ҚазҰМУ Баспасөз қызметінің басшысы
Тян Марина Александровна
ұялы телефоны: 8 777 7000 700
Жұмыс телефоны: 8 727 338 70 44 (ішкі. 7152)
ҚазҰМУ Баспасөз қызметінің мақсаты, міндеті,функциясы
Мақсаты
- Университеттің маркетингтік стратегиясы негізінде дамыған және жаңартылған білім беру, ғылыми-зерттеу, клиникалық және басқа қызметтерді ілгерілету жүйесін енгізу арқылы нарықтағы бәсекелестік жағдайды нығайту немесе тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру негізінде университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
- Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің БАҚ-пен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Университетті дамытуға бағытталған идеяларды қолдау және жүзеге асыру. Қоғаммен байланыс саласындағы іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру арқылы университет имиджін нығайту. БАҚ арқылы университет қызметі туралы оң әлеуметтік және қоғамдық пікірді қалыптастыру.
Міндеттері
- Университеттің құрылымдық бөлімшелерін университеттің ресми сайты, корпоративтік пошта және т.б. арқылы ақпаратпен қамтамасыз ету.
- Университет басшылығы мен жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының, заңды тұлғалардың әртүрлітоптары арасындағы тұрақты және тиімді екіжақты байланысты қамтамасыз ету.
- Университет және оның бөлімшелерінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету.
- Тілшілерге Университет пен оның бөлімшелерінің қызметі туралы жарияланымдар бойынша жұмысына жәрдемдесу;
- Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу, университет қызметі туралы қоғамдық пікірдің өзгеру үрдістерін зерттеу және оған БАҚ әсерін бағалау.
- Күнтізбелік жылға арналған медиа-жоспарды әзірлеу және әрі қарай қызмет барысы.
- Университет қызметі туралы ресми хабарламаларды, баспасөз релиздерін, мәлімдемелерді және басқа да ақпараттық материалдарды дайындау және тарату;
- Қоғамдық ұйымдар мен уәкілетті органдардың баспасөз қызметтерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
- мүдделі БАҚ өкілдерімен бірлесіп ақпараттық іс-шаралар өткізу;
- Университет имиджін нығайту. Мақсатты аудитория арасында университеттің біртұтас ассоциативті-визуалды беделін қалыптастыру;
- Университеттің коммуникативтік-ақпараттық кеңістікте қатысу әсерін күшейту. Университеттің ақпараттық-коммуникативтік кеңістігін кеңейту;
- Университет қызметінің барлық бағыттарын және жеке жобаларды ақпараттық сүйемелдеу.
- Университеттің маркетингтік стратегиясын қалыптастыру, жүзеге асырылуын бақылау;
- маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру;
- маркетинг бағытында Университет қызметінің тиімділігін арттыру;
- Университеттің бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау;
- нарықтық үрдістер шеңберіндегі Университеттің баға саясатын талдау;
- маркетинг қызметінің тиімділігін талдау;
- Нарықты кешенді зерттеу;
- Университеттің ішкі ортасын талдау;
- университет қызметіне қанағаттану дәрежесін талдау;
- университет көрсететін білім беру, ғылыми-зерттеу, клиникалық және басқа да қызмет түрлерін ынталандыру;
- маркетинг мәселелері бойынша қызметкерлерді оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру;
- нарықты талдау: нарықтың жағдайы және оның даму үрдістері туралы аналитикалық ақпаратты жинау, өңдеу және басшылыққа ұсыну;
- университеттің ресми ақпарат көздеріне (веб-бет, әлеуметтік желілер) арналған жарнамалық сипаттағы контентті әзірлеуде университеттің БАҚ-пен байланыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасау;
Функциялары
- Университеттің басшылық құрамының, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерінің, білім алушылардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру;
- Университет қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
- Университетті қоғам қабылдауының әртүрлі аспектілерін зерттеу, университеттің қызметіне қоғамның баға беруіне барынша әсер ететін факторларды анықтау, қоғаммен байланыс саласындағы қолданыстағы бағдарламаларды түзету мақсатында осы саладағы бұқаралық ақпарат құралдарының контекстік талдау жасау;
- Басқа құрылымдық бөлімшелермен бірге университеттің жарнамалық стратегиясын әзірлеуге және жоспарлауға, оны жүзеге асыруға бағытталған жеке іс-шараларды өткізуге қатысу;
- Қоғаммен байланыс мәселелері бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік жетекшілік ету, үйлестіру;
- Университеттің қоғаммен байланысының жағдайы мен перспективалық дамуы туралы ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау және басшылыққа ұсыну;
- Университеттің қоғаммен байланыс саласындағы қызметі туралы ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау;
- презентация және имидждік өнімдерді шығаруды ұйымдастыру, Университет қызметі туралы ақпараттық және жарнамалық материалдарды (имидждік бейнероликтер, БАҚ-тағы жарияланымдар, бейнефильмдер және басқалар) дайындау және тарату.
- БАҚ-пен өзара әрекет, университет туралы жарияланған материалдарды талдау, жарнама, университеттің ғылыми, білім беру және әлеуметтік-мәдени қызметі аясында өткізілетін іс-шараларды жарнамалау, ақпараттық қамтамасыз ету.
- Бұқаралық ақпарат құралдарымен, бұқаралық коммуникация құралдарымен сындарлы диалог орнату.
