Асет Хасенов
12 Jun 2017 | Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента
Вопрос:
Сәлеметсізбе! Мен Фельдшермин. Мед.колледжді 2016 жылы Семей қаласында бітірдім. Сіздердің оқу орындарыңызға Жалпы медицинаға түсу үшін қандай пәндерден КТ тапсырамын? КТ-ның жаңа форматы туралы және дайындық курстары туралы мәлімет бере аласыздарма? Рахмет!
Ответ:
Қайырлы күн! Хатыңызға кеш жауап қатқанымыз үшін кешірім сұраймыз. «Жалпы медицина» мамандығына түсу үшін Кешенді Тестілеу (КТ) 5 пән: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, және 2 бейіндік пән — биология, химия пәндері бойынша жүреді. КТ жаңа форматына сәйкес 120 сұрақ: әр пәннен 20 сұрақтан, бейіндік 2 пәннен 30 сұрақтан келеді (20 сұрақ — 1 жауапты,10 сұрақ — бірнеше жауапты), барлығы 140 балл. Университетте дайындық курсы жоқ.
_ _ _