Датхаев Убайдилла Махамбетович
Әлеуметтік даму және цифрландыру жөніндегі проректор – Басқарма мүшесі
Алматы мемлекеттік медициналық институтында білім алып, «Фармация» мамандығын тамамдады.
1990 жылдан бастап АММИ дәрілік қалыптар технологиясы кафедрасының стажер-оқытушы қызметін атқарды.
1991 жылы ассистент қызметіне ауыстырылып, 1992 жылы – дәрілік қалыптар технологиясы кафедрасының аға оқытушысы қызметінде болды.
1998 жылдан бастап дәрілік қалыптар технологиясы кафедрасының доценті қызметіне ауыстырылды. 2000 жылдан 2002 жылға дейін емдеу факультетінің декан орынбасары, 2002-2004 жылдарда фармацевтика факультетінің сырттай бөлімінің жетекшісі және декан орынбасары қызметін атқарды. 2003 жылдан бастап ФЭБ және дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2007-2008жж университеттің оқу-әдістемелік бөлімінің жетекшісі болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін физика-фармацевтикалық пәндер бойынша циклды әдістемелік комиссияның төрағасы болды. 2009 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлерінің профессорлық одағының төрағасы болып сайланды. 2010-2015 жж. Фармацевтикалық факультет деканы, ҚазҰМУ «Фармацевт-технолог» модулінің профессоры. 2015-2016 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация институтының директоры. 2016 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
1998 жылы «Пародонт ауруларын емдеуге арналған пасталардың құрамын, технологиясын жасау және оларды зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2009 жылы «Жаңа негіздермен жұмсақ дәрілік қалыптар жасаудың технологиялық аспектілері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
Халықаралық, шетелдік және республикалық басылымдарда жарияланған 300-ден астам жұмыстың авторы, Қазақстан Республикасының 8 патенті мен алдын-ала патент жұмыстары, монографиялар, оқу құралдары бар. 040940 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының авторы, «Фармация» мамандығы бойынша ҚР МҚБС авторы болып табылады.
Ғылыми-оқытушылық қызметіндегі жетістіктері үшін университеттің қола медалімен, «ҚР білім беруші сыйлы қызметкері» 2 төсбеліглерімен, «ҚР денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Даңқы» орденімен, ҚР ДС және ҒБМ мақтау қағаздары және алғыс хаттарымен, Алматы қаласының әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Жоғары білім беру мен жоғары білікті мамандарды дайындау жүйесін дамытуда қосқан үлесі үшін «А.Байтурсынов атындағы күміс медалімен» марапатталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бұйрығымен 2017 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Датхаев Убайдилла Махамбетович С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры болып тағайындалды.