Айнур Набатбек
12 Sep 2014 | Опубликовано в Вопросы-ответы
Вопрос ректору
От: айнур набатбек <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Вопрос:
салеметсизбе Айкан Аканович. Мен 1 курс студентимин .Бизге жергиликти жердеи медициналык тиркеуден шыкканы туралы талон акелетинимиз туралы айткан болатын. Оны факс аркылы жиберуге болады ма екен ? Мен ОКО Мактарал ауданы Жылы су ауылдык округинде тиркелгенмин . Ол талонды бирден тиркелген жеримнен КазНМУдын медициналык орталыгына жиберуге болады ма екен ? Соны аныгырак тусиндирсениз екен. Жане келеси жылы общежитьяга орналасу ушин кандай уйымдар бар белсенди катысу ушин?
Ответ:
Құрметті Айнур!
Сіз жергілікті жерден медициналық тіркеуден шыққаннан кейін ҚазҰМУ-дың медициналық клиникасының электронды почтасына ([email protected]) тіркеуден шықанның туралы анықтама қағазды тікелей жібере аласыз. Екінші сұрағыңызға жауап беретін болсақ, келесі жылға жатақхана алу үшін төмендегі белгілер болу қажет:
1. Жетім немесе жартылай жетім болса;
2. 1-2 топ мүгедегі болса;
3. Диспансерлік есепте болса;
4. Көп балалы отбасыдан болса (егер кәмелет жасына толмаған бала саны 4 болса);
5. Ата-анасы ажырасып, олардың біреуінің қамқорлығында болса;
6. Ата-анасы 1-2 топ мүгедегі болса;
7. Ата-анасының екеуі де зейнеткер болса;
8. Ата-анасы Ауған соғысына қатысқан немесе Чернобыль апатынан зардап шеккен болса;
9. Оқу озаты болса;
10. Белсенді студенттер қатарында болса (конференцияға қатысып, 1 орын иеленсе, студенттік ұйымдардың белсенді мүшесі болса, университеттің қоғамдық жұмыстарымен белсенді айналысса).
Осы талаптарға сай келсе, оқу жылы басталмай тұрып деканатқа арыз жазып, растаушы құжаттарын тапсырсан болады.
_ _ _