«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ Сенат басқару құрамы

Испаева Жанат Бахитовна
Медицина ғылымдарының докторы, профессор

«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ Аллергология және клиникалық иммунология кафедрасының меңгерушісі.
«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ Сенатының Төрағасы.
«Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Басқарма Төрағасы.
ҚР ДСМ штаттан тыс бас балалар аллергологы.

Қазіргі уақытта проф. Ж.Б.Испаева университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, 2017 жылдан бастап С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Сенатының төрағасы және жетекшісі болып табылады.
Ж.Б.Испаева аллергология бойынша үлкен кәсіби дайындығы бар, 1987 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады, докторантураны Мәскеудегі аллергологияның бас орталығында жалғастырды (1989 – 1992ж.ж.), онда докторлық диссертациясын қорғады.
Ж.Б.Испаева қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласының бас балалар аллергологы.
Ол – «Аллергология және иммунология, соның ішінде балалардың» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы комитетінің төрағасы, «Аллергология және иммунология, соның ішінде балалардың» кәсіби стандарттын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, медициналық қызметтердің сапасы, сонымен қатар клиникалық жағдайларды жүргізу және талдау бойынша сарапшы болып табылады.
Сонымен қатар, профессор Ж.Б.Испаева аллергиялық ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық хаттамаларды әзірлеу бойынша тұрақты жетекші және жұмыс тобының мүшесі (Аллергиялық ринит, Атопиялық дерматит, Бронх демікпесі, Дәрілік заттарға жоғары сезімталдық).
Профессор Ж.Б.Испаева басқаратын «Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы» РҚБ 2013 жылдан бастап Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар академиясының (EAACI) мүшесі, ал 2018 жылы EAACI Еуропалық ұлттық қоғамдардың қатарына қосылды. Сонымен қатар, 2018 жылы «Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы» РҚБ Халықаралық иммунологиялық қоғамдар одағының (IUIS), Дүниежүзілік аллергия қоғамының (WAO) мүшесі болды.
Профессор Ж.Б.Испаева 1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар академиясының (EAACI) мүшесі.
Ж.Б.Испаева Париждегі (Франция) Montpellier университетінен профессор Jean Bousquet басқаратын ARIA (Allergic Rhinitis and its impact on Asthma) ғылыми қоғамының, Вена медициналық Университетінің (Австрия) профессоры Рудольф Валента басқаратын молекулалық Аллергология және иммунология университеттерінің халықаралық желісінің (INUNIMAI) Қазақстан Республикасынан үйлестірушісі болып табылады.
Ол Scopus құрамына кіретін «Ресейдің аллергологиялық журналы (РАЖ)» шетелдік журналының редакция алқасының мүшесі (Мәскеу, Ресей), сонымен қатар «Педиатрия және балалар хирургиясы» журналының (Алматы, Қазақстан), «Халықаралық медициналық журнал» (Бішкек, Қырғызстан) редакция алқасының мүшесі.
Ж.Б.Испаева Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар академиясының, жақын және алыс шетелдерден келген аллергология және клиникалық иммунология саласындағы мамандардың қамқорлығымен әлемге әйгілі жетекші аллергологтардың қатысуымен өтетін 21 «Демікпе және аллергия» Қазақстан Ұлттық Халықаралық конгресстерінің ұйымдастырушысы. Ол Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының аллергологтары мен клиникалық иммунологтарының I және II съездерінің алғаш ұйымдастырушысы.
2018 жылы профессор Ж.Б.Испаева ARIA ұйымына, сонымен қатар ARIA – MACVIA Еуропалық денсаулық сақтау комиссиясының халықаралық жобасына кірді. 2020 жылы әлемнің жетекші аллергологтары, соның ішінде проф. Ж.Б.Испаева бірге ARIA президенті проф. Jean Bousquet жетекшілігімен ARIA – EAACI аллерген спецификалық иммунотерапия бойынша (АСИТ) қалта нұсқаулығы жарық көрді.
Профессор Ж.Б.Испаеваның жетекшілігімен 2 кандидаттық диссертация қорғалды, 200 – ден астам ғылыми мақалалар мен тезистер, аллергологияның негізгі мәселелері бойынша 10 әдістемелік нұсқаулық, 1 мемлекеттік тілдегі балалар аллергологиясы бойынша «Балаларда кездесетін аллергия аурулары» оқулығы жарық көрді.
Web of Science деректері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін немесе AHCI, SSCI, SCIE – де индекстелетін немесе кемінде 35 процентильмен Scopus – қа енгізілген журналдарда 7 ғылыми мақаласы бар.
Импакт – факторы 7,0 болатын «Allergy» журналдарындағы 9 ғылыми жарияланымдар;
16 рецензияланған журналдардағы жарияланымдары бар;
Хирш индексі Scopus – та – 6, Web of Science – 6, процентиль 91.0.
Ж.Б.Испаева Қазақстан Республикасының Бас аллергологы ретінде 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасында аллергологиялық орталықтар мен төсек орындарын ашу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Оның басшылығымен еліміздің барлық өңірлерінде аллергологиялық орталықтар мен төсектер ашылды, Қазақстан Республикасының 250 – ден астам аллерголог – иммунолог дәрігерлері дайындалды.
2019 жылы аллергология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., проф. Ж.Б.Испаева басшылығымен «С.Ж.Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ Университет клиникасы БМСК және диагностика орталығында аллергология бөлімі ашылды.
Жанат Бахитовна Испаева – тәжірибелі мұғалім және үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) оқыту үдерісіне (ғылым, тәжірибе және білім) үштікті белсенді түрде енгізумен сабақ береді.
Ол білім беру процесіне және тәжірибелік денсаулық сақтауға инновацияларды белсенді енгізуде.
Жанат Бахитовна өзінің тәжірибесін, білімін, біліктілігі мен дағдыларын жас мамандарға – дәрігерлердің жаңа буынына беруге тырысады. Оның сан қырлы, қызықты да қанық өмірі жас ұрпаққа үлгі боларлықтай.
Жанат Бахитовна Испаева республика алдындағы қызметтері, оның елдің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сактау ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне үлес қосқаны үшін» төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, медицина қызметкерлері кәсіподағының Алматы филиалының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Бірнеше рет ҚазҰМУ Құрмет грамотасымен, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – нің 80 жылдығына арналған күміс медалімен және Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

