғанда білім алушы Амангелді Арайлым Манасқызында 5 пәннен 24 ECTS (оның ішінде 8 ECTS пререквизиттік пәндерден)  академиялық қарызы болды.

Академиялық саясаттың 7.6 тармағы 3) тармақшасына сәйкес білім алушы Амангелді А.М. академиялық қарызы 12 ECTS астам болғандықтан білім беру грантынан айырыла отырып, ақылы негізде қайта оқу жылына қалдырылды (Курсты қайталап оқу туралы №1682 бұйрық, 08.08.2022 ж.).

2022-2023 оқу жылынан бастап жеке оқу жоспары бойынша “Курсты қайталап оқуға кірісу» туралы №2189 бұйрық (27.08.2022 ж.) негізінде           3 курсты ақылы негізде қайталап оқуға кірісті.

Білім алушының өтінішіндегі «2022-2023 жылғы оқу жылында мені     4 курсты ақылы түрде аяқтауыма мүмкіндік беруіңізді өтінемін» деген жазбасына жауап ретінде  3 курстың оқу материалдарын толық меңгеріп      4-курсқа көшпегендіктен 2022-2023 жылында университетті аяқтау мүмкіндігі жоқ  екендігін ұсынамын.

Ертөстік Божбанбай

13 Sep 2022  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Сұрақ:
Саламатсызба. Мен Астана медицинскалық университеттің педиатр мамандығын 1 курс оқушысымын, грант та оқимын. Сұрағым: осы жылы КазНму ға педиатрия мамандығына грант ты сақтап ауыса аламын ба? Қыстық демалыста

Жауап:
Сәлеметсіз бе!
1.басқа ЖОО-дан ауысу ЖОО-ның академиялық саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
2.каникул кезеңінде
3. сізден тікелей деканның академиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Кегенбаева Гүлжан Бакыткерейқызына жүгінуіңізді сұраймын 87773706698, жұмыс уақыты: сағат 8.30-18.00 (түскі үзіліс сағат 12.30-14.00)