Жобаның атауы: FOstering the doctoR of the 21st century: education for patient-centered communication /FOR21.
Жобаның мақсаты
Дәрігерлер мен науқастар арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған коммуникативті құзыреттілік пен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыратын әдіс-құралдарды, білім беру стратегиялардың және медицина саласындағы оқу бағдарламаларының дамуын ынталандыру.
Міндеттері
- Жергілікті деңгейде науқастарға бағытталған коммуникациялық оқыту бағдарламасын жүзеге асыруды қолдайтын серіктес университеттерде коммуникациялық оқу орталықтарын құру.
- Оқушылардың үлгерімін және енгізілген инновациялық тәсілдердің тиімділігін бағалау жүйесін дайындау.
- Дәстүрлі дәрістік оқытудан аралас және қашықтықтан оқыту сияқты білім беру технологияларына көшу үшін толық интеграцияланған оқу ортасында интерактивті модельдеуді қолдану.
- Педагогикалық орталықтарды жүйеге біріктіру, серіктес және серіктес емес медициналық университеттердің білім беру бағдарламаларын ынталандыру, коммуникативтік құзыреттілікті дамыту тенденцияларына сәйкес жаңашылдықты енгізу.
Күтілетін нәтижелер
Университеттерде коммуникативті дағдыларды дамыту орталықтарын құру және оларды жабдықтау. Әкімшілік қызметкерлер медициналық студенттердің коммуникативтік дағдыларының дамуын көрсететін бірыңғай бақылау жүйесін иеленеді. Бұл жағдайда барлық қажетті құрал – жабдықтар, бақылау және оқу материалдары жобаның соңында беріледі. Оқыту бағдарламалары, оқу материалдары мен құралдар, оқыту әдістемесін әзірлеу, тестілеу және енгізу. Ашық білім беру ресурсты құру (науқастардың виртуалды сценарийлері, бейне дәрістер және клиникалық тәжірибе стендтері). Сабақтарды жүргізу үшін арнайы жабдықталған сыныптарды ашу.
- Медициналық жоғары курс студенттері дамыған дағдыларды пациентпен сөйлесу алгоритмін құруды, жанжалды жағдайларды шешуді, қайтадан келген науқастардың санын азайтуды және олардың өзіне күтім жасауды ынталандыруды үйренеді.
- Педагогикалық және әкімшілік қызметкерлер білім беру технологиялар мен бағдарламалар саласындағы халықаралық жетістіктер мен тәжірибені енгізуге дайын болады. Оқытудың коммуникативті дағдылары мен бақылау жүйелерінің реттілігі оқытушылар құрамы мен деканат арасындағы тығыз ынтымақтастығы арқылы құрылады.
Әлеуметтік желі:
https://for21.eu
Twitter
Facebook
©️ Copyright 2021. Барлық құқықтар сақталған. FOR21 – бұл ERASMUS+ 2020 бағдарламасы шеңберінде Еуропалық комиссия бірлесіп қаржыландыратын бірлескен жоба.
ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ: аталған жарияланым Еуропалық Комиссияның қолдауымен әзірленген, сайттың барлық жарияланымдары тек авторлардың көзқарасын ғана көрсетеді, сондықтан Еуропалық комиссия олардың қандайда бір мазмұнына, одан әрі пайдалануына жауап бермейді.