Магистратураға түсетін тұлғалар, қабылдау бөліміне 28 тамызға дейін келесі құжаттарды тапсырады:
- Басқарма төрағасы – Ректордың атына өтініш.
- Жоғары білімі туралы құжат және оның қосымшасы (түпнұсқа және көшірмелері);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- 3×4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
- 075/у медициналық анықтамасы, флюорография;
- Шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат: (бар болған жағдайда)
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
IELTS Academic – шекті балл кемінде – 6.0;
TOEFL IBT – шекті балл кемінде – 60;
неміс тілін меңгеру бойынша::
DSH – B2 деңгейі;
TDF – B2 деңгейі;
француз тілін меңгеру бойынша:
TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;
DELF – В2 деңгейінен төмен емес;
DALF – В2 деңгейінен төмен емес;
TCF – В2 деңгейінен төмен емес.
- Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
- Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Осы тармақтың 6 және 7 тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары түсушіге қайтарылады.
Құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушіден құжаттарды қабылдамайды.