Түлектер моделі | Бағдарлама паспорты | Міндетті пәндер | Таңдамалы пәндер | Проф. тәжірибелер | Интернатура | Магистратура |
Базалық пәндер, таңдау компоненті – БП ТК:
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән гомеостазды ұстау кезінде ауыз қуысы ағзалары, тіндері және биологиялық орталарының қызметтерін, реттеу және физиологиялық интеграциясын білу мен түсінуді қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұнына ауыз қуысы шырышты қабатын, тіс қатты тіндерін, ұлпаны, цементті, периодонтты, сілекейді, ауыз, қызыл-иек сұйықтығын және микробтық флорасын қамтитын күрделі үрдістерді гомеостатикалық бақылау механизмдерін зерттеу жатады.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән тістің сауыт бөлігінің морфологиялық құрылымын егжей-тегжейлі зерделеуге және қайта қалпына келтіруге баса назар аударылған білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады; тістердің анатомиялық түзілімдерінің функционалдық мақсаты. Тіс пішінін зерттеу және бағалау; тістердің және тіс қатарларының балауыз композициясын дайындау кезеңдерінде стоматологиялық аспаптармен және материалдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән стоматологиялық аспаптарын, алынбайтын протездің жоспарланған құрылымына сәйкес күлте қалыптастыру үшін тіс қатты тіндерін механикалық кесу әдістері мен технологияларын зерделейді. Алынбайтын тіс протездері құрылымдарымен ортопедиялық емдеуді сәтті жүргізу шарттарының бірі болып табылатын тістің биомеханикалық сипаттамаларын барынша сақтау бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән әртүрлі қоғамдарда бар және болған медициналық жүйелер туралы білімді қалыптастырады; емшілік дәстүрлері, олардың түрлері; әртүрлі қоғам өкілдерінің денсаулық пен ауру жағдайларын қабылдауы мен тәжірибесі. Денсаулық сақтау жүйесі, денсаулық, ауру, дене, гигиена туралы этномәдени көзқарастарға қатысты төзімділікті қалыптастырады; рефлексиялау, ақпаратты жинау, талдау дағдылары.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық негіздері мен құжаттарына сәйкес стоматологиялық тәжірибеде биологиялық қауіпсіздік туралы тұтас түсінікті қалыптастырады; гемаконтактілі инфекцияларды диагностикалау және алдын алу (АИТВ инфекциясы, вирустық гепатит және т.б.). Инфекция жұқтырған пациенттермен байланыста болған кезде жұқпалы патогендердің таралуын болдырмау мәселелерін қарайды және медициналық персоналды биологиялық қорғау бойынша шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән психотерапиялық тәжірибенің нысандары мен әдістерін, пациент- орталықтандырылған көмек негізінде жеке психотерапия техникасын түсінуді қалыптастырады; стоматологиялық бейінді науқастың психологиялық проблемаларын анықтау қабілеті; науқастың жеке ерекшеліктерін зерттеуге психодиагностикалық тәсілдерді қолдану; дәрігер-стоматологтың кәсіби әрекеті; қарым-қатынастың тиімді нысандарын және психотерапиялық әсер ету әдістерін қолдану; емдеу кезіндегі коммуникативтік үрдісті талдау.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән жанжалдардың мәнін, құрылымын, функцияларын, жіктелуін, жанжалдың даму кезеңдерін зерделейді; коммуникацияның, психодиагностиканың және жанжалды өзара іс-қимылды түзетудің негізгі әдістері; жанжалды шешудің конструктивті тәсілдері. Дәрігер-стоматологтың кәсіби мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады; этикалық және деонтологиялық қағидаттарды сақтау; даулы өзара әрекеттестікті зерттеу үшін себептерді таба білу, психодиагностикалық әдістерді қолдану; қақтығыстардың алдын алудың тиімді технологияларын қолдану.
