Түлектер моделі | Бағдарлама паспорты | Міндетті пәндер | Таңдамалы пәндер | Проф. тәжірибелер |
OСН 1 – Стоматологиялық қызметтегі Академиялық адалдық стандарттарына, құқықтық, адамгершілік, этикалық және деонтологиялық принциптер мен нормаларға бейілділігін көрсетеді.
OСН 2 – Негізгі тарихи, мәдени және саяси процестерді, философиялық және дүниетанымдық мәселелерді түсінуді көрсетеді және стоматологиялық қызметте тілдік қарым-қатынас дағдыларын қолданады.
OСН 3 – Гомеостазды сақтау және стоматологиялық аурулардың даму механизмдерін түсіну үшін молекулалардың, жасушалардың, тіндердің, ағзалардың және ағзаның биологиялық ортасының құрылымы мен қызметі, негізгі физиологиялық және патологиялық процестер туралы білімді қолданады.
OСН 4 – Биорискілерді бағалау, қауіпсіз стоматологиялық көмек көрсету, медициналық персоналды қорғау және халықтың денсаулығын сақтау үшін стоматологияда денсаулық сақтауды ұйымдастыру, менеджмент және инфекциялық бақылау негіздерін білуді қолданады.
OСН 5 – Стоматологиялық профильдегі пациентпен/оның отбасы мүшелерімен, әріптестерімен және медициналық қызметкерлермен тиімді ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін тұлғааралық және қарым-қатынас дағдыларын көрсетеді.
OСН 6 – Профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жоспарлауға пациентке бағытталған тәсілді қамтамасыз ету үшін пациенттің жалпы жағдайын бағалау, оның жалпы және қауіпті аурулардың белгілері мен синдромдарын анықтау үшін клиникалық ғылымдардың негіздерін білуді қолданады.
OСН 7 – Медициналық анамнезді жинайды, негізгі және қосымша зерттеу әдістерін қолдана отырып, пациентті клиникалық тексеруден өткізеді және стоматологиялық диагноз қою үшін алынған мәліметтерді түсіндіреді.
OСН 8 – Зертханалық, оптикалық және стоматологиялық жабдықтармен, құрал-саймандармен, пломбалау, тіс протездері және қосалқы материалдармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді.
OСН 9 – Негізгі стоматологиялық ауруларды гигиеналық, профилактикалық процедураларды, қарапайым терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық, ортодонтиялық және дәрі-дәрмекпен емдеуді жүргізеді.
OСН 10 – Стоматологиялық қабылдауда өмірге қауіп төндіретін жағдайлар мен өткір ауырсыну көздерін анықтайды және кез келген жастағы науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
OСН 11 – Стоматологиялық қабылдауда медициналық құжаттаманы жүргізу және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен медициналық ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, жаңа ақпарат іздеу дағдыларын көрсетеді.
OСН 12 – Стоматология саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі дағдыларын, дәлелді медицина принциптерін түсінуді, кәсіби даму дағдыларын көрсетеді.