 

Алтынбеков Сагат Абылкаирович
Медицина ғылымдарының докторы, профессор

Сенат төрағасының орынбасары

Алтынбеков Сагат Абылкаирович, 04.01.1959 жылы Павлодар облысы, Май ауылында дүниеге келген, сол жерде орта мектепті бітірген.
1976 жылдан 1983 жылға дейін Семей мемлекеттік медицина институтында оқыды. 1983 жылдан 1984 жылға дейін Семей облыстық клиникалық психиатриялық ауруханасында психиатрия мамандығы бойынша интернатурадан өтті.
1984 жылдан 2000 жылға дейін Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерінде дәрігер — психиатр, бөлімше меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, бас дәрігер лауазымдарында жұмыс істеді.
2000 жылдың желтоқсанында Павлодар қаласындағы «Нашақорлықтың медициналық — әлеуметтік мәселелерінің республикалық ғылыми — тәжірибелік орталығы» РМҚК Қазақстандағы алғашқы ғылыми — тәжірибелік орталығының ұйымдастырушысы және директоры болды.
2001 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 2005 жылы докторлық диссертация қорғады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 28.05.2010 жылғы шешімімен медицина профессоры атағы берілді.
Оның басшылығымен «Нашақорлықтың медициналық — әлеуметтік мәселелерінің республикалық ғылыми — тәжірибелік орталығы» Орталық Азиядағы жетекші ғылыми — білім беру мекемесіне айналды.
2003 жылы Орталық БҰҰ есірткіге қарсы күрес басқармасының нашақорлықтың алдын алу және емдеу мәселелері бойынша Орталық Азия аумағындағы оқу — білім беру орталығы мәртебесіне ие болды.
Оның басшылық еткен уақытында орталықта 3 докторлық және 14 кандидаттық диссертация қорғалды.
2005 жылдың тамыз айынан бастап «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми — практикалық орталығы» РМҚК директоры қызметін атқарды. Оның басшылығы кезінде орталық ТМД елдерінің жетекші ғылыми — білім беру мекемесіне айналды. Жыл сайын психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша халықаралық ғылыми —тәжірибелік конференциялар өткізілді. РМҚК меншік нысанының өзгеруіне байланысты «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» 2013 жылғы 11 қазаннан бастап Денсаулық сақтау министрінің келісімі бойынша Алматы қаласындағы «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми — практикалық орталығы» ШЖҚ РМК директорының міндетін атқару жүктелді. 2014 жылғы 7 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің конкурстық комиссиясының негізінде Алматы қаласындағы «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми — практикалық орталығы» РМК директоры лауазымына сайланды. 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап Алматы қ. «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми —практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының міндетін атқару жүктелді.
2001 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиатр — наркологы болды.
2017 жылдың мамыр айынан бастап С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің психиатрия кафедрасының меңгерушісі қызметіне ауысты.
«Қазақстан Республикасыныц денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Алтын дәрігер» құрмет белгілерімен, сондай — ақ Президенттің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2007 жылдың ақпан айында жаңадан құрылған, Дүниежүзілік психологтар қауымдастығына кіретін «Психикалық денсаулықты сақтау саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды. 2013 жылы халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Психикалық денсаулықты сақтау саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы» 1—ші съезді ұйымдастырып, өткізді. 1 — ші съезд шеңберінде ДПҚ қамқорлығымен психиатриялық қауымдастықтардың басшыларының кеңесі өткізілді.
2018 жылы халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Психикалық денсаулықты сақтау саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы» 2 — ші съезді өткізілді.
Психиатрия мен наркологияның өзекті мәселелеріне арналған жүзден астам ғылыми еңбектер, соның ішінде 3 монография жариялады:
«Қазақстандағы есірткіге тәуелділік туралы» Павлодар қ. 2002ж.; «Қазақстан Республикасында наркологиялық көмекті ұйымдастыру» Қарағанды қ. 2004ж.; «Қазақстан Республикасында есірткіге тәуелділікке қарсы іс-қимылдың медициналық аспектілері» Павлодар қ. 2006ж.
Қазіргі уақытта С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КеАҚ қосымша кәсіптік білім беру институтының басқарушысы болып жұмыс істейді.