Біздің бүгініміз бен келешегіміз




14.09.2016

Ертеңгі күннен жақын жоқ,

Кешегі күннен алыс жоқ

                                                   Мақал

 

С.Ж.Асфендияров Атындағы

Қазақ Ұлттық Медицина Университеті 

1930 жылы РКФСР ХКК-ның қаулысымен Қазақстанда алғаш рет медицина институты ашылды. Алғашқы ректоры Ленинград Әскери-медицина академиясының түлегі Санжар Жафарұлы Асфендияров болды.

Халық денсаулығының сақтауыды дамытуға қосқан үлесі үшін 1981 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды. 2001 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетіне Ұлттық университет жоғары мәртебесі берілді.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ-ДЫҢ МИССИЯСЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Миссиясы

Үйлесімді дамыған, әлемдік қоғамдастыққа берік және терең интеграцияланған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, этикалы жоғары білікті медициналық қызметті ұсынатын, медицина мен фармациядағы жаңа білімдерді беретін мамандармен қоғамды қамтамасыз ету.

 

 Стратегиялық мақсаты

Медициналық қызмет нарығында жоғары сапалы медициналық білімді, практикалық денсаулық сақтауға енгізілетін денсаулық сақтаудың маңызды мәселелері бойынша заманауи ғылыми зерттеулерді ұсынатын, бәсекелестік қабілеті бар инновациялық-бағытталған университеттің тиімді моделін құру.

 

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің болашағы

жоғары және дипломнан кейінгі білімімен халықаралық деңгейде бәсекелестік қабілеті бар мамандарды дайындауда көш басшы;

-медициналық ғылым мен білім саласында ғылыми және инновациялық потенциалдарды дамытудың ғылыми-зерттеу орталығы;

ғылым, білім және тәжірибенің бірлігін қамтамасыз ететін, әрі қарай ұлттық ғылыми мектепті дамыту арқылы ғылыми дәстүрлерді сақтауды және көбейтуді қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық аймақты қалыптастыру орталығы;

пациенттерді емдеудің және реаблитациясының, профилактикасының, диагностикасының озық технологияларының клиникалық орталығы;

үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі көш басшы.

 

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  бұл қуатты материалдық және оқу-әдістемелік базасы, жоғары білікті кадрлары, қалыптасқан ғылыми-педагогикалық мектептері, шетелдік студенттермен жұмыс істеудің көп жылдық тәжірибесі бар ірі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымы.

Басқару қызметін тиімді жүзеге асыру үшін келесідей құрылымдық бөлімшелер құрылған:

1)         Басқару және дамытудың стратегиялық департаменті, құрамына стратегиялық жоспарлау бөлімі, сапа менеджменті жүйесі бөлімі, халықаралық ынтымақтастық бөлімі және білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыдан негіздеу орталығы кіреді;

2)         Әкімшілік ісі жөніндегі Департамент, құрамында персоналдарды басқару бойынша бөлім, адам ресурстарын дамыту басқармасы, Х.С.Насыбулина атындағы оқытушылар мектебі, заң бөлімі бар;

3)         Экономика және қаржы Департаменті;

4)         Эксплуатациялық жұмыстар жөніндегі Департамент;

5)         Ақпараттық технология Департаменті.

Ғылыми кеңес, Этикалық кеңес, Сапа бойынша Кеңес, Қамқоршылар кеңесі және басқа да кеңес беруші органдар жұмыс істейді.

Оқу-білім беру қызметін жүзеге асыру үшін оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі депар-тамент, деканаттар, сонымен бірге құрамында білім беру бағдарламаларының комитеттері (8) бар оқу департаменттері, практикалық дағдылар орталығы, тіркеуші-кеңсе басқармасы, эдвайзерлер кеңсесі, дайындық бөлімі, бітірушілерді еңбекпен қамту орталығы сияқты инновациялық құрылымдар құрылған.

Білім беру қызметімен қатар университет ғылыми-зерттеу және емдік-кеңестік жұмыстарды да жүзеге асырады. ҚазҰМУ-нің құрылымында қазіргі кезде жұмыс істейді:

– Б.А.Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицинаның ғылыми-зерттеу орталығы (институты);

– Оқу-клиникалық орталығы (ОКО);

– Ішкі аурулар клиникасы;

– Стоматология институты;

– Дипломнан кейінгі білім беру институты;

– Х.Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі (ҚДС);

– Дәлелді медицина орталығы.

Университеттің 6 факультетінде (емдеу, педиатриялық, қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент, жалпы медицина, кәсіби дайындық)    76 кафедра және 7 курс бар, 2 факультетте  (фармацевтикалық және стоматологиялық) кафедралар модульге қайта құрылған (фармацевтикалық факультетте  5 модуль, стоматология факультеті  9 модуль).

Университетте «Медицина саласында жоғары кәсіби білім беру сферасындағы білім беру қызметтерін жасау және ұсыну; дәрігерлер мен медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін жоғарылату; емдік-диагностикалық қызметті көрсету; медицина саласында ғылыми зерттеулерді жүргізу» саласында Сапа Менеджменті Жүйесі енгізілген және сертификатталған (Сертификат SGS (Швейцария) № HU11/5879, 20 маусым 2011 жыл).

СМЖ-нің жұмыс істеуіне бақылауды сертификатталған 40 ішкі аудитор жүргізеді, оның ішінде 5 студент бар.

Басқару Бақылаушы Кеңес, Ғылыми Кеңес, Сапа бойынша Кеңес, ректорат қызметкерлерінің апталық мәжілістері, кафедра меңгерушілері және студенттер белсенділерімен ай сайынғы өткізілетін мәжілістер арқылы жүргізіледі. Әріптестермен тиімді қарым-қатынасты орнату үшін университет базасында “Корпоративті университет” инновациялық білім беру консорциумы құрылған.

2011 жылдың қыркүйек айында университетте ҚазҰМУ-нің 2011-2014 жылдарға инновациялық даму бағдарламасы жасалды.

 

КАДРЛАР ҚҰРАМЫ

ҚазҰМУ-нің профессорлар-оқытушылар құрамында 1712 штаттық бірлік бар

Білім беру үрдісіне шетелдік мамандарда тартылады. Университетте рекрутинг бөлімі жұмыс жасайды.

Соңғы 4 жылда Адамдар ресурсын дамыту бөлімі (қазір  басқармасы) университеттің даму стратегиясын және персоналдарды дамыту Концепциясын жүзеге асыру мақсатында университеттің профессорлар-оқытушылар құрамын келесі бағдарламалар бойынша оқытты:

Х.С. Насыбуллина атындағы «Педагогикалық шеберлік мектебi» университеттiң Ғылыми кеңес шешiмімен бекiтiлген ұйымдық құрылымға сәйкес құрылды және Университет Уставының негізінде жұмыс істейді.

Х.С. Насыбуллина атындағы «Педагогикалық шеберлік мектебiнде» оқыту формасы:

1.   60% – оқытушы-стажерлер үшін біліктілігін жетілдіру;

2. 40% – профессорлар-оқытушылар құрамы үшін педагогика бойынша біліктілігін жетілдіру.

Мектептiң негiзгi міндеттері:

–       Университеттің алға қойған стратегиялық міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге қабілетті жоғары білікті қызметкерлерді дайындау және Университетте қалдыру арқылы ғылыми-педагогикалық кадрларға қажеттілікті уақытында қанағаттандыру;

–       Жас ғылыми-педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау.

Университеттің барлық қызметкерлерін университеттің қызметін жақсарту процесіне тарту үшін 2010 жылы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кеңесі арқылы «Кайдзен стратегиясын жүзеге асыру туралы ереже» қабылданды. Ережеге сәйкес университеттің әрбір қызметкері процесстер қызметін жақсарту бойынша Идеяларды ұсынады және ол үшін материалдық марапаттау алады.

Кайдзен жұмысшы тобы 36 Идеяны қарастырды, қазіргі таңда оның 6-ы табысты іске асырылды, 5 іске асырылуда.

7 оқу корпусы
Электронды кітапханасы

 

70 орынға интернат-класы бар
Стомотология институты
8 Компьютерлік класы (102 компьютер сессия кезінде 140-қа дейін болады) Тест Орталығы
7 студенттік жатахана, Конгресс-холл спортты кешендер мен залдар, медицина тарихының Республикалық мұражайы, асхана, медпункт, типогарфия
Б.Атшабаров атындағы ІҚМҒЗИ мен бірге ғылыми-білім беру және ғылыми клиникалық –тәжірбиелік зертханалар
Кітапхана базасында Республикалық медициналық кітапхана жұмыс істейді (40 орын), екі анатомиялық мұражай кіретін қуатты білім беру кешені
Тәжірибелік дағдылар Орталығы
Ішкі аурулар клиникасы

Университетте ақпараттандыру бойынша бағдарлама толығымен жүзеге асырылуда.

2011 жылы университет 1000 нетбук алып, университеттің оқу үздіктеріне қайтарымсыз қолдануға берді.

ҚазҰМУ-нің терапевтикалық, хирургиялық, педиатриялық және стоматологиялық профильдегі клиникалық базалары – Стоматология институты, Оқу-клиникалық орталығы, ішкі аурулар университеттік клиникасы, Алматы қаласының және Қазақстанның облыстық орталықтарының ЕАҰ (барлығы 76 база), республикалық дәрежедегі ҰО ҒЗИ-ры (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурызындағы №157 Қаулысына сәйкес):

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің психиатрия, психотерапия және наркология Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің академик Б.У.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің көз ауруларының «Құрмет белгісі» орденді Қазақ ғылыми-зерттеу институты;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институты;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тері-венерологиялық ауруларының ғылыми-зерттеу институты;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің А.Н. Сызғанов атындағы хирургия Ұлттық ғылыми орталығы;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы.

