Даурен Кайратулы
23 Jan 2013 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос ректору
От: Даурен Кайратулы <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Вопрос:
Саламатсыз ба Аканов Айкан Аканович! мен билгим келгени 5 жыл окып, 2 жыл практикадан отсем, кандай маман болып шыгам? Медицинанын салалары көп қой, қай саласында жумыс жасауыма болады? врачь болуыма бола ма? алде 9 жыл окуым керек пе? мен казир екология мамандыгын битирдим, қайта медицина саласына оқуға тусейн деген едим.
Құрметті Даурен Кайратулы.
«Жалпы медицина» мамандығын таңдауда 5 жыл оқып, медициналық академиялық бакалавр дәрежесін аласыз, ары қарай, интернатураға түсіп, 2 жылдан кейін жалпы тәжіребиелі дәрігер мамандығын аласыз, және, жалпы тәжіребиелі дәрігер ретінде жұмыс жасай аласыз.
Егер де сіз хирург, терапевт, акушер, педиатр болғыңыз келсе, таңдаған мамандық бойынша резидентураға түсу қажет — оқу мерізімі 2 жылдан 4 жыл арасы .
Егер Сіз, бакалавриат «Экология» мамандығын бітірсеңіз, және де біздің университетке түскіңіз келсе, онда негізі жалпы мамандықтарға тапсыруыңызға болады.
_ _ _