Академиялық сапа департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және университеттің оқу ісі департаментінің басшысына тікелей бағынады.
Академиялық сапа бөлімінің негізгі мақсаты: білім беру қызметінің ішкі және сыртқы сапасын қамтамасыз ету рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу.
Академиялық сапа бөлімінің міндеттері:
– саладағы әлемдік тәжірибені зерделеу және талдау
– жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйелері, оларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
– білім сапасын ішкі қамтамасыз ету бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
– институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу процесін үйлестіру;
– кері байланысты қамтамасыз ету және талдау;
– Білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша жұмысты ұйымдастыру;
– QS рейтингтері бойынша оқу қызметі туралы мәліметтерді беру;
– Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін әзірлеу бойынша оқытушылар мен әкімшілік көмекшілерге кеңес беру;
– университеттің алқалы-кеңесші органдарының жұмысына қатысу;
– сапа менеджменті жүйесінің, университеттің сапа саясатының және сапа саласындағы университеттің басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау.
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың, Қазақстан Республикасының ішкі тәртіп ережелері мен заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау.
Бөлімнің орналасқан жері: Ректорат ғимараты, 2 қабат, №225, 253 кабинеттер
Байланыс мәліметтері:Жұмыс телефондары +7 (727) 338 70 90, (вн. 7382, 7516)
Академиялық сапа бөлімінің басшысы
Абылгазина Айгуль Есимжановна
Ректорат ғимараты, 2 қабат, №225
Телефон: ішкі: 338-70-90 (73-82)
Email: Abylgazina.a@kaznmu.kz
Академиялық сапа бөлімінің құрамы
Аға әдіскер — Карибжан Мөлдір Әділханқызы
Ректорат ғимараты, 2 қабат, №253
Телефон: ішкі: 338-70-90 (75-16)
Email: Karibzhan.m@kaznmu.kz