Ғылыми қызметін дамыту үшін ҚазҰМУ 2010 жылы өз базасында құрамына клиникалық-сараптама (КСЗ) және ғылыми-білім беру зертханалары (ҒБЗ) кіретін Б.А.Атшабаров атындағы ҒЗИ ашты.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ БАСҚА ДА ОРГАНДАРЫМЕН ЖӘНЕ ҰЙЫМДАРЫМЕН ЖӘНЕ Т.Б. ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Университет жетекшілігі денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдарымен тығыз қарым-қатынасты жүзеге асырады. Интерндерді дайындау, дәрігерлерді, фармацевтерді, орта медициналық қызметкерлерді дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру сұрақтары бойынша ректор проректорлармен бірге жыл сайын Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының жетекшілерімен мәжілістер өткізеді. Университеттің Үздіксіз білім беру орталығында медициналық білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттырады.

Келісімдер бекітілген:

ҚазҰМУ қатысатын және мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар:

Бүгінгі күнге шетелдік ұйымдармен келісім саны  58.

ҚазҰМУ-нің қазақстандық және шетелдік әріптес жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде студенттер айырбасы бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 50-ден аса студент білім алуға және практикадан өтуге Украинаға, Жапонияға, Италияға, Түркияға, Қытайға, Өзбекстанға жіберілді.

2011 жылдың маусым айынан желтоқсан айы аралығында «Шетелдік мамандарды шақыру» бағдарламасы бойынша ҚазҰМУ-не алыс және жақын шетелден 94 жетекші профессорлар келді (АҚШ, Израиль, Түркия, Қытай, Венгрия, Оңтүстік Корея, Германия, Ресей, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Литва, Италия, Иордания, Франция, Сингапур).

Визитинг-профессорлардың шеберлік кластарына тәжірибелік денсаулық сақтау мамандары және Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының ПОҚ шақырылады.

Жыл сайын желтоқсан айының алғашқы күндерінде университет «Университет күндері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді, оның бағдарламасына әлемнің беделді ғалымдарының дәрістері, факультеттердің тақырыптық конференциялары, студенттік іс-шаралар (студенттер қатарына қабылдау, дебаттар, тренингтер, сайыстар, жарыстар)  кіреді.

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Жұмыс істеген 81 жылдың ішінде университет 60 мыңнан аса мамандарды дайындады, олар тек Қазақстан Республикасында ғана емес,  шетелдерде де табысты еңбек етіп жүр.

ҚазҰМУ-де білім беру Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық мамандықтар мемлекеттік классификаторының барлық тізімі бойынша лицензияларға сәйкес жүргізіліп келеді:

•           Емдеу ісі,

•           Педиатрия,

•           Медициналық-профилактикалық іс,

•           Стоматология,

•           Фармация,

•           Шығыс медицинасы (соңғы бітірушілер 2011 ж.),

•           Медициналық-биологиялық іс (соңғы бітірушілер 2011 ж.)

– жоғары кәсіби білім берудің (бакалавриат) 7 мамандығы бойынша:

•           Жалпы медицина,

•           Медициналық-профилактикалық іс,

•           Қоғамдық денсаулық сақтау,

•           Фармация,

•           Стоматология,

•           Мейірбике ісі,

•           Менеджмент;

– магистратураның 7 мамандығы бойынша:

•           Медицина,

•           Қоғамдық денсаулық сақтау,

•           Мейірбике ісі,

•           Фармация,

•           Медициналық-профилактикалық іс,

•           Фармацевтикалық өндіріс технологиясы (2011 ж. бастап),

•           Гигиена және эпидемиология (2011 ж. бастап).

– интернатураның 7 мамандығы бойынша:

•           жалпы тәжірибелі дәрігер,

•           терапия,

•           педиатрия,

•           хирургия,

•           акушерлік және гинекология,

•           қоғамдық денсаулық сақтау;

•           жалпы тәжірибелі дәрігер-стоматолог;

– резидентураның 31 мамандығы бойынша;

– PhD-докторантураның 3 мамандығы бойынша;

– қосымша кәсіби білім берудің 56 мамандығы бойынша.

Емдеу факультетінде білім беру ҚР 3.07.436-2003 МЖББС,  2005 жылғы өзгертулер және толықтырулармен бірге ҚР 3.07.438-2005 МЖББС негізінде «емдеу ісі» мамандығы бойынша жүргізіледі . Оқыту ұзақтығы – 6 жыл.

040100 – «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 6 курста оқуды бітіргеннен кейін 040100 – «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім алғандығы туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Мемлекеттік қорытынды аттестацияны тапсырған шетелдік студенттерге «дәрігер (медицина докторы)» біліктілігін бере отырып 040100 – «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім алғандығы туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Педиатрия факультетінде мамандарды дайындау «педиатрия» мамандығы бойынша жүргізіледі. Күндізгі оқу нысанында «Педиатрия» мамандығы бойынша оқыту ұзақтығы – 7 жыл. 7-ші оқу жылында интернатура (мамандану): «дәрігер-педиатр», «дәрігер-балалар хирургы».

040200 – «Педиатрия» мамандығы бойынша оқуды бітіргеннен кейін бітіруші түлектерге 040200 – «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім алғандығы туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Жалпы медицина факультетінде 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандар дайындалады.

5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 5 жыл оқығаннан кейін клиникалық практикадан тыс салада жұмыс істегісі келген түлектерге «Медицина бакалавры» деген академиялық дәреже және жоғары медициналық білімі туралы диплом беріледі. Медицина бакалавры оқуын магистратурада жалғастыруға құқылы.

5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша (5+2) оқуды бітірген түлекке дәрігер біліктілігімен қоса жоғары медициналық білімі туралы диплом және интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі.

Түлектер мамандану үшін оқуын резидентурада немесе магистратурада жалғастыруға құқылы.

Медициналық-профилактикалық факультетте «медициналық-профилактикалық іс» және «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша мамандарды дайындайды.

5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқуды бітірген түлектерге «Қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры» деген академиялық дәреже және жоғары медициналық білімі туралы диплом беріледі.

5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқуды бітірген түлектерге «Денсаулық сақтау бакалавры» деген академиялық дәреже және жоғары медициналық білімі туралы диплом беріледі. Бакалавриатты бітірген түлектер эпидемиология, коммуналды гигиена, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, еңбек гигиенасы, радиациялық гигиена, вирусология, бактериология, паразитология маманы ретінде дербес тәжірибелік қызметке жіберіледі.

Бітірген түлектер оқуын магистратурада жалғастыруға құқылы.

Стоматологиялық факультетінде «стоматология» мамандығы бойынша мамандар дайындалады.

5В130200 – «Стоматология» мамандығы бойынша 5 жылдық оқуды бітіргеннен соң клиникалық практикадан тыс салада жұмыс істегісі келген түлектерге «Стоматология бакалавры» академиялық дәрежесі және жоғары медициналық білімі туралы диплом беріледі. Бітіргеннен кейін стоматология бакалавры оқуын магистратурада немесе интернатурада жалғастыруға құқылы.

5В130200 – «Стоматология» мамандығы бойынша (5+1)  оқуды бітірген түлекке «Жалпы тәжірибелі дәрігер-стоматологы» біліктілігімен қоса жоғары базалық медициналық білімі туралы диплом және интернатураны бітіргені туралы диплом беріледі.

Бітіргеннен кейін түлек оқуын резидентурада жалғастыруға құқылы.

Фармацевтика факультеті 3 деңгейде: бакалавриат, магистратура, Ph-D-докторантура бойынша 2 мамандықтан: 110300 «Фармация», 074800 «Фармацевтикалық өндірісі технологиясы» мамандар даярлайды.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің фармацевтикалық білім беру моделін іске асыру аясында факультетте 5 негізгі бағыттар:  «Фармацевт-менеджер», «Фармацевт-аналитик», «Фармацевт-технолог», «Фармацевт-фармакогност», «Фармацевт-токсиколог» бойынша   модульдік оқыту жүйесі енгізілген.

5В110300 – «Фармация» мамандығы бойынша оқуды бітірген түлектерге «Фармация бакалавры» деген академиялық дәреже және жоғары фармацевтикалық білімі туралы диплом беріледі.

5В110300 – «Фармация» мамандығын бітірген түлектер оқуын магистратурада жалғастыруға құқылы.

«Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент» факультетінде мамандарды дайындау үш деңгейде жүргізіледі: бакалавриат – 051101 – «Мейірбике ісі», 050507 – «Менеджмент» мамандықтары; магистратура – 6М110100 «Медицина», 6М110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау», 6М110500 «Медициналық-профилактикалық іс», 6М110300 – «Мейірбике ісі» мамандықтары; PhD-докторантура – 6Д110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша.

051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 4 жыл оқуды бітіргеннен кейін, бітірушілерге «мейірбике ісінің бакалавры» академиялық дәрежесі және «мейірбике-менеджер» біліктілігін бере отырып жоғары базалық білім туралы диплом беріледі .

Бітіруші түлек әрі қарай оқуын магистратурада жалғастыруға құқылы.

050507 – «Менеджмент» мамандығы бойынша 4 жыл оқуды бітіргенен кейін «менеджмент бакалавры» академиялық дәрежесі  және жоғары базалық білім туралы диплом беріледі.

Бакалавриатты бітіргеннен кейін түлек оқуын магистратурада жалғастыруға құқылы.

