03 Jul 2017 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап
Вопрос:
Сәлеметсізбе ректор мырза,
менің қоятын сұрағым бүкіл қазақстандықтардың атынан деп оқысаңыз болад ,менің алдыңгы сұрағыма былай жауап жазғансыз “Студент биохимия пәні бойынша ақылы семестрге қалған жағдайда 108 сағаттың ақысын төлейді. ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы М.А.Камалиевтің 2017 жылғы 22 мамырдағы №262 бұйрығы бойынша бір академиялық сағаттың ақысы 856 тенге” Сонда, ол сабақ бір оқушы ушін оқылмайды гой,10-15 бала құлаған , әр кайсысы екі апталық оқуға 92448 теңгеден төлесе сонда мұгалімнің дәрісі 1000000 теңге тұра ма,не деген сұмдық ,қазақ елінің жастарының білім алуға деген құштарлығын басып отырған жоқсыздар ма, бұл тариф қандай есеппен белгіленген, осы төлем туралы тарифтеріңізді қайта қарастыруыңызды сұраймын, тағы да айта кететін мәселе шет елдік индустар көтеріліске шыкканнан кейін оларға неліктен мүмкіндік берілді, қазақ азаматтарына мүмкіндік неге берілмеді, болмаса оларда телевидение әкеліп шулатуы керек пе еді,
Ответ:
Құрметті Ажар Аюхановна!
Ақылы түрде қосымша білім беру қызметтерінің 1 академиялық сағатының құнына тек оқытушыға ғана емес, төленетін қаржы жазғы мерзімде, оқытушылардың еңбек демалысы кезінде атқаратын қызметіне, оқу-көмекші және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің еңбекақыларын төлеуге, сонымен университеттің материалдық-техникалық базасын толықтыруға жұмсалады.
Екінші сұрағыңызға келетін болсақ,
- Көтеріліске қатысқан студенттердің барлығына Оқу үдерісінің ішкі ережесін өрескел бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. 9 студент Университеттен шығарылды. Қайта қайталанған көтерілістің қандай да мүшесін осындай тағдыр күтеді.
- Апелляциялық комиссия наразы болған, өтініш берген студенттердің жұмыстарын тексеріп, қосымша балл негіздеме болмағандықтан қосылмады.
- Жазғы семестрге жеңілдік берілмейді. Қазақстан студентіне болмасын немесе басқа елден болмасын, бұл ереже барлық студенттерге арналған.
Жалпы медицина факультетінің деканы Г.А.Шопаева
Халықаралық медицина факультетінің жауабы:
1) Көтеріліске қатысқан студенттердің барлығына Оқу үдерісінің ішкі ережесін өрескел бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. 9 студент Университеттен шығарылды. Қайта қайталанған көтерілістің қандай да мүшесін осындай тағдыр күтеді.
2) Апелляциялық комиссия наразы болған, өтініш берген студенттердің жұмыстарын тексеріп, қосымша бал негіздеме болмағандықтан қосылмады.
3) Жазғы семестрге жеңілдік берілмейді. Қазақстан студентіне болмасын немесе басқа елден болмасын, бұл ереже барлық студенттерге арналған.
30 Jun 2017 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ
Вопрос:
Салематсыз ба! Менин балам, осы жылы ЕНТ тапсырып 79 бал алды,енди кужаттарын сиздин КАЗНМУ га ,стомотология мамандыгы бойынша тапсырайын десек,профильди предметтерден 15 балдан кем болмау керек дейди, бизде биология 26 бал,химиядан 12 бал,енди не истеримизди билмей отырмыз.Акыл кенес беринизши.Мумкун сиздерде бир озгеристер болып калама,соны билеин деп едим.
Ответ:
Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін жоғары аталған баллдарға ие болу абзал. Таңдау пәндерінің біреуінен көрсетілген баллдардан кем жинасаңыз, сізде тамыз айында қайтадан Кешенді Тест өтуге мүмкіндігіңіз бар, алайда ол тест нәтижелері бойынша сіз ақылы бөлімге ғана қабылдана аласыз.
Қабылдау ережелерін Білім беру және Ғылым министрлігі бекітеді, егер ол ережелерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, таңдау пәндер бойынша табалдырық баллдары төмендетілсе, сізде конкурсқа қатысуға мүмкіндік болады. Ережелерге өзгертулер енгізу біздің құзіреттілігімізге жатпайды.
29 Jun 2017 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ
Вопрос:
Салеметсиз ба?Мен 2017 жылдын тулегимин,Убтдан 102 балл алдым.Биология жане химия пандерин тандадым.Сурайн дегеним жалпы медицина факультетине тусе аламын ба
Ответ:
Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина», «Фармация» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілеріқабылданады. Білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін жоғары аталған баллдарға ие болу абзал. Оқуға түсу-түспеуіңіздің мәселесі конкурс кезінде шешіледі.
29 Jun 2017 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ
Вопрос:
Саламатсыз ба,менің сізге қоятын сұрағым мынандай : Егер эгзаменнен өте алмай пересдачаға қалса ол оқудың ақысы неше болад, биохимия сабағы 3 апталық, ол ақы қалай төленеді , студент санына бөліне ме.
Ответ:
Құрметті Ажар Аюхановна!
Егер студент емтиханнан өте алмаса, келесі академиялық мерзімде немесе жазғы қосымша ақылы семестрде сол сабағының оқу бағдарламасын толық орындап, емтихан тапсырады. Биохимия сабағы оқу бағдарламасы бойынша 162 сағат, оның ішінде 54 сағат – студенттердің өзіндік жұмысы, 108 аудиториялық сағат. Студент биохимия пәні бойынша ақылы семестрге қалған жағдайда 108 сағаттың ақысын төлейді. ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы М.А.Камалиевтің 2017 жылғы 22 мамырдағы №262 бұйрығы бойынша бір академиялық сағаттың ақысы 856 тенге.
29 Jun 2017 |
Опубликовано в
Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ
Вопрос:
Салеметсіз бе! Сыныптасымның Жалпы балл 65тен асқан. Бірақ бір таңдау пəн 14 болса. ақылы түрде оқуға түсе алама
Ответ:
Саламатсыз ба, Гүлсім! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Ақылы оқуға түсу үшін сізде тағы бір мүмкіндік бар: 1-8 тамыз аралығында екінші КТ қатысу үшін өтініш қабылданады.