Нурлан Жарас
18 Jul 2012 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос ректору
От: Нурлан Жарас <nurlan—[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсіз бе Айқан Ақанович. Мен «Жалпы медицина» бөліміне оқуға түсіп, әрі қарай «жарақат» дәрігері бола аламын ба? Және документтерді қай уақыт аралығында тапсыру керек екенін білмей жатырмын… Алдын-ала рахмет.
Саламатсыз ба, Нұрлан! «Дәрігер-травматолог» мамандығын алу үшін «Жалпы медицина» факультетін таңдау керек.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі — ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-1 тармағына сәйкес білім алу гранттарын иелену конкурсы 23 шілде мен 31 шілде аралығында өтеді.
_ _ _