Қазіргі уақытта ҚазҰМУ-де бакалавриатта 9200 студент, 71 магистрант,  240 резидент, 13 Phd докторы, 464 сырттай білім алушылар (39 ұлттың) білім алады. Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар Үндістаннан, Жапониядан, Ауғанстаннан, Тәжікстаннан, Белоруссиядан, Қырғызстаннан, Ресейден, Өзбекстаннан, Түрікменстаннан, Қытай Халық Республикасынан, Израильден, Монғолиядан, Пәкістаннан, Оңтүстік Кореядан, Молдовадан, Грузиядан, Палестинадан келген шетелдік азаматтар білім алады.

Қазақстан Республикасында алғаш рет С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ті дипломға дейінгі медициналық білім берудің құзырлы-бағытталған моделін жасады:

– әлемдік талаптарға және еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап беретін 5 компетенцияға негізделген (когнитивті, операциональды, аксиологиялық, құқықтық сұрақтар және өзін-өзі жетілдіру);

–  теориялық, тәжірибелік дағдылар кешенін игерген, клиникалық ойлау қабілеті және пайда болған сұрақтарды шешуге ғылыми ыңғайы қалыптасқан мамандарды дайындауға бағытталған.

Қазіргі уақытта дипломнан кейінгі білім берудің университеттік моделін қалыптастырудың концептуальді ыңғайлары анықталуда.

Университеттің ПОҚ-мы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің мемлекеттік стандарттарын, базалық профильді пәндер бойынша типтік бағдарламаларды жасауға қатыса отырып республика масштабында үлкен әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады.

2008 жылы университет мемлекеттік аттестациядан өтті (ҚР ДСМ-нің бұйрығы № 328, 24.12.2008 ж.). 2008 жылдың қараша айында университет институционалды аккредитациядан өту үшін Ұлттық Аккредитациялық Орталыққа тапсырыс берді (№2081-01-14, 17.11.2008 ж.). 12.02.2010 ж. №5 келісімге сәйкес университет өзін-өзі бағалау және есепті жазу процедурасын бітірді және ҚР ҒжБМ ҰАО стандарты бойынша институционалды аккредитациясын өтуге дайын. Білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялауға дайындық бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

2010 жылы Білім сапасын зерттеу бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыдан негіздеу Орталығы құрылды. Орталықтың негізгі міндеттері университеттегі білім сапасын мониторингілеу, Қазақстанда медициналық білімді дамыту бойынша стратегия мен ұсыныстарды жасау, жаңа буынның мемлекеттік білім беру стандартын жасау үшін ұсыныстар беру болып табылады.

Тәжірибе алмасу мақсатымен жас педагогтар үшін Білім сапасын зерттеу бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыдан негіздеу Орталығы «Teaching Excellence – Превосходное качество преподавания» (01.11.2010 ж.) үйрету семинарын ұйымдастырды. Семинар АҚШ-ның «The Bureu of Educational and Cultural Affairs» Мемлекеттік департаментінің білім және мәдениет істері бойынша Бюросы қаржыландыратын білім беру жобасының шеңберінде жүргізілді. Семинар барысында Оңтүстік Каролина (АҚШ) университетінің профессоры Уолтер Ханклоскидің қатысуымен  On-Line режимдегі интернет-конференция өткізілді. Семинарға 100 жас оқытушы қатысты.

Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетімен бірге «Биомедициналық техника және технология» бағыты бойынша дистанциялық білім берудің «пилотты» жобасы басталды (01.10-30.10.2010 ж.). Университеттің 15 оқытушысы өтті.

«Университеттің жол картасының» екі бөлімі жасалды: «Білім беру бағдарламаларын жаңарту және жетілдіру», «Медициналық және фармацевтикалық білім беруұйымдарының оқытушыларының потенциалын жоғарылату» (17.03.2011 г).

 

ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒЫЛАР ОРТАЛЫҒЫ

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісінде бірден-бір артықшылығы университет түлектері тәжірибелік дағдыларын және коммуникативті компетенциясын дамыту болып табылады. Жоғарғы оқу орнында осы мақсатта қазіргі заманға сай Тәжірибелік дағылар орталығы ашылды (ТДО).

ТДО құрылымына келесі бөлімшелер кіреді:

– Медициналық симуляция орталығы

– ОҚКЕ орталығы (білімдер мен дағдыларды тәуелсіз бағалау)

– Аспапты-функционалдық диагностика бөлімшесі

– Апат медицинасы орталығы

– Коммуникативті дағдылар орталығы

– Фармацевтикалық дағдылар орталығы

– Тіс емдеу дағдылар орталығы

Медициналық симуляция орталығы оқу құралдарымен кең қамтылған – базалық клиникалық дағдылар бойынша ең қарапайым тренажердан күрделі командалық симуляциялы интерактивті бағдарламалық муляждарға дейін, SimMan 3G сияқты манекендер.

ОКҚЕ орталығында (білімдер мен дағдыларды тәуелсіз бағалау) стандартталған әдіспен және симуляциялық емделушілердің көмегімен студенттерді клиникалық дағдыларда сұрақ қою арқылы бағалайды, емделушіні тексеру,  емделушіге дифференциальдыдиагностиканы ептілікпен және нақты әдістітаңдап дұрыс жүргізу, мұнда америкалық медициналық технология жүйесімен бейімделген лицензиялық емтихан түрінде іске асырылады(USMLE, step 2 Clinical Skills). ОКҚЕ орталығында бейнежазба жүйесі орнатылған ол жерден соңғы білім алу барысында өткен жазбаларды көріп талқылауға (дебрифинг) болады.

Аспапты-функционалдық диагностика бөлімшесінде студенттер, интерндер, резиденттерге әртүрлі ауруларды қазіргі заманға сай диагностика әдісін қолданып диагностикалық құралдардың көмегімен оқып үйренуге мүмкіндік бар. Диагностикалық дағдыларды өту үшін виртуальдық әдістемелер қолданылады, сондай-ақ шынайы диагностикалық аспаптар –  электрокардиография, спирография, электроэнцефалография сияқты аппараттар.

Апат медицинасы орталығыда шұғыл жағдай және төтенше жағдай кезіндегі алғашқы көмек көрсету дағдыларын тек студенттермен ғана оқып үйреніп қоймайды, сонымен қатар парамедиктерді, азаматтық тұрғындарды да оқытады.

Тәжірибелік дағдылар орталығының мақсаты – ҚазҰМУ-нің түлегі – фармацевттерде тәжірибелік дағдылар құзіреттілігін оқытудың барлық деңгейінде 1 курстан бастап бітіргенге дейінгі аралықта тәжірибелік дағдыларды сатылы және сабақтастық үлгіде үйрете отырып қалыптастыру.

Стоматология бойынша тәжірибелік дағдылар орталығы ҚазҰМУ-нің білім берудегі құзыретті бағытталған ыңғайының жаңа моделін жүзеге асыру үшін құрылған. Стоматология бойынша тәжірибелік дағдылар орталығының мақсаты – инновациялық білім беру технологияларын, білім беру формалары мен әдістерін қолдана отырып оқытудың жаңа тақырыптық және оқу жоспарларын үнемі жаңартып отыру және енгізу.

Коммуникативті дағдылар орталығында студенттерден бастап білікті дәрігерлердің коммуникативтік дағдыларын дамыту жұмыстары жүзеге асырылады. Оқыту үш тілде жүргізіледі – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. КДО алдыңғы қатарлы әлемдік мамандармен бірлесіп қызмет атқарады, интерактивті оқытуға арналған тренинг бөлмелерімен, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Теориялық базасы клиникалық қызметпен тікелей байланысты.

ТДО 60 орындық және қазіргі заманға сай проекциалық құралмен, оның екі экраны, сонымен қатар интернет желісіне қосылатын бейнеконференция жүргізуге арналған аппараттармен жабдықталған мәжіліс залы бар.

ТДО 2012-2014 жж. аралығында тәжірибелік дағдылардың білім алу спектрын ұзартуға базадан жоғары мамандандырылғанға дейін, жекешеден командалық симуляцияға дейінгі негізде ТДО қазіргі заманға сай симуляторларын әрқашанда жабдықтау құралдарымен, диагностикалық аппараттарымен бекіту, тәжірибелік, коммуникативтік дағдылар бойынша өңірлік әдістемелік орталықты қайта құру тұжырымдамасын дамытуға ақырындап жоспарлауда.

Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі Ғылыми кеңестің шешімінің  негізінде Университет ректорының бұйрығымен құрылды. ҚазҰМУ-нің  құрылымдық бөлімшесі және ғылыми- оқу-тәжірбиелік базасы болып табылады.

Мақсаты – халықтың денсаулығын қорғау және нығайтудың мемлекеттік саясаты саласында аралас пәндерді, білім беру бағдарламалары мен тәжірибелік дағдыларды, ғылыми бағытты біріктіру негізінде қоғамдық денсаулық сақтау саласының жаңа буындағы мамандарын дайындау.

Халел Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің құрылымына кіреді:

1. Кафедралар: «Денсаулық сақтау саясаты және басқару», «Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен», «Денсаулық сақтаудағы экономика»;

2. Дәлелді медицина орталығы

3. Ғылыми орталық

4. Жастардың денсаулық орталығы

5. «Денсаулық адвокаты» клубы

Жыл сайын студенттерге, магистранттарға және докторанттарға арналған Халықаралық Қысқы және Жазғы мектеп, менеджмент сұрақтары бойынша денсаулық сақтауды ұйымдастырушыларды оқыту, ПОҚ оқытудың жаңа әдістерін енгізу және дәлелді медицина аспектілері бойынша оқыту жүргізіледі.

Дәлелді медицина орталығы өз қызметін дәлелді медицинаға қойылатын негізгі халықаралық талаптарға және сапалы клиникалық тәжірибеге сәйкес жүзеге асырады. Оның мақсаты дәлелді медицинаның принциптері мен әдістемесін білім беру процесіне, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне және толығымен денсаулық сақтау жүйесіне енгізу болып табылады.

