Сіздерді мектеп, колледж бітірулеріңізбен құттықтаймыз. Сіздердің жарқын болашақтарыңыз – өз қолдарыңызда. Бізсіздің болашағыңыздың сапалы білім алумен байланысты болғанын қалаймыз.
Дәрігер аса білімді, жоғары мәдениетті, қайырымдылық пен адамгершілікті, жауапкершілікті қажет ететін ерекше мамандық. Сізөмірдіңқиынжолынатүскеніңізтуралы аса байыппен ойлануыңыз қажет, себебі дәрігер тағдыры көптеген көркемөнер шығармаларын да немесе тілшілер хабарламаларында бейнелетіндей әрқашан тек қанажеңістерден, қуаныш пен табыстардан тұрмайды.
Бүгінгі күні жоғары білікті бәсекеге қабілетті медицина мамандарын даярлау арқылы қоғам сұранысын қанағаттандыратын жоғары оқу орындарының бірі – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті. ҚазҰМУ Қазақстан медициналық білімінің қарашаңырағы болып табылатын жоғарғы оқу орны. 2015жылы Университет 85жылдық мерей тойын атап өтті. Біздің мақсатымыз – әлемдік деңгейдегі мамандарды дайындау.
Бүгінде ҚазҰМУ – медициналық білім беру саласының көшбасшысы, ол оқытушылық, дәрігерлік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының басын біріктіреді. ҚазҰМУ – Болон декларациясының негізі болып саналатынҰлы Хартияға қол қойған қазақстандық18 университеттің қатарында. Бұл ҚазҰМУ тамамдаған түлектерге Болон Хартиясына мүшеелдің кез-келгенін де жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Егер, Сіз С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетіне оқуға түсуді көздеген болсаңыз, онда әлемдегі ең ғажап дүние адам өмірі үшін жауапкершілігіңізді толық сезінуіңіз қажет. Сіз дәрігердің қиын, жауапты, бірақ сонымен қатар ғажап та, жарқын жүзді мамандығын таңдауға әзір болсаңыз – онда ЖОЛЫҢЫЗ БОЛСЫН!
Маңызды ақпарат
ҚазҰМУ-ға қош келдің!
2013-2017 жылдардағы медициналық мамандықтар бойынша Білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері мен межелік балдары туралы мәлімет
2018-2019 оқу жылына арналған күндізгі оқу бөліміне мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы