Шоранов Марат Едігеұлы
C.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Басқарма төрағасы-Ректоры
Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында аспирантураны, Эмори университетінде Роллинс атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін тәмамдаған.
Мансап
Әр жылдары академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, Семей қаласындағы Радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ ғылыми қызметкері, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері болып қызмет етті.
2006-2008 жылдары академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы инновациялық бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасарының міндетін атқарушы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
2008-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институтының директоры.
2010-2011 жылдары — АҚШ-та Эмори университеті клиникасының жобалар менеджері.
2012-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының орынбасары, экономикалық зерттеулер орталығының басшысы.
2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-да, University Medical Center корпоративтік қорында басшылық лауазымдарды атқарды.
2017-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2019 жылғы қыркүйектен бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылғы 26 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.
2022 жылғы 10 Маусымда басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды.
2022 жылғы 13 маусымда «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы — ректоры болып тағайындалды
Басқа лауазымдар:
2002-2006 жж. – еуропалық урологтар қауымдастығының мүшесі.
Қазақстандық қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі.
Қазақстандық урологтар қауымдастығының мүшесі.
2010-2011ж. – Эмори түлектері қауымдастығының студенттер кеңесінің Директорлар кеңесінің мүшесі.
Эмори түлектері қауымдастығының мүшесі.
Қазақстанда денсаулық сақтау секторын дамыту бойынша денсаулық сақтау ақпараттық бюллетенінің тең авторы.
Мемлекеттік наградалар:
Медальдар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен «Денсаулық сақтау үздігі», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен «денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін».
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Алғыс хаты.
2004 жылдың «Үздік жас ғалымы» атағы.
Академик Жарбосынов атындағы сыйлық.
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
Медицина ғылымдарының кандидаты. Диссертацияның тақырыбы: «Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын және созылмалы абактериялық простатитті емдеуде трансуретральды микротолқынды термотерапияны қолдану», урология ҒО академик Б.У.Жарбусынова, Алматы, Қазақстан (2002 ж.)