Дипломнан кейінгі білім беру Институты Ғылыми кеңестің шешімінің негізінде ректордың бұйрығымен құрылды. Дипломнан кейінгі білім беру Институтының негізінде медициналық қызметкерлерді және медициналық жоғары оқу орындарының ПОҚ дайындау және қайта дайындау жүргізіледі. Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату бойынша мемлекеттік бағдарламаны орындау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген келісімге (ҚР ДСМ-нің №№310, 554 бұйрықтары) сәйкес, сонымен бірге ақылы негізде жүргізіледі. «Мемлекеттік денсаулық сақтау мекеме кадрларын қайта дайындау және біліктілікті арттыру» республикалық бюджеттік 014 бағдарламасы бойынша 1 777 тыңдаушы оқытылды, мемлекеттік тапсырыс 100% орындалды – 132 022 651,00 тенге.

«Тұрғындар үшін БМСК құру» тақырыбы бойынша ҚР-ның 4 аймағынан: Алматы қ-сы, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 707 тыңдаушы оқытылды – 116 465 726,00 тенге.

Практикалық денсаулық сақтау жүйесінің мамандарына ақылы білім беру қызметі – 82 902 434,00 тенге.

«Азиаданы» өткізуге 10.01-22.01.2011 жж. аралығында Үздіксіз білім беру орталығының базасында жедел медициналық көмекті көрсету бойынша Алматы қаласының жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлері мен орта буындағы медициналық персоналдары тегін оқытылды (111 адам).

«Менеджмент» циклы бойынша Қазақстанның барлық жерінен ауруханалардың бас дәрігерлері, бас дәрігердің орынбасарлары, экономистер, бас бухгалтерлер оқытылды.

«Жалпы тәжірибелі дәрігер» циклы бойынша мақсатты трансфертпен Алматы және Жамбыл облысының 74 дәрігері қайта дайындаудан және біліктілігін жетілдіруден өтті.

«Life sciences» Департаменті (Орталығы) сау және ауру ағзаның тіршілік қызметінің мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер мен оқытуды пән аралық үйлестіру және координациялау, базалық медициналық-биологиялық пәндер шегінде студенттерде дәрігердің кәсіби құзыреттілігінің іргелі негізін қалыптастыру мақсатымен құрылды және жұмыс істейді.

Департамент (Орталық) қызметінің негізгі бағыттары:

1. білім беру: базалық пәндер кафедрасында ECTS жүйесін әрі қарай жүзеге асыру (кредиттік-модульдік жүйеге студентке бағытталған).

2. ғылыми: ұзақ өмір сүрудің және сапасының мәселелері,  трансляциялық медицина, глобальды денсаулық сақтау.

3. кәсіби: ПОҚ-ның жеке, кәсіби және ғылыми-педагогикалық құзыреттіліктерін дамыту.

Департаменттің (Орталықтың) міндеттеріне білім беру бағдарламаларын жүйелі жетілдіру; студенттер мен ПОҚ академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету; өзіндік және кешенді (пән аралық) ғылыми мәселелері бойынша кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру; ғылыми зерттеулер арқылы оқыту; кафедралардың профессорлар-оқытушылар құрамының кәсіби шеберлік және педагогикалық деңгейлерін жүйелі жетілдіру жатады.

«Life sciences» Департаментінің құрамына келесі кафедралар кіреді:

1. молекулярлық биология кафедрасы;

2. валеология курсымен қалыпты физиология кафедрасы;

3. микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы;

4. биохимия кафедрасы;

5. патологиялық физиология кафедрасы;

6. жалпы иммунология кафедрасы.

ҚазҰМУ-нің морфология орталығын құрудың басты мақсаты морфологиялық кафедралардағы маңызды ғылыми зерттеулерді тереңдету және біріктіру, халықаралық деңгейге шығу, импакт-факторлы журналдарда басылымдарды жариялау және алынған нәтижелерді білім беру үрдісінде қолдану болып табылады.

ҚазҰМУ-нің морфология орталығының негізгі міндеттері:

1.  Бүтін ағза мүшелерінің макроскопиялық құрылымын тереңдетіп зерттеу;

2. Қалыпты және патология жағдайында адам ағзасындағы тіндер мен клеткалардың микроскопиялық, иммуноморфологиялық және ультрамикроскопиялық құрылымдарды анықтау;

3. Тіндік гомеостаздың және оны реттеудің механизмдерін анықтау (жүйкелік, эндокриндік, иммундық);

4. Клеткалардың, тіндердің, мүшелердің және толығымен ағзаның қоршаған ортаның өзгерісіне реакциясының заңдылықтарын зерттеу;

5. Тіндердің физиологиялық және репаративті регенерациясы, ағзаның тінді және мүшелі типті регенерацияларының мәселелерін әрі қарай жасау;

6. Жалпыпатологиялық реакциялардың клеткалы механизмдерін, тіндер мен клеткалардың ісік трансформацияларының гистогенетикалық аспектілерін, клеткалық детерминация және дифференциация механизмдерін зерттеу;

7. Клетканың, тіндердің және ағзаның жасқа байланысты өзгерістерін зерттеу;

8. Пренатальды патология және адам эмбриогенезінің заңдылықтарын зерттеу;

9. Аурудың материалдық, құрылымдық негіздерін, оның дамудың барлық фазасындағы морфологиялық маңызын зерттеу;

10. ҚазҰМУ-нің Анатомия мұражайын қалыпты және патология жағдайындағы препартты біріктіретін ғылыми және білім беру үрдістерінде толық және тиімді пайдалану.

«Морфологии» Департаментінің құрамына келесі кафедралар кіреді:

1. қалыпты анатомия кафедрасы;

2. сот медицина курсымен патологиялық анатомия кафедрасы;

3. гистология кафедрасы;

4. клиникалық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы;

«Вакцинология мектебі» С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесі шешімімен эпидемиология кафедрасында құрылды және ҚР ДСМ МСЭҚК санэпидсараптама мен мониторингілеу ҒПО-мен бірге белсенді қызмет атқаруда.

Вакцинология мектебі – бұл оқытудың жаңа интерактивті нысандарын жүзеге асыратын білім беру орталығы, ол жұқпалы аурулардың вакцинопрофилактикасы әдісімен медициналық кадрларды дайындаудың жаңа ыңғайларын жасауға, алдыңғы қатарлы шетелдік үлгілерге сәйкес үздіксіз медициналық білім беру концепциясын дамыту негіздерін қалауға және жұқпалы аурулардың сапалы арнайы алдын алу мен денсаулықты сақтауға тұрғындардың қолжетімділігін жоғарылатуға көмек көрсетеді.

Мақсаты: ҚазҰМУ және басқа да медициналық ЖОО-ы студенттерінің, магистранттарының, докторанттарының, санэпидқадағалау департаменттері дәрігерлерінің; БМСК, ЕПҰ мамандарының (педиатрлар, терапевтер, акушер-гинекологтар, гигиенистер, эпидемиологтар, ауруханалық эпидемиологтар , медбикелер) иммунопрофилактика мәселелері, сонымен осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру бойынша тәжірибелік дағдылары мен кәсіби білімдерін жетілдіру.

Міндеттері: Учаскелік терапевтер, педиатрлар, клиникалық аллергологтар, клиникалық иммунологтар, босану үйлері мен әйелдер консультациясының акушер-гинекологтары, жарақаттану пункттерінің хирургтары, иммунопрофилактика кабинеттерінің медбикелері, ЕПҰ ауруханалық эпидемиологтары, МСЭҚ эпидемиологтары мен басшыларына мемлекеттік үлгідегі сертификатты бере отырып вакцино-профилактика мәселелерінің әртүрлі модульдері бойынша, сонымен бірге жоғары курс студенттері ҚР ДСМ-нің жоғары және орта медициналық оқу орындарының ПОҚ-на вакцинопрофилактика мәселелері бойынша біліктілікті жоғарылату және жетілдіру циклдерін өткізу.

Қазіргі уақытта «Медициналық қызметкерлерді және тұрғындарды білім және ақпараттық дайындау, папилломавирусты жұқпалы ауруға қарсы вакцинацияның иммунологиялық тиімділігін бағалау» тақырыбында ғылыми-техникалық жоба орындалуда.

Басып шығарылды:

– «Жұқпалы және паразитарлық аурулардың стандартты анықтамалары мен іс шаралар алгоритмдері» қазақ тіліндегі практикалық жетекшілік

– қазақ тіліндегі «Иммундық алдын алумен реттелетін инфекциялар» оқулық құралы баспаға дайындалды;

– «Вакцинация әдісімен әйелдерде жатыр мойны рагының алдын алу» көпшілікке арналған ғылыми фильм түсірілді (15 мин) қазақ және орыс тілдерінде;

– Типографиялық әдіспен вакцинопрофилактика сұрақтары бойынша буклеттер және брошюралар шығарылды;

– Халықаралық талаптар бойынша вакцинологиядан пән бойынша оқу-әдістемелік кешендері дайындалды.

Вакцинология мектебі қызметі вакцинопрофилактика мәселелері бойынша дайындалған медицина кадрларының санын, олардың оқу-ақпараттық дайындығын өсіреді; халықтың жұқпалы аурулардан қорғану үшін вакцинация қажеттілігі жөнінде ақпараттануды көтереді, халық арасында вакцинацияға қарсы көзқарасты әлсіретеді; бұл өз кезегінде әлеуметтік-мәнді аурулар жиілігін азайтуға әкеледі, балалардың денсаулық индексін жақсартады; өлім мен мүгедектікті азайтады, генофонд сапасын жақсартады, өмір сүру сапасын арттырады.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Университеттегі ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру үшін 2010 жылы қазан айында клиникалық-сараптама және ғылыми-білім беру зертханалары бар  Б.Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицинаның ғылыми-зерттеу институты құрылды.

