FOR21- ҚазҰМУ командасы «Медицинадағы коммуникативтік дағдылар, психология және әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері: теориядан тәжірибеге» атты IX Халықаралық жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.




26.05.2023

2023 жылдың 11 мамырында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ҚазҰМУ «Коммуникативтік  дағдылары» кафедрасы мен «Коммуникативтік дағдылар орталығының» қызметкерлері «Коммуникациялық дағдылар, психология және медицинадағы әлеуметтік жұмыс: теориядан тәжірибеге»  атты IX Халықаралық жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Бағдарламаға сәйкес баяндамалар тыңдалып, шеберлік сыныптары өткізілді. Нәтижелерді тарату және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс аясында ҚазҰМУ Erasmus+ FOR21 жобасының жетекшісі Юсупов Рустам Рахымұлы (Қазақстан, Алматы қ., м.ғ.к., С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының доценті) «21 ғасыр дәрігерінің дамуына жәрдемдесу: ҚазҰМУ-да емделушіге бағытталған қарым-қатынас дағдыларын үйрету» Erasmus+ FOR21 жобасын жүзеге асыру» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада жобаның өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері, тиімді коммуникацияның дұрыс, тұрақты, негізгі және қосымша дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін үрдістер  мен білім беру технологиялары жайлы айтылды.

«Виртуалды пациент» және «стандартталған пациент» (VP / SP) жағдайларының мысалдарын пайдалана отырып, дәрігерлер,  тәжірибелік медицина мамандары үшін тиімді коммуникативтік дағдыларды білу және дұрыс қолдану, емделушінің сенімін арттырады, сонымен бірге аурудың толық және сенімді бейнесін алуға ықпал етеді, серіктестік қарым – қатынас орнатуға, дұрыс диагноз қоюға және дәрігердің барлық нұсқаулары мен ұсыныстарын одан әрі орындауға көмектеседі.

Конференцияға ғалымдар, жоғары оқу орындарының, колледждердің, мектептердің оқытушылары, практикалық психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Конференция 3 тілде жүргізілді: қазақ, орыс, ағылшын.