Меруерт Жумасилова
14 Feb 2017 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос:
Саламатсыз ба, Нургуль Калиевна! Сизге кояр сурагым: грант болиминде окитын интерндерге (6 курс) академиялык узилис алуга боладыма? Егер болса кандай шарттар бойынша алуга болады? Академ. узилистен кейин грант сакталады ма? Алдын ала Рахмет!
Ответ:
Құрметті Меруерт Жумасилова!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары бұйрығы 4 тармағы бойынша
Білім алушыға академиялық демалыс мынадай:
1) сырқатына бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрДКК)қорытындысы;
2) ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ОДКК) қорытындысы;
3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде;
4) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда 3 жасқа толғанға дейін беріледі.