2011 жылдың тамыз айында ғылыми қызметтің аккредитациялануы туралы ҚР БжҒМ Куәлігі алынды. Университет қызметкерлері Ұлттық инновациялық қор қаржыландыратын 3 ғылыми жобаның орындалуына белсенді қатысады. «Инновациялық нәтижеге бағытталған университет ғылымынң мақсатты дамуы» бағдарламасы бойынша жалпы көлемі 70 млн теңге болатын 7 ғылыми-техникалық жоба ұтып алынды, қаржыландыру көзі ҚР БжҒМ. ҚР ДСМ-гі қаржыландыратын 4 ғылыми-техникалық жоба орындалып жатыр. Приоритетті бағыттар бойынша мультиорталықты ғылыми зерттеулер орындалуда – «Марс-500», «Егде жастағы адамдардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуде қартаюға қарсы моделі» ғылыми-техникалық жобалары. Ғылыми қызметті белсендіру мақсатымен 13 уақытша ғылыми ұжымдарда 258 профессорлар және оқытушылар Б.Атшабаров атындағы ІҚМ ҒЗИ-на тартылған (қаржыландыру көлемі 20 млн теңгеден жоғары).

Жыл сайын 60-қа жуық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі. Университет қызметкерлері әртүрлі деңгейдегі конференцияларда, семинарларда, көрмелерде баяндамалармен қатысты. Тек 2011 жылдың өзінде 6 инновациялық патент алынды. Денсаулық сақтаудың приоритетті бағыттары бойынша университет қызметкерлері 26 монография, 27 оқулық және оқулық құралдарын, 27 ғылыми-әдістемелік құралдарын, 1389 (16 жинақта) ғылыми мақаланы (ТМД елдерінде – 88, алыс шетелдерде  115) басып шығарды, университет қызметкерлері халықаралық рецензияланатын журналдарда 14 баспа жұмысын жариялады.  Б.А.Атшабаров атындағы ІҚМ ҒЗИ жанынан фандрайзинг бөлімі ұйымдастырылған, ол ПОҚ-на халықаралық гранттарды іздеуге, ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық ресурстарына қол жеткізуге көмектеседі және сайттарды көрсете отырып бюллетеньдерді шығарады. Әлемдік медицина ғылымының дамуына Қазақстан ғалымдары мен зерттеушілерінде қызығушылық тудыру мақсатында жыл сайын «Университет күні» өткізіледі, оған әлемдік ғылымда танымал ғалымдар шақырылады.

 

 

Жалпы гигиена және экология кафедрасы жанындағы

«Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы»

«Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы» Жалпы гигиена және экология кафедрасының ұйымдастырушылық құрылымына сәйкес құрылған. Оның негізгі мақсаты: химиялық заттардан (ауалық ортадан – атмосфералық ауадан, судан, су нысандарынан, топырақтан, тағамдық өнімдерден, тұрмыстық және қоғамдық ғимараттардан, жобалау және екпінді құрылыс) және түрлі орта әсерлерінен халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерді бағалау.

Зертхана қызметінің негізгі функцияларына мемлекеттік үкімет органдарының тапсырыстары, оның ішінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының, өндірістік мекемелердің және жобалық ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің, заңды және жеке тұлғалардың тапсырыстары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау.

Лаборатория дамуының негізгі траекториясы:

ҚР медициналық ЖОО-ң оқу үрдісіне қауіп-қатерді бағалау және басқару курсын енгізу;

ҚР санитарлық ұйымының мамандарын даярлау және қайта даярлау; халықтың орналасу тығыздығы жоғары және қоршаған орта қарқынды ластанған қалаларда (Алматы, Астана және т.б.) пилотты жобаларды өткізу.

 

ЕМДІК-КЕҢЕСТІК ҚЫЗМЕТ

ҚазҰМУ-нің терапевтикалық, хирургиялық, педиатриялық және стоматологиялық профильдегі клиникалық базалары – «Стоматология және БЖХ» РОҒКО, Оқу-клиникалық орталығы, ішкі аурулар университеттік клиникасы, Алматы қаласының және Қазақстанның облыстық орталықтарының ЕАҰ (барлығы 76 база), республикалық дәрежедегі 9 ҰО, ҒЗИ-ры (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурызындағы №157 Қаулысына сәйкес).

 

ҚазҰМУ-нің емдік-кеңестік қызметінің көрсеткіштері

Университеттің ПОҚ-мы жыл сайын ҰОҚ емханасының базасында соғыс және еңбек ардагерлері үшін,  №1 балалар емханасы базасында балалар үшін «Ашық есік күндерін» өткізуге белсенді қатысады. Университеттің 80-жылдығына орай 7 облыста конференциялар өткізілді. Университеттің жетекші мамандары әртүрлі нозологиялар бойынша 31 шеберлік класын өткізді, 800 науқасты қарады, операциялар жасады, медицина қызметкерлері үшін дәріс оқыды.

Университетте 2008 жылдың маусым айынан бастап «ҚазҰМУ-нің студенттерінің денсаулығы» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарламаға сәйкес студенттердің денсаулығын зерттеу кешенді түрде жүргізіледі, кеңестік бөлігін университеттің профессорлар-оқытушылар құрамы дәрігерлік амбулаторияның базасында жүргізеді, зертханалық-аппараттық зерттеулер Оқу-клиникалық орталығында жүргізіледі. 2011-20012 оқу жылынан бастап «ҚазҰМУ-нің ПОҚ-ның денсаулығы» бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарламалардың мақсаты – білім алушылар мен ПОҚ-ның денсаулығын сақтау және нығайту.

Ішкі аурулар клиникасы гепатологии, ревматологии, эндокринологии ішкі патология саласындағы қазақстанның алдыңғы қатарлы клиникасы.

Клиника ішкі мүшелердің ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алуда жаңа технологияларды қолдану арқылы заманауи деңгейде жоғары білікті медициналық көмекті ұсынады. Клиника әлемдік өндірушілердің заманауи медициналық құрал-жабдықтарымен жарақталған және көрсетілетін қызмет түрінің кең спектрін ұсынады.

Клиникада ҚР алдыңғы қатарлы ревматологтары емдік-кеңестік қызметті жүргізеді. Ревматологиялық бөлімде буындар мен омыртқа, біріктіруші тіндердің диффузиялық ауруларының диагностикасы және емдеу жүргізіледі; сүйектердің минералды тығыздығының деңгейі анықталады (денситометрия). Ревматологиялық пациенттерді емдеуде әлемдік медицинаның соңғы жетістіктері, оның ішінде гендік-инженерлік терапия қолданылады.

Эндокринология бөлімінде эндокринді ауруларды жаңа технология бойынша ерте кезеңде диагностикалау бойынша кеңестер және стационарлық емдеу жүргізіледі: цитокинодиагностика және цитокинотерапия, қант диабетінің асқынуы, қалқанша безінің ауруы, эндокринді аурулар кезінде эректильді дисфункцияны емдеу, әйелдердегі бедеулікті және еркектердегі азоспермияны емдеу.

Гепатология және гастроэнтерология бөлімінде тексерудің кешенді бағдарламалары бар, оған гепатиттің және асқазан-ішек жолдары ауруларының арнайы бағдарламасы кіреді. Зертханалық зерттеулердің кең спектрі, УЗИ, гастроскопия, колонофиброскопия, фибросканирлеу, қажет болған жағдайда – бауыр биопсиясы, холангиография.

Оқу-клиникалық орталығы (ОКО) – бұл жоғары маманданған медициналық қызметті көрсетуді жүзеге асыратын, сонымен бірге ғылыми зерттеулерді жүргізуге, болашақ дәрігерлерді дайындауға және дипломды мамандардың біліктілігін жоғарылатуға база болып табылатын көп профильді клиника.

Клиника қызметінің негізгі бағыттары – оториноларингология, оның ішінде – оторинохирургия, офтальмология, аритмология, кардиология. Амбулаторлық хирургия, акушер-гинеколог, офтальмолог, оториноларинголог, невропатолог, уролог кабинеттері жұмыс істейді. Онкогинеколог, маммолог, аллерголог консультативтік қабылдауларды жүргізеді.

Орталықтағы диагностикалық үрдіс және емдік-кеңестік көмек халықаралық стандарттарды және заманауи технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі, оларды енгізу ақпаратты диагностикалық зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.

Стоматология институты университеттің Ғылыми кеңесінің шешімінің негізінде ҚазҰМУ-нің ректорының бұйрығымен құрылды.

Институт қоғамның стоматология саласындағы жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларға және жоғары білімді білікті кадрларға қажеттілігін қанағаттандыру; стоматологиялық ғылымды дамыту;  халықаралық стандарттарға сай келетін мамандарды дайындаудың жоғары сапалы жүйесін қалыптастыру; стоматология саласындағы жеке және заңды тұлғаларға білім беру, консалтингтік және басқа да қызмет түрлерін көрсетудің икемді және тиімді жүйесін құру; стоматология саласындағы білім беру, қолданбалы және іргелі зерттеулер бойынша халықаралық және аймақаралық әріптестікті дамыту мақсатында құрылды.

