Назира Арыстанбекова
18 Jul 2012 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос ректору
От: Назира Арыстанбекова <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Құрметті Аканов Айкан Аканович менің қызым Тұрған Расиқа осы университетке тапсырсам дейді. Менің сұрағым қабылдау комиссиясына тапсыратын құжаттардың тізімінде аудандық ІІБ — нен есепте тұрмайды деген және СПИД — те есепте жоқ деген анықтама керек пе?Назира Арыстанбекова
Саламатсыз ба! С.Ж.Асфендияров ат.ҚазҰМУ-не керек құжаттар:
- 1. білімі туралы құжат (түпнұсқа),
- 2. мемлекеттік сертификат,
- 3. мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын (жетім, мүгедектер, оралмандар) құжат,
- 4. 3×4 көлеміндегі 2 фотосурет,
- 5. 086-У нысанындағы медициналық анықтама + флюорография суреті (флюорография суретін Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі мен Шевченко қиылысында орналасқан Профессорлық клиникаға қайта оқытып, мөр бастырасыздар), 063 нысандағы алдын ала егу картасы,
- 6. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
Егер Сіз Қазақстанда тұрмайтын шет ел азаматы болсаңыз ғана онда ЖИТС-те (СПИД) есепте жоқ деген құжат керек.
_ _ _