Білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыда негіздеу орталығы (БСЗБжМБРҒН) С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ғылыми кеңес шешімінің (23.09.2010ж. №1 хаттамасы)негізінде құрылған және ғылыми-педагогикалық мәртебесіне ие. БСЗБжМБРҒН орталығы тікелей Ректорге бағынады.
2010-2011 жыл аралығында ҚазҰМУ БСЗБжМБРҒН орталығын педагогика ғылымдарының кандидаты Абирова Мейрамкуль Айтбаевна басқарған.
2011 жылдан қазіргі таңға дейін БСЗБжМБРҒН орталығын медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, жоғары дәрежелі дәрігер сарсенбаева Сауле Сергазиевна басқарып келеді.
БСЗБжМБРҒН орталығы маныдай топтарды қамтиды:
кредитация және рейтинг тобы»
- Қаржаубаева Арайлым Мұхамедханқызыа, аға әдіскер
- КилыбаевТалгат, аккредитация және рейтинг бойынша сарапшы
- Юсупов Рустам Рахимович, аккредитация және рейтинг бойынша сарапшы (0,5)
«Оқу үдерісін бақылау»:
- УмароваМакпал Альдибекқызы, аға әдіскер
- Қаржаубаева Арайлым Мұхамедханқызы, әдіскер
- Ауесбекова Макпал Косылбекқызы, әдіскер
БСЗБ ж МБРҒН орталығының мекен – жайы
ҚазҰМУ, INTROIII, тел. 338 70 56, e-mail: [email protected]
Жұмыс кестесі 9.00-18.00, түскі үзіліс 13.00-14.00
Демалыс күндері – сенбі, жексенбі
Орталықтың стратегиялық бағыттары оқу үдерісін басқару формаларын кезең-кезеңімен жетілдірудің нақты траекториясын, білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатымен Университет білім беру қызмет дамыту, сыртқы және ішкі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары құзыретті медицина саласының маманын қалыптастыру болып табылады.
БСЗБжМБРҒН өз қызметін келесідегідей негізгі бағыттарды жұмыс атқарады:
1) Университеттегі жоғары медициналық білім беру сапасын бақылау және жақсарту бойынша нұсқаулықтар өңдеу;
2) ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісін дамыту бойынша, әлемнің ЖОО білім беру технологияларын меңгеру арқылы оқу үдерісін қостау;
3) ғылыми мақалалар жазу арқылы халықаралық ассоциациялармен, білім беру мекемелерімен кәсіби ынтымақтастық жүргізу, конференцияларға, ғылыми жоба жұмыстарына қатысу.
БСЗБжМБРҒН орталығы келесідегідей бағыттар бойынша қызметтер атқарады:
БСЗБжМБРҒН орталығының міндеттері:
- – барлық мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларына білім алушылардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау;
- – білім алу деңгейлері бойынша (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура, PhD докторантура) білім алушыларда қалыптасқан құзыреттердің сәйкестігін талдау;
- – Университеттің оқу процесіндегі жоғары медициналық білім беру аясында халықаралық тәжірибенің және Болон процесінің негізгі параметрлерін жүзеге асыруды бақылау;
- – Университеттің оқу бағдарламаларының сапасын талдау және оларды жақсарту бойынша ұсыныстар өңдеу;
- – Қазақстанның және әлемнің рейтингтік университеттеріндегі оқу үдерісінің технологияларын салыстырмалы бағалау;
- – Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында және Университетте медициналық білім беруді дамыту бойынша нұсқаулықтарды өңдеу.
Аккредитация және рейтинг бойынша тобы келесідегідей міндеттерді атқарады:
– оқу бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуден өткізу рәсімдерін жүргізу;
– Халықаралық және ұлттық рейтингтерге Университетті дайындау;
– Университеттердің әлемдің рейтингі ТОП-700 қатарына Университеттің кіру стратегиясын өңдеу.
Сарсенбаева С.С.
БСЗБ ж МБРҒН орталығының директоры
Медицина ғылымдарының докторы
Қауымдастырылған профессор
Жоғары дәрежелі дәрігер
тел. 338 70 56 , iPECS.7515
e-mail: [email protected]
Қаржаубаева А.М.
БСЗБ ж МБРҒН орталығының аға әдіскері
тел. 338 70 56 , iPECS.7517
КилыбаевТ.Б.
Аккредитация және рейтинг бойынша сарапшы
тел. 338 70 56
e-mail: [email protected]
Умарова М.А.
БСЗБ ж МБРҒН орталығының аға әдіскері
тел. 338 70 56 , iPECS.7516
e-mail: [email protected]
Ауесбекова М.К.