- Ақпараттық жағдайларды жасау және оларды қоғамдық кеңістікте жүзеге асыру.
- Университет қызметі туралы БАҚ-қа ақпарат беру, университет туралы жарияланған материалдарды талдау, университетті, оның бөлімшелерінің сондай-ақ университеттің қатысуымен жүзеге асырылатын маңызды жобалар мен іс-шараларды жарнамалайтын акцияларды ұйымдастыру.
- бірыңғай, дәйекті, жүйелі және тұтас ақпараттық саясатты қалыптастыру;
- қоғаммен байланыс саласындағы бөлімшелер мен мектеп және факультеттердің қызметін үйлестіру;
- университетте өткізілетін барлық маңызды жобалар мен іс-шараларды қамту, сонымен қатар университет бөлімшелерінің өтінімдері бойынша ресми мәлімдемелерді, хабарламаларды, есептер мен хабарландыруларды орналастыру.
- бейнетүсірілімдерді ұйымдастыру, университет қызметін қамтитын бейнероликтер дайындау, одан әрі университеттің ресми сайтында орналастыру;
- университет қызметіне байланысты БАҚ-қа жарияланымдарды дайындау және тарату;
- бейне мұрағатты қалыптастыру;
- Университет имиджін көтеруге бағытталған арнайы іс-шараларды, университет басшылығының қоғам өкілдерімен кездесулерін және баспасөз конференцияларын өткізу.
- Университет басшылығына ұсыныстарды, өтініштерді және ескертулерді жинау және өңдеу, студенттер мен қызметкерлердің ең өзекті мәселелерін анықтау.
- Университет басшылығының мақалалар, ақпараттық материалдар және сұхбаттарын дайындау.
- Университет сайтында жаңалықтар лентасын жүргізу.
- Университеттің корпоративтік поштаға әкімшілік ету.
- Университет қызметкерлерін корпоративтік поштамен қамту, корпоративтік электрондық пошта функцияларын жетілдіру және жүргізу.
- Университет қызметі туралы қоғамды ақпараттандыру бойынша іс-шараларды әзірлеу, жоспарлау және жүзеге асыру.
- БАҚ мониторинг жүргізу, университет қызметінің негізгі мәселелері бойынша қоғамдық пікірдің динамикасын талдау, нәтижелер туралы университет басшылығын жедел хабардар ету.
- Университет пен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында барынша толық және объективті көрсету үшін журналистермен өзара әрекеттесу.
- Журналистерге ақпарат алуға, оның ішінде ауызша және жазбаша өтініштеріне сәйкес университетте аудио-бейне түсірілімдер жүргізуге көмектесу.
- Университет ректоры мен проректорларының мақалаларын, сұхбаттарын, сөйлеген сөздерін, сондай-ақ өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы баспасөз хабарламаларын дайындау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
- Университет қызметі туралы шындыққа сәйкес келмейтін және/немесе заңды күші жоқ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жарияланымдарға жедел жауап беру, осы жарияланымдарға ресми жауаптардың жобасын дайындау.
- БАҚ арналған Университет басшылығының ресми мәлімдемелері мен хабарламаларының жобаларын дайындау.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында (республикалық, облыстық, қалалық) университет туралы өткен материалдар бойынша құзыретіне жататын мәселелер бойынша талдамалық есептерді дайындау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау.
- Бұқаралық ақпарат құралдарын бюджет негізінде әзірленген медиа-жоспарға сәйкес өз басылымдарында/радио/теледидарияда арнайы басылымдар дайындауға шарттық талаптармен тарту.
- Университеттің жарнамалық және PR медиа кампанияларын дамыту.
- Құттықтау сөздерін, жеделхаттарды, баспасөз хабарламаларын және т.б. дайындау.
- Өз құзыреті шегінде отырыстарға, кеңестерге, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысу.
- Танымал әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларды жүргізу.
- нарықты кешенді зерттеу;
- маркетингтік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру (маркетингтік стратегия мен іс-шаралар жоспарын қалыптастыру);
- Университеттің ішкі ортасын талдау;
- Университеттің қызметтеріне қанағаттану дәрежесін талдау;
- Университет көрсететін білім беру, ғылыми-зерттеу, клиникалық және басқа да қызмет түрлерін ынталандыру;
- маркетинг мәселелері бойынша кадрларды оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру;
- нарықты талдау: нарықтың жай-күйі және оның даму тенденциялары туралы аналитикалық ақпаратты жинау, өңдеу және басшылыққа ұсыну;
ҚазҰМУ Баспасөз қызметінің қызметкерлері
Медиакоммуникация бөлімінің басшысы: Өнербаев Әділ Маратұлы
ұялы телефоны: 8 707 788 8308
жұмыс телефоны: 8 727 338 70 44 (ішкі. 7331)
Бас маман: Ахметов Әлішер Қасымұлы
ұялы телефоны: +7 705 477 0071
Маман: Қойлыбай Әзімбек Әбдіқұлұлы
ұялы телефоны: 8 777 363 65 97
Дизайнер: Копачевский Арсений Викторович
Фотограф: Ержан Курманбай
Байланысу
Төле би көшесі 94, Ректорат 1 қабат, 116, 120, 122 кабинеттер.
Телефон: +7 (7272) 3387090, ішкі. 7331, 7152.