Докторантураға түсетін тұлғалар, 3 шілде мен 3 тамыз аралығында (жазғы қабылдау) және 25 қазан мен 10 қараша аралығында (қысқы қабылдау) төмендегі құжаттарды келесі тәртіпте тапсырады:
- Басқарма төрағасы – Ректордың атына өтініш;
- жоғары білімі туралы құжат және оның қосымшасы (түпнұсқа және көшірмелері);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан (КАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы ресми сертификат;
- шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (түпнұсқа):
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
IELTS Academic – шекті балл кемінде 5.0 баллов;
TOEFL IBT – шекті балл кемінде 35 баллов;
TOEFL ITP* – шекті балл кемінде 417 баллов;
TOEIC – шекті балл кемінде 550;
Duolingo English Test – шекті балл кемінде 80;
неміс тілін меңгеру бойынша:
DSH – B1 деңгейінен төмен емес;
TDF – B1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
DELF – B1 деңгейінен төмен емес;
DALF – B1 деңгейінен төмен емес;
TCF – B1 деңгейінен төмен емес.
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама, флюорография;
- 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
- шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
- соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізбесі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
- алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша).
Құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушіден құжаттарды қабылдамайды.
*TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханының алдында ҰТО жүргізетін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестіні тапсырады.