Балжан Азимханова
23 Dec 2014 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос ректору
От: Балжан Азимханова <[email protected]>
Тема вопроса: От студента
Вопрос:
Құрметті Аканов Айкан Аканович!
Мен Азимханова Балжан Сейтбекқызы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының “фармация” мамандығы бойынша 3 курс студентімін. Биыл көктемде сіздердің ұйымдастыруларыңызбен өткен “Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат-Бір мүдде- Бір болашақ”-атты Республикалық “II МедЛИГА” пікір талас турниріне қатысып 3 орынды жеңіп алдым. Турнир барысында сіздердің университеттеріңізбен, студентеріңізбен таныстым. Сол сәттен бері мен сіздерде студент болуды армандап жүрмін. Өзім мемлекеттік грант иегерімін, осы грантты сақтай отырып сіздерге а
уыса аламын ба? Назар салып оқығаныңызға ракмет!!!
Ответ:
Сәлеметсіз бе Балжан Азимхановна !
Сіздің ыстық лебізіңізге алғыс білдіремін. Өкінішке орай Сіз ҚазҰМУ-нің фармацевтика факультетінің ақылы бөліміне ауыса аласыз, грантыңыз сақталмайтынын ескертемін. Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқып, білім және тәжірибелік дағдыларыңызды жетілдіруіңізге болады.
_ _ _