Институт қызметінің негізгі бағыттары – жоғары кәсіби білімнің білім беру бағдарламаларын, сонымен бірге «Стоматология» және «Бет-жақ хирургиясы» мамандықтары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру; стоматологиялық қызмет саласындағы қызметкерлердің дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;  Институттың дайындау бағыттары (мамандықтары) бойынша кәсіби дайындықты жүргізетін шетелдік жоғары оқу орындарымен қарым-қатынасты орнату;  стоматология және бет-жақ хирургиясы саласында іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулерді жүргізу; Институттың ғылыми-оқытушылар және студенттер ұжымында ағарту, ғылыми-әдістемелік, жарнамалық, волонтерлік қызметті енгізу арқылы аймақтың әлеуметтік және мәдени кеңістігінде Институттың және Университеттің нақты маңызын және имиджін жоғарылату.

Стоматология институты оқу, ғылыми, әдістемелік, тәрбие, әкімшілік және әлеуметтік-мәдени қызметті жүзеге асыратын Университеттің құрылымдық бөлімшесі.

Стоматология институтының құрылымында  9 модуль бар:

1.         Терапевтикалық стоматология пропедевтикасы модулі

2.         Хирургиялық стоматология пропедевтикасы модулі

3.         Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулі

4.         Балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы модулі

5.         Терапевтикалық стоматология модулі

6.         Хирургиялық стоматология модулі

7.         Ортопедиялық стоматология модулі

8.         Балалар стоматологиясы модулі

9.         Ортодонтия модулі

Институттың ПОҚ-ның күшімен ҚР БжҒМ-нің гранты бойынша 4 ғылыми жоба                    орындалуда:

1.         Тіс қатарының әртүрлі ақауларын диагностикалаудың және ортопедиялық

емдеудің инновациялық әдістері.

2.         Ауыз қуысының шырышты қабатын және пародонт ауруын емдеу және алдын алу

кезіндегі өсімдік текті дәрілік заттарды клиникалық-зертханалық негіздеу.

3.         Дентальды имплантациядағы жасушалық технология.

4.         азақстанның егде жастағы адамдарының белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етудегі қартаюға қарсы моделін жасау.

 

ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

2008 жылдың 21 қарашасында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Студенттік Үкіметі құрылды. «ТОР-100» клубы құрылып, клубтың ережесі жасалып, бекітілген. 2010 жылдың қаңтар айынан бері «ТОР-100»-ның үздік студенттері «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» халықаралық қысқы мектебінде тренер ретінде белсене қатысып келеді.

Біздің Университетте жұмыс жасайтын студенттік ұйымдар: “Университеттің студенттік үкіметі”, “Жастар ісі жөніндегі комитет”, “Студенттік құрылыс отряды”, КТК командасы, дебат клубы. Сонымен бірге Университетте спорттық секциялар да жұмыс істейді: шығыс жекпе-жегі, грек-рим күресі, бокс, мини-футбол, волейбол, стол теннисі, шахмат, шашка, тоғызқұмалақ және т.б. Дарындылардың талантын ашу үшін шығармашылық үйірмелері ұйымдастырылған: халық аспаптарының оркестрі, хор, вокальды-аспаптық ансамбль, би ансамблі және т.б. Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға “Студенттік кәсіподақ” пен омбудсмен әрқашан дайын.

ҚазҰМУ-нің әлеуметтік-тәрбие жұмысы студенттермен тәрбие жұмысын этап бойынша ұйымдастыру Концепциясына сәйкес жүргізіледі:

•           I және II курс  қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысу:

– Барлық факультеттің 2 курсының 1742 студенті жыл бойына университетті көркейту бойынша қоғамды-пайдалы еңбекке қатысты. Әрбір студент ай сайын кітапханада, кітап қоймасында 2 сағаттан жұмыс істеді, жатақхана аумағын көгалдандыруға және жинауға қатысты, дәріс аудиторияларында тиянақты жинау жұмыстарын жүргізді

•           III және IV курс  «Мейірімділік» акциясын өткізу:

– 3-4 курс студенттері хоспистегі, ауруханалардағы, ардагерлер үйіндегі науқастарды күту жұмыстарына белсенді қатысты.

•           V және VI курс  аурудың алдын алу бойынша іс-шараларға қатысу:

– кәсіби құзырлықты дамыту мақсатымен 17-20 наурыз аралығында емдеу, педиатриялық, стоматологиялық және медико-профилактикалық факультеттердің 6 курсының 830 студенті және 5 курсының 768 студенті Алматы қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында туберкулездің, нашақорлықтың және алкоголизмнің алдын алу (профилактикасы) бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге қатысты.  Профилактикалық дәрістерді К.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-де, ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҚПУ, Ж.Аубакированың музыкалық мектебінде, №8,15,16,18,24, 25, 34,36, 39,46,54, 58,62,67,75,79, 90,95,96,120,124, 128, 134, 135,136, 144,147, 167 мектептерінде, №3, №10 музыкалық мектептерде, НКМОЧШ «Арман», НМХШ №1, МХШ №6, ДЮСШ №1,№2,№4,№5, «Ор-овнер» еврей мектебінде, «Голубой парус» мектеп кешенінде, «ЮНЕСКО Достар» мектебінде, спорттағы дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта оқыды.

•           50 студенттен тұратын «Атлант» студенттік құрылыс отряды университеттің құрылыс-жөндеу жұмыстарына белсенді қатысты.

•           Денсаулық сақтау министрлігінің 05.04.2011ж. № 07-2-2365/4  хатына сәйкес бүкіләлемдік денсаулық күнін өткізу шеңберінде 7 сәуірде «Донор күні» өткізілді, 1000-ға жуық студенттер қан тапсырды, ректорат алдында студенттер флешмоб, спорттық ойындар, таңертеңгілік жаттығулар көрсетілімдерін ұйымдастырды.

•           «Жемқорлыққа  Жоқ дейміз» жемқорлыққа қарсы акция шеңберінде плакаттардың, эссе және қабырға газеттерінің конкурсы өткізілді.

•           Студенттерді патриоттық тәрбиелеуге арналған Қарағанды қаласында өткізілген республикалық конференцияға қатысты, университет атынан әлеуметтік және тәрбие бөлімінің жұмысы туралы көрме ұсынылды;

•           ҚР БжҒМ, Қазақстанның студенттер Альянсымен бірге «Студенттік өзін-өзі басқару институтының тиімділік мәселелері» Республикалық студенттік форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылды және өткізілді, форум туралы ақпарат ҚазҰМУ-нің ақпараттық порталында берілді;

•           Университеттің 150 студенті Азиада алауын беру эстафетасына қатысты;

•           70 студент Азиада штабында волонтер болып істеді;

•           3 студент VII дельфий ойындарының қалалық іріктеу турына қатысты, стоматологиялық факультеттің 2 курс студенті  Месов Олжас 1 орын алып республикалық турға өтті және «Академиялық ән айту» номинациясында І орынды иеленді;

•           ҚазҰМУ-нің дебаттық клубы «ENU CUP» (Астана қ-сы,  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)  халықаралық дебаттық турниріне қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді;

•           2010 жылдың желтоқсан айында ҚазҰМУ-нің түлектерінің І съезді болды, республиканың барлық облыстарында ҚазҰМУ-нің түлектері Ассоциациясының филиалдары құрылды.

•           Бүгінгі күні университетте 28 млн теңгеге 18 әлеуметтік бағдарлама жүзеге асырылуда.

 

ҚАЗҰМУ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

ҚазҰМУ баспасөз қызметі университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және университеттің білім беру, ғылым және денсаулық сақтау жүйесін ақпаратпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Баспасөз қызметінің құрылымына кіреді:

– ҚазҰМУ веб-сайты  www.kaznmu.kz. ҚазҰМУ веб-сайтының құрылымында 13 жеке сайт бар, оларға ҚазҰМУ баспасөз қызметі әкімшілік етеді. Оқу жылы басталғаннан бері ҚазҰМУ сайтына 122 473 адам кірген – оның ішінде 116 елдің өкілдері бар. Көрсетілген уақыт аралығында бетті қараушылар саны 438 681 жетті.

– Ай сайын шығатын «Шипагер» университет газетінің редакциясы. Газет айына бір рет 1000 дана тиражбен шығарылады және газеттің интернет-нұсқасы ҚазҰМУ-нің ақпараттық серверінде орналастырылады.

– «ҚазҰМУ хабаршысы» журналының редакциясы. «ҚазҰМУ хабаршысы» ҚР БжҒМ білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестациялау комитетінің диссертациялық зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылған басылымдары қатарына жатады. Тоқсан сайын шығарылады. Журналдың құрылымы медицинаның түрлі бағыттарына арналған 18 айдардан тұрады.

– Баспахана

Баспасөз қызметінің жұмысы университеттің имидждік көрсеткіштерін жақсартуға, ғылыми, білім беру және медициналық қауымдастықтардағы  ЖОО-ның танымалдығын, беделін көтеруге, білім беру, ғылым және медициналық қызметтердің тұтынушылары арасында брендті әрі қарай дамытуға бағытталған.

 

 

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Бюджеттік түсімдер:

1.         003 бағдарламасы «Мемлекеттік білім беру гранты бойынша мамандарды дайындау», «ғылыми кадрларды дайындау», «запастағы офицерлерді дайындау».

2.         004 бағдарламасы «Әлеуметтік қамтамасыз ету»

3.         014 бағдарламасы «Денсаулық сақтау мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру»

4.         018 бағдарламасы «Тарихи құндылықтарды сақтау»

5.         009 бағдарламасы «Қолданбалы ғылыми зерттеулер»

6.         Капиталды трансферттер

Өзге де түсілімдер:

1.         Ақылы білім беру қызметтері

2.         Медициналық қызметтер

3.         Стоматологиялық қызметтер

4.         Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру

5.         Өзге де ақылы қызметтер

Мемлекеттік грант бойынша студенттер контингентінің өсуінің азаюына және ақылы қызмет бойынша орташа жылдық контингенттің азаюына қарамастан білім беру қызметі бойынша 2011 жылғы кірістің өсуі 2009 жылмен салыстырғанда 52,2%-ға дейін жетті. Оған білім берудің орташа құнының өсуі әсерін тигізді.