БСЗБ ж МБРҒН орталығының әдіскері
тел. 338 70 56
e-mail:[email protected]
БСЗБ ж МБРҒН орталығының мақсаты мен міндеті
2011-2012 оқу жылында БСЗБ ж МБРҒН орталығында 4 бағытты қамтитын оқу үдерісін бақылау стратегиясы өңделді:
1)ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісін жүзеге асыруды жан-жақты бағалау;
2)интерндер мен студенттердің университетте алған білімдеріне қанағаттанушылық деңгейін анықтау;
3)ҚазҰМУ түлектерін даярлау сапасы туралы жұмыс берушілердің пікірін анықтау;
4)университет қызметінің инновациялық бағыттарының жүзеге асырылу тиімділігін бағалау: визитинг бағдарламасы, магистрлердің академиялық ұтқырлығы, кредиттік білім беру жүйесі, Педагогикалық шеберлік мектебі.
БСЗБ ж МБРҒН орталығының жүргізетін институционалдық зерттеу үдерісі мынадан тұрады:
- Университеттегі білім беру үдерісінің сапасын жақсарту мақсатында жүйелі зерттеулер*
№ |
Зерттеу тақырыптары |
Респонденттер құрамы |
Жүргізу мерзімдері |
1 | Жаңа оқу жылында ҚазҰМУ оқу үдерісінен күтілетін өзгерістер | оқытушыларбілім алушылар | Жыл сайын,қыркүйек |
2 | Білім алушылардың университетте алған білімдеріне қанағаттанушылық деңгейін анықтау (оқу және әкімшілік қызметтер сапасы) | Білім алушылар (топтың, студенттердің, интерндердің фокустары) | Бір жылда 2 рет,желтоқсан/мамыр |
3 | ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісін жүзеге асыру сапасын бағалау | оқытушыларбілім алушылар | Жыл сайын,қаңтар |
4 | ҚазҰМУ түлегін даярлаудың деңгейін анықтау | Жұмыс берушілер | Жыл сайын,наурыз-сәуір |
5 | Университеттегі оқу үдерісін ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар | оқытушыларбілім алушылар әкімшілік | Жыл сайын,мамыр |
- Оқу жылында қалыптасқан тақырыптарда университет бөлімшелерінің сұраныстары бойынша зерттеулер (ректор, Оқу департаменттері, ОӘЖД, деканаттар).
№ |
Зерттеу тақырыптары |
Сұраныс берушілер |
Респонденттер құрамы |
1 | Университет оқытушыларының білім беруде қолданатын әдістері | ОТЖ бойынша проректоры, ОӘЖД | оқытушылар |
2 | Кредиттік-модульдік білім беру жүйесін енгізу тиімділігін бағалау | ОӘЖД | оқытушыларбілім алушылар |
3 | Университеттің бөлек құрылымдық бөлімшелерінің қызметтері бойынша респонденттер пікірін талдау | Халықаралық ынтымақтастық бөлімі,Адам ресурстары бойынша басқарма | |
4 | Оқу үдерісіне жаңа технологиялар мен білім беру әдістерін енгізу нәтижелерін талдау | ОӘЖД, Оқу департаменттері, деканаттар | оқытушыларбілім алушылар |
5 | Бастамалық бақылаулық зерттеулер | БСЗБжМБРҒН орталығы | |
6 | Білім алушылардың on-line дауыс берулері | БСЗБжМБРҒН орталығы |
- ҚазҰМУ-дағы білім беруді дамыту стратегиясын өңдеу және оқу үдерісін жетілдіру бойынша нұсқаулықтар (стратегиялар, концепциялар, жүзеге асыру жоспарлары, жұмысты ұйымдастырулар туралы нұсқаулық).
- Институционалдық зерттеулер нәтижесі туралы конференциялар мен мәжілістерде баяндамалармен, ҚазҰМУ сайтында, «Шипагер» газетінде жарияланатын мақалалар түрінде мүдделі қоғамды және ҚазҰМУ қызметкерлерін хабардар ету.
- Әлемнің және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен кәсіби ынтымақтастық жүргізу (ғылыми жариялымдар, конференцияларға қатысу).
- «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі» ақпараттық жобасын жүзеге асыру (құзыретті-бағдарланған медициналық білім беру үлгісіне арналған кітаптар топтамасын шығару).
2010-2012 ж.ж. 24 оқу үдерісін бақылау жүргізілді, оның ішінде 6 бақылау Ғылыми кеңесте қаралды. 2012 ж. әлеуметтік зерттеулер жүргізу үшін жұмыс берушілер бойынша еңбек нарығында ҚазҰМУ түлектерінің бәсекеге қабілеттігіне және сұранысқа иелілігіне, сонымен қатар, Университеттегі жемқорлық мәселелеріне ғылыми-негізделген баға берген БСЗБжМБРҒН орталығымен ОФ Транспаренси Казахстан және «DAMU Research Group»агенттіктері тарптылды.
2 жыл барысында БСЗБжМБРҒН орталығы ОӘЖД-мен бірлесіп университетішкілік гранты бойынша оқу жобаларын орындауға сайыстарда жеңіске жеткен:
- грант 2011 ж. «Медициналық университет түлегінің құзыреттілігін қалыптастыруға негізделген оқу бағдарламаларын өңдеу және енгізу».
