Гулжан Анарбай
16 Feb 2017 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос:
Салеметсизбе Нургуль Калиевна мен 3 курс студентынын анасымын. Сизге кояр сурагым менин кызым бирнеше сабактан акылы жазгы симестрге калып отыр.Калган сабактарын жазга калдырмай 2-ши симестрде акылы окуына боладыма?
Ответ:
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 2016-2017 оқу жылының оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерінің 44 тарауына сәйкес:
44-тарау. Оқу үрдісін жоспарлау және бақылау бөлімінің сабақ кестесіне сәйкес пән бойынша емтихан 2 кезеңнен тұрады.
1 кезең-компьютерлік (жазбаша) тестілеу, онда білімнің когнитивті компоненті мен құқықтық құзырлылық деңгейі бағаланады . Емтиханның 2 кезеңіне 50% немесе одан жоғары пайыз алған білім алушы жіберіледі. Білім алушы қанағаттандырылмаған баға алса, онда ақылы түрде пәнді келесі акедемиялық кезеңде немесе қосымша ақылы семестірде өтеді.
2-кезең — тәжірибиелік дағдыларды қабылдау, онда операциондық және коммуникативті компетенция қалыптасады. Егерде білім алушының 2 кезеңде бағасы қанағаттандырылмаған жағдайда, онда ақылы түрде пәнді келесі академиялық кезеңде немесе қосымша ақылы семестірде өтеді.
Осы тарау негізінде келесі академиялық кезеңде (семестрде) ақылы оқуға рұқсат етіледі.
_ _ _