Медициналық қызметтен, қосымша білім беруден, жобалар бойынша, соның ішінде зерттеу жұмыстары бойынша түсімдер өсіп келеді.

Оқу-клиникалық орталығының кірісі 2008 жылғы 31,0 млн теңгеден 2010 жылы 78 млн теңгеге дейін өсіп, 2,5 есе көбейді. 2011 жылы кірістің көлемі 2 есеге ұлғаяды деп күтілуде.

Үздіксіз білім беру орталығының кірісі 2008 жылғы 26,0 млн теңгеден 2010 жылы 119,0 млн теңгеге дейін өсіп, 4,5 есе көбейді. 2011 жылы 119,0 млн теңгеден 252,0 млн теңгеге көбейеді деп күтілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.12.2008 жылғы №1257 қаулысымен 2009 жылы және 30.03.2010 жылғы №244 қаулысымен 2010 жылы орташа жалақы екі рет 25% өсті. Университетте 2009 жылы ПХВ-ға және еңбекті төлеудің жаңа жүйесіне өтуіне байланысты орташа жалақы әкімшілік-басқару персоналдарында   орташа есеппен 2008 жылғы 42 985 теңгеден 2011 жылы 149 618 теңгеге дейін өсті.

Дифференциалды төлемді енгізуге байланысты профессорлар-оқытушылар құрамының да жалақысы өсіп келеді.  Осы қосымша төлемге университет жыл сайын 67,0 млн теңге жұмсайды. ПОҚ жалақысының әрі қарай өсуі уақытша ғылыми ұжымдарды, виртуальды институттарды құруға, оқытудың кредиттік технологиясын енгізумен байланысты қосымша төлемдермен және т.б. байланысты болады.

Медициналық қызмет көрсететін құрылымдық бөлімшелер кесімді еңбекті төлеу жүйесіне көшірілген, бұл еңбекті төлеуді жақсартуға бағытталған жалпы іс-шаралар жүйесінде персоналдарда  қосымша мүмкіндікті қамтамасыз етті. 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап клиниканың қызметкерлері еңбекті төлеудің кесімді формасына көшірілді.  Еңбекті төлеудің бұл жүйесінде жалақының өсуі әрбір дәрігердің кірісіне байланысты болады. Салыстыру үшін 2010 жылдың кезеңдері (қаңтар, көкек, қазан) алынды. 2010 жылдың қаңтарында дәрігерлердің орташа жалақысы 31 187,46 теңге болды, 9 ай өткеннен кейін ол 102 289,5 теңге деңгейіне жетті, ал 2011 жылдың 6 айының ішінден орташа жалақы 115 272 теңгеге дейін өсті.

 

ҰЙЫМДА ӨТКІЗІЛЕТІН ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР

Университетте С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де жемқорлық және дисциплинарлық тәртіп бұзушылықтың алдын алу бойынша Комиссия жұмыс істейді, Комиссияның Ережесі жасалып, бекітілген.

Комиссия қызметі кадрлар қатынасын, қарастырылатын келіспеушілік тудырған әлемуеттік-мәдени жағдайларды, персоналдардың қызметі бойынша білім алушылар, денсаулық сақтау органдары және құрылымдық бөлімшелер тарапынан болған арыздарды және басқа да жағдайларды, сонымен бірге жемқорлық тәртіп бұзушылықтар мен қолданыстағы заңмен қарастырылған басқа да міндеттемелерді тиімді басқаруға бағытталған.

Сенім  телефондары, ректордың, проректорлардың, департамент, басқарма басшыларының, факультет декандарының, оқу департаменттерінің директорларының және кафедра меңгерушілерінің  қызмет телефондары және электронды пошта адресі  анықталған. Оқу корпустарында және факультеттерде жемқорлық туралы ақпаратты, арыз, университет жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныс және тілектерін жинайтын пошта жәшіктері орнатылған. 1 курстан бастап Университет студенттері университеттің Уставымен, ішкі тәртіп Ережесімен, бұйрықтармен және де университеттің қызметі мен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды реттейтін басқа да нормативті құжаттармен таныстырылады. Деканаттың кеңейтілген мәжілістерінде Университет қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекеттеріне жол бермеу бойынша сұрақтар талқыланады.

2010-2011 оқу жылында Комиссия білім алушылардың, білім алушылардың ата-аналарының және Университет қызметкерлерінің бірқатар сұрақтарын қарастырды. Барлығы 20 сұрақ қарастырылды, оның ішінде: еңбек тәртібін бұзу бойынша – 18; жемқорлық іс-әрекеттері бойынша –  2. Комиссияның шешімі бойынша 6 қызметкермен еңбек келісімі бұзылды, 7 қызметкерге «ескерту», 5 қызметкерге «сөгіс», 1 қызметкерге «қатаң сөгіс» берілді.

•           Университеттің негізгі этикалық принциптері мен танымдық құндылықтарын жүзеге асыру бойынша оқытушының және студенттің ар-намыс Кодексі жасалды. Ар-намыс Кодексін бұзған және сақтамаған тұлғаларға қатысты арыздарды қарау бойынша 10 мәжіліс өткізілді.

•           Қалалық қаржы полициясы және аудандық әкімшілікпен біріге отырып студенттік ортада жемқорлық тәртіп бұзушылықпен күрес бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

•           Қызметкерлер арасында құқықтық мәдениетті жоғарылату және белсенді насихаттау бойынша «Антикорр» инициативалы тобы құрылды.

•           «Құқық негіздері» пәнінің бағдарламасына құқықтық мәдениет және жемқорлық тәртіп бұзушылық бойынша сұрақтар енгізілген. СӨЖ-ның тақырыбы жемқорлық бойынша иллюстративті материалдарды қолдана отырып кеңейтілген.

•           «Шипагер» университеттік газетінде «Жемқорлыққа тосқауыл» рубрикасы ашылған, онда 7 мақала жарық көрді.

•           Жемқорлыққа қарсы белсенді жұмыс тақырыптық конференцияларды, пікірталастарды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру арқылы да жүргізіледі:  «Этика және деонтология»,  «Денсаулық адвокаты»,  «Пациент құқығы», «Жемқорлыққа жол жоқ!».

•           Республиканың жоғары оқу орындарында жемқорлықтың етек алуы бойынша деректі материалдарды презентациялай отырып студенттерге жүргізілген сауалнама материалдары бойынша факультет аралық конференция өткізілді.

•           Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие мәселелері бойынша университет үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен белсенді жұмыс істейді.

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ

Басқару қызметін дамыту

Мақсаты – білім беру қызметінің ішкі және сыртқы нарығында бәсекелестік мүмкіндігі бар инновациялық бағытталған медициналық жоғары оқу орнының моделін кадрлар потенциалын үздіксіз дайындау және қайта дайындау және халықаралық деңгейге шыға отырып адам ресурстарын дамыту арқылы жасау.

2012-2015 жылдарға міндеттері:

•           инновациялық бағытталған университеттің мақсаттары және міндеттеріне сәйкес университеттің ұйымдастыру құрылымын модернизациялау.

•           Жоғары оқу орнын басқаруды жетілдіру, корпоративті басқаруға көшу (Қамқорлық кеңесі, Этикалық комитет, Байқаушы кеңесі).

•           Жоғары оқу орындарының, ғылым және практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық кәсіпорындардың Консорциумын құру және кіру.

•           Сапаны басқарудың жүйелік ыңғайын жүзеге асыру:  бөлімшелердің жұмысын сапа бойынша Кеңес арқылы үйлестіру.

•           Үздіксіз білім беру орталығының негізінде дипломнан кейінгі дайындық құрылымын дипломнан кейінгі білім беру Институтына өзгерту.

•           Медициналық білім берудегі үшбірлікті (білім, ғылым, тәжірибе) дамыту, ұлттық және халықаралық деңгейлердегі университеттің зерттеушілік ролін нығайту.

•           Білім беру процесстерін басқару формаларын жетілдіру:

– құзырлы бағытталған білім беру принциптерін жүзеге асыру жолымен медициналық білім беруді жетілдіру үшін оқу департаменттерін, білім беру бағдарламаларының комитеттерін, білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыдан негіздеу орталығын дамыту;

– білім беру процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің өзара қарым-қатынасын жетілдіру (матрикалы басқару);

– қоғамдық денсаулық сақтау мектебін дамыту;

– тіркеуші кеңсесі қызметін жетілдіру;

– электронды құжатайналымын басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қамтамасыз ету.

•           Қаржылық менеджменттің элементтерін этап бойынша енгізу. Қызмет диверсификациясы, қосымша кірістерді алу мақсатымен уақытша бос қаржыларды қаржы нарығында орналастыру. Қаржылық есеп беруді автоматтандыру.

•           Басқару және кадрлар резервін психологиялық-педагогикалық және басқару дағдыларына белсенді үйрету. Персоналдардың үйренуге қажеттіліктерін анықтау, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру бойынша үйрету курстарын ұйымдастыру.

•           ЖОО-нын ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру.

•           Қызмет аутсорсингі.

•           Университеттің қызметін БАҚ-да, азаматтық, қоғамдық ұйымдарда кеңінен жариялау арқылы ҚазҰМУ-нің позитивті имиджін құру. ҚазҰМУ-нің ғылыми-білім беру қызметін, емдік-диагностикалық және зертханалық қызметтерін жылжыту үшін мақсатты бағытталған PR-науқандарды өткізу.

