Ақмарал
03 Oct 2014 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Ответ:
Құрметті Ақмарал!
Медицина колледжін тамамдаған соң, білім алу грантына конкурсқа қатысуы үшін кешенді тестілеуден өтуіңіз керек. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім беру бағдарламалары бойынша 4 пән бойынша жүргізіледі:
1. Математика;
2. Қазақ немесе орыс тілі ;
3. Қазақстан тарихы;
4. Профиль бойынша пән
Медицина колледжін бітірген студенттер оқуды 1 курстан бастап, жалпымен бірдей оқиды, оқу мерзімі қысқартылмайды.
Акушер-гинеколог мамандығын игеру үшін, алдымен «Жалпы медицина» мамандығына түсуіңіз керек. Оқу мерзімі 5 жыл. Одан кейін интернатура 2 жыл, және резидентура 2-4 жыл. Сондықтан, «акушер-гинеколог дәрігері» біліктілігін алу үшін кем дегенде 9-11 жыл оқуыңыз қажет болады.
_ _ _