Кәсіптік пәндер, таңдау компоненті – КП ТК:
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән механикалық, функционалдық және аралас әрекетті ортодонтиялық аспаптарды, олардың элементтерін, салыстырмалы сипаттамаларын, қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерін зерттейді. Фантомдар/симуляторларда қалып алу, ортодонтиялық құрылымдарды шақтау техникасы бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән стоматологиялық импланттарға тіс протездерін дайындаудың клиникалық және зертханалық сатыларын егжей-тегжейлі зерделейді. Фантомда стоматологиялық материалдар мен ортопедиялық құрылымдарды: алынбайтын, шартты алмалы, алмалы тіс протездерін денталды импланттарға дайындауға арналған техникалық жиынтықпен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән балалар мен жасөспірімдердің шайнау аппаратының физиологиялық дамуын тексеру және бағалау әдістерін және окклюзияның морфофизиологиялық бұзылуларын анықтау әдістерін зерттейді. Тіс-жақ аномалиялары дамуы қауіпті факторларын анықтауға баланы тексеру және шайнау аппараты, төменгі жақ биомеханикасы ерекшеліктерін ескере отырып, балаларда тіс-жақ аномалиялары дамуының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру дағдыларын пациент-орталықтандырылған тәсіл негізінде қалыптастырады.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән заманауи реставрациялық пломбалық материалдармен жұмыс істеу техникасын тереңдетіп зерделейді. Стоматологиялық пломбалық материалдарын пайдалана отырып, әртүрлі анатомиялық топтардың тістерін тікелей реставрациялау технологияларын тәжірибелік игеруге бағытталған: шыныиономерлік цементтер, композиттар, компомерлер. Тікелей реставрациялауға арналған арнайы құралдар және құрылғылармен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді (фантомдар мен стоматологиялық симуляторларда).
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән дентальды имплантация алдында пациенттерді тексерудің ерекшелігі, рентгенограммаларды талдау туралы базалық түсініктерді қалыптастырады; көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді ескере отырып, операцияны жоспарлау; операциялық жабдықты жарақтандыру; арнайы құралдарды, аспаптарды, аппараттар мен материалдарды қолдану; имплантациялық жүйелердің салыстырмалы сипаттамасы; тәжірибелік жұмыс алгоритмдері туралы (фантом/симуляторларда).
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән эстетикалық ортопедиялық стоматология саласындағы білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады. Тістерді қалпына келтіру мәселелерін, клиникалық және зертханалық сатыларды, салмалар, қондырмалар, штифті құрылымдар, винирлерді дайындауға арналған құрал-саймандарды, жабдықтар мен материалдарды зерделейді, олар жекедара қалыптар бойынша жасалады және композициялық материалдардан жасалған пломбаларға қарағанда берік болады. Фантомд/симуляторларда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән түрлі этиологиядағы жақ-бет аймағының жаралары бар пациенттерді клиникалық тексерудің ерекшеліктерін тереңдетіп зерделейді; жедел көмек көрсету алгоритмдері. Оның ішінде, жақ-бет аймағының жұмсақ тіндері зақымданған кезде, тілдің, сілекей бездерінің, қан тамырлары мен жүйкелердің зақымдануын қоса алғанда жараларды алғашқы және қайталама хирургиялық өңдеуді жүргізу ерекшеліктері (фантомдар мен симуляторларда).
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пәнде балалардың бет, жақ және ауыз қуысы органдары дамуында туа біткен ақаулар мен аномалиялар этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникалық көріністері зерделенедi. Бет, жақ және ауыз қуысы ағзалары туа біткен және пайда болған ақаулары бар балаларды тексерудің, диагностикалау, кешенді емдеу жоспарлау мен оңалтудың негізгі тәжірибелік дағдыларын орталықтандырылған тәсіл негізінде.қалыптастырады.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән әртүрлі құрылымдағы стоматологиялық импланттарды пайдалана отырып, кешенді тексерудің, жоспарлаудың және ортопедиялық ем жүргізудің ерекшелігі туралы заманауи түсініктерді пациент-орталықтандырылған тәсілді ескере отырып қалыптастырады. Импланттарда ортопедиялық емдеу жүргізудің орындылығын түсінуді қалыптастырады.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән әртүрлі жас кезеңіндегі балалар мен жасөспірімдердегі самай-төменгі жақ буыны патологиясының этиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністерінің ерекшеліктері туралы білімді қалыптастырады. Клиникалық тексеру, деректерді түсіндіру, диагностикалау, дифференциалды диагностика жүргізу; балалар мен жасөспірімдерде самай-төменгі жақ буыны ауруларының алдын алу және емдеу ерекшеліктерін пациент-орталықтандырылған тәсілді ескере отырып дағдыларын қалыптастырады.
Кредиттер саны – 5
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән стоматологиялық бейіндегі науқасты тексеру сатыларында қолданылатын функционалдық зерттеу әдістерін зерттейді; функционалдық диагностика кабинеті жабдығымен жұмыс істеу дағдылары, функционалдық зерттеулерге арналған көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер; функционалдық зерттеулердің тиісті әдістемесін таңдау; стоматологиялық тәжірибеде зерттеудің функционалдық әдістерінің нәтижелерін жүргізу және түсіндіру әдістері.