Ғазиза Мұрат
27 Jun 2012 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос ректору
От: Ғазиза Мұрат <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Саламатсыз ба, Айқан Ақанович. Биылғы жылғы төлемақы “қоғамдық медицинаға” қанша болады? Және грантқа бірінші семестрден кейін ауысу үшін не қажет? Грантқа ауысу үшін ата-ананың жұмыссыздық құжаты және оралман куәлігі әсер етеді ме?
Ответ:
Саламатсыз ба, Ғазиза! ҚазҰМУ Ректорының 04. 07.11 жылдың№ 462Бұйрығына сәйкес (негізі – «ҚР Үкіметінің 04.03. 2011 ж. № 232 «2011-2012 оқу жылына жоғары оқу орындарында дайындыққа мемлекеттік білім беру тапсырысты бекіту… » Қаулысы) медицина мамандықтарына жылдық оқыту ақысы 770 мың теңге болды.2012-2013 оқу жылына ақысы ҚР Үкіметінің жаңа Қаулысымен бекітіледі.
Сабақтан қалмай, тек үздік оқысаңыз, гранттар босаған жағдайда, Білім және ғылым Министрлігінің рұқсаты арқылы грантқа ауысу мүмкін.
_ _ _