 

Білім беру қызметін дамыту

Мақсаты – халықаралық еңбек нарығында қажетті, бәсекелестік мүмкіндігі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды дайындау үшін білім беру процесін ғылым мен тәжірибенің заманауи жетістіктерімен интеграциялауды қамтамасыз ету.

2012- 2015 жылдарға міндеттері:

•           Құзырлы бағытталған білім беру принциптерін жүзеге асыра отырып ҚазҰМУ-нің білім беру бағдарламасының жаңа моделін жетілдіру.

•           Тәжірибелік дағдылар орталығының базасында білім алушылардың білімін тәуелсіз бағалау принциптерін жүзеге асыру.

•           ҚазҰМУ-нің білім беру бағдарламаларының шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен бірдей болуы.

•           Білім алушылар және оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту.

•           Университеттегі үш тілде оқыту бағдарламасын тереңдету.

•           Оқу процесінің, ғылымның және тәжірибенің өзара қарым-қатынасы:

– дәлелді медицина принциптері мен ғылыми методология принциптерін жасау және оқу процесіне енгізу;

– ғылым мен тәжірибенің заманауи жетістіктері кіретін блокты-модульды білім беру бағдарламаларын енгізу;

– студенттердің, интерндердің, магистранттардың, резиденттердің, PhD докторанттардың оқу процесі шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру.

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту

Мақсаты – бәсекелестік мүмкіндігі бар ғылыми кадрларды дайындау есебінен ҚазҰМУ-нің ғылыми-зерттеу потенциалын жоғарылату, ҒЗЖ жүргізуге және материалды-техникалық базаны нығайтуға қосымша қаржыландыру көздерін тарту, халықаралық ғылыми кеңістікке ену.

2012-2015 жылдарға міндеттері:

«Қазақ тамақтану академиясы» ЖАҚ-мен мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту арқылы қолданбалы зерттеулердің нәтижелілігін арттыру:

– тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету технологиясын ғылыми негіздеу;

– мектеп жасындағы балалар арасында профилактикалық медициналық тексерулерді өткізу;

– сапалы, дәруменді және қауіпсіз мектеп тағамдарының ұйымдастырылуын мониторингілеу.

•           «Назарбаев Университетпен» және басқа да алыс және жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы ғылыми ұйымдарымен мультидисциплинарлы, мультиорталықты ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда әріптестікті дамыту.

•           Медициналық ғылым, білім беруді, клиникаларды, тәжірибелік кәсіпкерлікті біріктіретін ғылыми-білім беру-тәжірибелік консорциумдарды құру.

•           Инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту (инновация секторы, дәрілік препараттарды өндіру цехы, дәрілік өсімдіктердің питомнигі, оқу-өндірістік дәріханасы).

•           Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемін жоғарылату (республикалық және жергілікті бюджеттер, халықаралық және мемлекеттік гранттар, университет қаржысы).

•           Ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау.

•           Ғылыми-зерттеу жұмыстарының өнімділігін (бәсекелестік мүмкіндігі бар жаңа медициналық технологиялар) және нәтижелілігін (публикациялар) жоғарылату, университеттің ғылыми қызметінің нәтижелерін білім беру процесіне және тәжірибелік денсаулық сақтауға енгізу және интеграциялау.

•           Экологиялық мониторинг зертханасының базасында ПОҚ инновациялық экологиялық жобаларға қатысуы.

•           ПОҚ, PhD, магистранттар, резиденттер, студенттердің ғылыми қызметке қатысуын белсендіру:

– ғылыми-техникалық жобаларды жасау және жүзеге асыру;

– халықаралық рецензияланатын (peer- reviewed) басылымдардағы публикациялармен қоса  баспа қызметін белсендіру;

– ғылыми жұмыстардың индексінің жоғары болуы;

– ғылыми зерттеулердің менеджментіне және стандарттарына үйрету;

– халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, конгресстерге, форумдарға қатысу;

– әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде ғылыми стажировкадан өту.

 

Емдік-кеңестік қызметті дамыту

Мақсаты –  оқытудың прогрессивті формалары мен әдістерін, медициналық ғылым мен тәжірибелік денсаулық сақтаудың заманауи жетістіктерін қолдана отырып бәсекелестік мүмкіндігі бар мамандарды дайындау үшін ұтымды жағдайларды жасау; науқастарды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін жасау және енгізу; тұрғындарға жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету.

2012-2015 жылдарға міндеттері:

•           Оқу-клиникалық және ғылыми процессті біріктіретін Университеттік клиниканың инновациялық моделін құру.

•           Клиникалық қызметтің жаңа заманауи бағыттарын дамыту, гепатология, психотерапия, отомикрохирургия және телемедицина саласында науқастардың профилактикасының, диагностикасының, емдеу мен реабилитациясының тиімді әдістерін енгізу.

•           Университеттік клиниканың құрылысы.

•           Университеттің ПОҚ күрделі клиникалық жағдайларды сараптық бағалауға қатысуы.

•           Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге қатысуы.

•           Дәстүрлі емес медицина Орталығын құру.

Кадрлар ресурсын дамыту

Мақсаты – халықаралық деңгейге шыға отырып кадрларды үздіксіз дайындау және қайта дайындау жүйесін енгізу жолымен персоналдардың кәсіби және жеке сапалық көрсеткіштерін дамыту арқылы университеттің бәсекелестік мүмкіндігін жоғарылату.

2012-2015 жылдарға міндеттері:

•           Профессорлар-оқытушылар құрамын және әкімшілік-басқару персоналдарын университеттік деңгейде базалық білімге оқытуды ұйымдастыру.

•           Кадрлар және басқару резервін құру, оларды республикалық және халықаралық деңгейде оқыту.

•           Персоналдарды дамыту нәтижелерін бағалау үшін өлшеу критерилерін жасау.

•           Х.Насыбулина атындағы мектеп базасында университеттің ПОҚ біліктілігін арттырудың қысқа мерзімдік бағдарламалар бойынша оқыту және қайта оқыту.

•           Кайдзен үздіксіз жақсарту стратегиясын студенттік ортада енгізу (Студенттік Кайдзен)

 

Әлеуметтік-тәрбие қызметін дамыту

Мақсаты – құқықтық мемлекетте тұратын, белгілі бір білімді (құқықтық, политологиялық, экономикалық және т.б.) игерген, ойлау, талдау, әріптестік дағдыларын және құндылық бағыттарды  адам құқығын құрметтеу, ымыраға келу, азаматтық сана-сезімді және т.б.  білетін, сонымен бірге қоғамдық пайдалы қызметке қатысуға, салауатты өмір салтының дағдыларын игеруге ниеті бар азаматты тәрбиелеу.

2012-2015 жылдарға міндеттері:

•           Студенттік өзін-өзі басқару ролін белсендіру, басқару функцияларын және өкілдіктерін бөлу: студенттік Үкімет, Жастар ісі жөніндегі комитет, «Демеу» студенттерді материалды қолдау қоры, Дебат клубы, Интеллектуал клубы, Инфо-Медиа Орталығы, Студенттік дружина, «Ерікті жастар тобы» құрылыс отряды.

•           Заманауи жағдайларда тәрбие және әлеуметтік жұмысты қалыптастыру және дамыту үшін қызметтің жаңа формалары мен бағыттарын іздеу, студенттер мен ПОҚ арасында университеттің позитивті имиджін және корпоративті рухын қалыптастыру үшін ҚазҰМУ-нің ұжымымен жинақталған дәстүрлі және оң тәжірибелерді қолдану.

•           Студенттердің волонтерлік қозғалысын қалыптастыру  студенттердің 1% және ПОҚ 0,1% тарту.

•           Студенттер мен ПОҚ мақсатты бағытталған танымдық-рухани, құқықтық, физикалық, жалпы мәдени және шығармашылық тәрбиесі  өз елінің жан-жақты дамыған азаматы мен патриотын қалыптастыру.

•           Әлеуметтік-тәрбиелік дамыту мәселелері бойынша ҚазҰМУ-нің ақпараттық қызметін кеңейту (сайт, БАҚ).

•           Әлеуметтік әріптестікті дамыту, студенттік волонтерлік қозғалысты қалыптастыру және дамыту; ПОҚ мен студенттерді, жетім балаларды, мүгедектерді, әлеуметтік қорғалмаған студенттер мен ПОҚ, экологиялық апат аймақтарынан шыққан студенттер мен ПОҚ әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілі.

 

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Мақсаты –  университетті әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне шығару.

2012-2015 жылдарға міндеттері:

•           Білім мен ғылымды дамыту мәселелері бойынша алыс шетелдің алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми-инновациялық орталықтарымен стратегиялық әріптестігін дамыту.

•           Әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінен визитинг-профессорларды оқу процесіне шақыру арқылы білім беруді интернационализациялау.

•           Шетелдік әріптестермен бірге білім беру бағдарламаларын жасау.

•           Қызметкерлер мен ПОҚ біліктілігін арттырудың біріккен мақсатты бағдарламаларын жасау (бірінші кезекте тапшы мамандықтар бойынша).

•           Халықаралық ұйымдармен, қорлармен, ассоциациялармен ынтымақтастық, халықаралық гранттарды тарту.

•           Tempus, Erasmus Mundus, Fulbrite және басқа да халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу.

•           Халықаралық ғылыми жобаларға қатысу.

•           Редколлегия құрамына танымал шетелдік ғалымдарды тарту, алыс шетелдердің ғалымдарының мақалаларын жариялау, журналды басылымдық электронды база мәліметтеріне қосу арқылы «Вестник КазНМУ» ғылыми-практикалық журналының индексін жоғарылату.

•           Халықаралық конференцияларға, көрмелерге, конкурстарға қатысу.