- грант 2012 ж. «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Болон үдерісі білім беру сапасы ретінде».
БСЗБжМБРҒН орталығы қызмет көрсету барысында ҚазҰМУ Ғылыми кеңесіне оқу үдерісін жетілдіру бойынша, соның ішінде, ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісіне сәйкес бірнеше тұжырымдамалық ұсыныстар берген.
1) ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісіне сәйкесбакалавтр құзыреттерін бағалау жүйесі(ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 27.09.2011 ж.№ 2 хаттама).
2) ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісіне сәйкес білім алушылардың құқықтық құзыреттерін қалыптастыру концепциясы (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 25.10.2011 ж.№ 3 хаттама).
3) Оқу департаменті, Оқу департаментінің директоры, Оқу бағдарламалары комитетінің төрағалары ережесіне өзгерістер енгізу (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 29.11.2011 ж.№ 4 хаттама).
4) С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ факультеттерінде білім беру деңгейі бойынша дәстүрлі және белсенді оқыту әдістерінің (интерактивті) пайыздық қатынасы бойынша нұсқаулықтар (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 29.11.2011 ж.№ 4 хаттама).
5) «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ құрылымдық бірліктерін қалыптастырудың жаңа жолдары» Концепциясы(ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 27.12.2011 ж.№ 5 хаттама).
6) Интерндердің ҚазҰМУ-да алған білім сапасына қанағаттанушылық көрсеткішін анықтау нәтижесі және білім беру сапасын жақсарту бойынша нұсқаулықтар (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 24.01.2012 ж.№ 6 хаттама).
7) Интернатурадағы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі (интернатура деканатымен бірге, ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 24.01.2012 ж.№ 6 хаттама).
8) ҚазҰМУ-дың халықаралық Ассоциацияларға кіруі (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 28.02.2012 ж.№7 хаттама).
9) С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да «talking heads»тобын құру және қызметі туралы ұсыныстар өңдеу (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 24.04.2012 ж.№9 хаттама).
БСЗБжМБРҒН орталығының бастамасымен ҚазҰМУ 2011 жылдан бастап университеттің рейтингтік көрсеткіші мен абыройына ықпал ететін 5 халықаралық Ассоциацияларға институционалдық мүше болды –Еуропадағы медициналық білім беру Ассоциациясы (AMEE), Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы (EUA), Стоматологиялық білім берудің Еуропалық Ассоциациясы (ADEE), «Сібірлік ашық университеті» қашықтықтан білім беру сібірлік бірлестігі, Университеттердің Еуразиялық ассоциациясы (М.В.Ломоносов атындағы ММУ).
Ассоциациялармен форумдар, жариялымдар, хат алмасу жолдары бойынша БСЗБжМБРҒН орталығымен қатынас жүргізіледі.
Екі жыл барысында БСЗБжМБРҒН орталығымен«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі» ақпараттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Құзыретті-бағдарланған медициналық білім беру үлгісіне арналған13 кітап топтамалары шығарылды.
- ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: құзыреттер (2010ж.) (қаз.,орыс тілдерінде бөлек кітаптар)
- ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: бакалавр оқу бағдарламалары (2010 ж.) (қаз., орыс тілдерінде бөлек кітаптар)
- ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: білім берудің түрлері мен әдістері (2010ж.) (қаз., орыс тілдерінде бөлек кітаптар)
- ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: құзыреттерді бағалау әдістері (2010 г.) (қаз., орыс тілдерінде бөлек кітаптар)
- ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: қорытындылары, мәселелері, перспективалары(орыс тілінде мамыр конференциясына 2011 ж.)
- ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі:түлектің тәжірибелік дағдылары (орыс тілінде кітап 2011ж.).
- ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісін жүзеге асыру. Білім берудің түрлері мен әдістері (қаз., орыс тілдерінде кітаптар 2011ж.)
- ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі:студенттерді кәсіби даярлау үдерісаіндегі құқықтық құзыреттерді қалыптастыру стратегиясы (қаз., орыс тілдерінде кітаптар 2011ж.)
- ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: білім беру деңгейлері бойынша құзыреттерді бағалау (негізгі медициналық білім беру– бакалавр) (қаз., орыс тілдерінде кітаптар 2011ж.)
- ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: интернатурадағы құзыретті-бағдарланған оқу бағдарламалары(орыс тілінде кітап, 2011ж.)
- ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: болашақ дәрігерлер көзімен(қаз., орыс, ағылшын тілдерінде кітаптар 2012 ж.)
БСЗБжМБРҒН орталығымен, Коммуникативтік дағдылар орталығымен, Фармация оқу департаментімен тағы 2 кітап топтамасы әдістемелік басшылықпен басып шығарылды:
- ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: коммуникативтік дағдылар (орыс тілінде, 2011 ж.)
13. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: болашақ студенттер көзімен: заманауи жағдайы және фармацевтикалық білім беруді дамыту перспективалары (орыс тілінде, 2011 ж.).