Райхан Айт-Базар
10 Jul 2015 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос:
Сәлеметсіз бе,Айкан Аканович! Мен ЖМ факультетінің 2-курсын бітірдім. 2 жылдық оқу үлгерімім жақсы, барлық сабақтарымды А және -А оқып,жоғары степендия алып келемін. Сізден білейін дегенім,президенттік степендияға мүмкіндігім бар ма және ол үшін қандай көрсеткіштерге көңіл бөлінеді? Рахмет!
Ответ:
Құрметті Райхан!
Сіздің 02.07.2015ж жазған сұрағынызға жауап ретінде төмендегі ақпаратты ұсынамыз:
Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесінің (№136 07.04.2011ж ҚР БжҒМ бұйрығы) 5-ші пунктінде төмендегідей түсініктеме берілген:
Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
_ _ _