Кәсіби бағдар беру бойынша форум өтті

 

Кәсіби бағдар беру бойынша форум өтті

2016 жылдың 29 қаңтарында сағат 12.00-16.30 аралығында Алатау ауданындағы №182 жалпы білім беру мектебінде ҚР жетекші ЖОО-ның қатысуымен Алматы қаласы Алатау ауданының жоғарғы сынып оқушыларына арналған Республикалық «Современное образование» журналының редакциясы мен Алматы қаласының білім беру басқармасының ұйымдастырумен оқу орындарының көрмесі – кәсіби бағдар беру бойынша форум өтті.

Университеттің Республикалық «Современное образование» журналының редакциясымен бірлескен жұмысы шеңберінде Кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің өкілі – «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының оқытушысы Н.Б.Абиырова, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша – «Мейірбике ісі» кафедрасының ассистенті А.Ж.Байбулатова, «Фармация» мамандығы бойынша – «Фармацевт-технолог» модулінің доценті Л.Н.Ибрагимова, «Фармацевт-аналитик» модулінің оқытушысы А.Л. Ахелова, «Фармацевт-токсиколог» модулінің аға оқытушысы Л.А.Абдурахманова аталған іс-шараға қатысып, Алатау ауданының жоғары сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Кәсіби бағдар беру форумының қатысушыларына «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ге 85 жыл» фильмі көрсетілді, сонымен қатар Университет факультеттері мен мамандықтары туралы толық ақпарат берілді, маман дайындау бағыттары, ҚазҰМУ-ге оқуға түсу мен құжат тапсыру ережелері туралы кеңестер беріліп, Университет жайлы ақпараттық материалдар таратылды. Оқушылар Кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту орталығының мамандары мен университет оқытушыларына өздерін қызықтыратын, толғандыратын сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптарын алды. Осылайша, оқушылар – болашақ абитуриенттер өздерінің болашақ мамандықтарын таңдауға тағы бір қадам жасады.