Департамент басшысы:
Степкина Елена Леонидовна
фарм.ғ.к., денсаулық сақтау үздігі
Телефон:8(727) 3387000 (іш. 7019)
E-mail: [email protected]
Департамент туралы
Департамент Университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент Университетті дамытудың стратегиялық мәселелері бойынша Басқарма Төрағасы – Ректорға және халықаралық қызмет мәселелері жөніндегі бірінші проректорға тікелей бағынышты болады.
Департамент қызметінің негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасының білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, Университет қызметін стратегиялық жоспарлау және дамыту, сыртқы байланыстарды дамыту мен шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнату.
Департамент құрылымы:
Департаменттің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамытудың ұлттық жобаларына сәйкес Университет қызметінің стратегиялық даму бағыттарын әзірлеу;
- Даму бағдарламасын іске асыру бойынша Университет қызметіне мониторинг, департаменттің қолданыстағы кадрлық, техникалық және функционалдық мүмкіндіктері шеңберінде қызметті жетілдіру мүмкіндіктерін анықтау, оның ішінде университеттің мақсатты индикаторларына қол жеткізу;
- Құрылымдық бөлімшелерден алынған деректерді жинау, құрастыру, салыстыру және талдау арқылы жүзеге асырылатын университеттің және оның еншілес ұйымдарының стратегиялық көрсеткіштеріне, негізгі қызмет көрсеткіштеріне мониторинг және бағалау жүйесін жетілдіру;
- Талдау негізінде Университеттің ұйымдық құрылымы мен Университеттің дамуы бойынша ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну;
- Халықаралық ынтымақтастық және Университет қызметін интернационалдандыру саласындағы міндеттерді жүзеге асыру;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің, ғылым мен клиниканың дамуының негізгі әлемдік тенденциялары бойынша ақпарат жинау, талдау және аналитикалық материалдарды генерациялау;
- ПОҚ академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға және тиімділігін талдауға қатысу;
- Шетелдік әріптестермен білім, ғылым және клиникалар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумдарды әзірлеу, жасасуды қолдау және іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
- Әлемнің ең дамыған елдерінің білім және ғылым жүйесіне салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) жүргізу.
Байланыс ақпараты:
Мекен-жай: 050012, Алматы, Төле би, 94
Ректорат КазНМУ, 2-қабат, №№ 218, 229, 235 каб.
Жұмыс уақыты: 8:30-дан 18:00-ге дейін
Үзіліс: 12:30-дан 14:00-ге дейін