Вопросы-ответы Archives - Страница 39 из 419 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Вопросы-ответы

Анонимно Аноним

16 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:

Құрметті Талғат Сейітжанұлы! Сізден сұрайын дегенім қызым 4курс-та терапия блогын бітіргендер апеляцияга беріп еді. Неге нақты жауабы берілмей жатыр. Өтініш сізден осыны қарастырынызшы, біреулер үшін маңызы жоқ шығар стипендия мен баллдың…Бірақ сол 20мынга менің қызым күнін көретін.Қолға алып нақты жауабын береді деген үміттемін.

Жауап:

Құрметті ата — ана!

4 курс Жалпы медицина мектебінің студенттерінің берілген аппеляциясы бойынша, екі бағытта комиссия құрылды. Оқу бағдарламасы комитетімен бірлескен пәндік комиссия сарапшылармен және тәуелсіз тестолог сарапшылар қарастырды. Аппеляциялық комиссиясының шешімі бойынша I — этапқа 70 студентке, II- этапқа -2 студентке қанағаттанарлық шешім шығарылды. Жалпы қорытынды бағасы орташа алғанда 2 балға көбейді, 75% — дан төмен қорытынды бағамен студенттер саны 45 — тен 39- ға дейін төмендеді, ал 75% — дан жоғары баға алған студенттер саны 27 -ден 33- ке дейін көтерілді. Аппеляциалық қорытынды нәтижесімен «Жалпы медицина» мектебінің деканатынан танысуға болады.






Батыржан Хатамов

14 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:
Сәлеметсізбе. Құрметті Талғат Сейітжанович. Меніңаты жөнім Батыржан Бахадирович. Мен Астана Медицина Университетінен 2014-жылы май айында отчисления болғанмын. Сіздің Университетіңізге мені оқуға қабылдауыңызды сұранамын.

Жауап:

Қымбатты Батыржан Бахадирович! С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  білім алушыларының ауыстыру және қайта қабылдау бойынша № 840 30.12.2016ж. Ережесіне сәйкес:

9-тармақ: студенттердің ауыстыру және қайта қабылдану туралы өтініштері Ректормен жазғы және қысқы демалыс күндерінде келесі академиялық кезең басталғанға дейін, бес күн ішінде қарастырылады.

27-тармақ:  ҚазҰМУ-да оқу гранты немесе мемлекеттік тапсырыс бойынша . білім алушылар  басқа мекемеге ҚР Білім және ғылым министрінің 20.01.2015 ж. № 19 бұйрығымен регламенттелген тәртіппен ақылы негізде ғана ауыстырылды.

18 тармақ: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- не басқа оқу орындарынан ауысатындар немесе қайта қабылданатындар тек алдыңғы академиялық кезеңді толық аяқтағанда ғана ауыса немес қайта қабылдана алады.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қайта қабылданатын студенттің ҰБТ немесе КТ сертификатындағы баллы жоғары болуы тиіс. Мысалы: барлық мамандықтарға республика бойынша белгіленген баллдан 10 баллға, ал Жалпы медицина мамандығына 20 баллға жоғары болуы керек.






Гүласыл Әлімжан

11 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:
Сәлеметсіз бе, Талғат Сейітжанұлы?! Менің сізден сұрайын дегенімТәуелсіздік күніне орай біздің университеттің студенттеріне қанша күн демалыс беріледі? Алдын-ала айқындалмаған ақпараттың жоқтығынан алыс аймақтарға билет ала алмай отырмыз…
Рахмет!!

Жауап:

Тәуелсіздік күніне орай С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттеріне 2017 жылдың 16,17,18,19 желтоқсан күндері демалыс күндері деп есептеледі. 08 желтоқсан 2017 жылғы № 191өкімге байланысты.






Алма Есентаева

11 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, Перевод в КазНМУ

Вопрос:
Здравствуйте.
Возможно ли перевестись в ваш университет после первого семестра 1-го курса?
Не будет это проблематично?

Ответ:

Уважаемая Алма Есентаева!Согласно правилам перевода и восстановления обучающихся в КазНМУ имени С.Д. Асфендиярова № 840 от 30.12.2016г.

п.9 Заявления обучающихся о переводе и восстановлении рассматриваются ректором в период летних и зимних каникул в течение пяти дней до начала очередного академического периода.

п.27 Обучающиеся по образовательному гранту или.государственному заказу в КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова переводятся в другой вуз только на платной основе в порядке, регламентированном приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 20.01.2015 г. № 19.

п.28 Перевод обучающихся из других вузов в КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова осуществляется только на платной основе в порядке, регламентированном приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 20.01.2015 г. № 19.

п.30 Студент, переводящийся из другого вуза РК в КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, должен иметь сертификат ЕНТ или КТ с баллами выше установленных нормативно-правовыми актами Министерства образования и науки Республики Казахстан по всем специальностям — на 10, а на специальность «Общая медицина» — на 20 и средний балл успеваемости не ниже установленного переводного балла в КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова.

Подробную информацию о правилах перевода можно получить на сайте КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, в рубрике «Нормативные документы».






Анонимно Анонимно

11 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:
3 курс студенттерине ОСКЭ калай отеди? Кай пандерди тапсырамыз? 2 этап алындарма? Жаздык перецикл калдыма?

Жауап:

Кұрметті 3 курс студенті. Біз сіздің қай факультет студенті екеніңізді көрсетпегеніңізге байланысты сұрағыңызға нақты жауап беру қиындық туындатуда. Алайда әр пән бойынша силлабус сіздің АИС Сириус жеке кабинетіңізде жүктелген. Сізге қажетті пән бойынша емтихан туралы толық ақпарат сол пәннің силлабусында көрсетілген. Қосымша ақпаратты өзіңіздің факультетіңіздің декан орынбасарынан біле аласыз.

Жаздық семестр жөніндегі ақпарат та ҚазҰМУ сайтында «Нормативті құжаттар» «2017-2018 оқу жылына арналған оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі» атты құжатта көрсетілген.