Дамир Мураткалиев
13 Jun 2013 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос ректору
От: Дамир Мураткалиев <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсізбе!Мен ҰБТ дан орыс тілінсіз 82 балл жинадым!Мен осы баллмен СЭС ке түсе алам ба?Және де бұл мамандыққа оқуды бітірген соң жұмыс табыладыма?
Сәлеметсіз бе, Дамир!
Медициналық-профилактикалық факультетінде екі мамандық бойынша білім алушылар оқып жатыр.
1. 5В110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша;
2. 5В110400-«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша.
82 балл жинапсыз, шын жүректен құттықтаймыз. Бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша түлектердің ҰБТ-ден жинаған баллының нәтижесін күту керек.
Сіздің сауалыңызға сәйкес 5В110400-«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке жоғары медициналық білім туралы диплом дәрежесі беріледі.
ҚР МЖМБС 6.08.021-2009 сәйкес, эпидемиология, коммуналды гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, радиациялық гигиена, вирусология, бактериология, паразитология маманы ретінде дербес тәжірибелік қызметке жіберіледі.
_ _ _