Нұржан Мейірбек
24 Feb 2014 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Құрметті Нұржан Мейірбек!
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 Қаулысының ( 2013 жылдың 10 сәуірінде) өзгерісі негізінде студент басқа ЖОО-нан ұлттық ЖОО-на ауыстыру тек ақылы негізінде оқитын бөлімге ғана жүзеге асырылады, яғни мемлекеттік білім грантын жоғалтып, ақылы түрде оқитын бөлімге ауыса аласыз. Ауысу кезінде студенттің үлгерімі үздік және жақсы болуы қажет. Сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл 60-тан төмен болмауы тиіс.
_ _ _