Түлектер моделі | Бағдарлама паспорты | Міндетті пәндер | Таңдамалы пәндер | Проф. тәжірибелер | Интернатура | Магистратура |
Кредиттер саны – 2
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Оқу практикасы өмірге қауіп төндіретін жазатайым оқиғалар, кенеттен болатын аурулар кезінде орындалатын іс-шаралар кешені бойынша базалық білім мен дағдыларды қалыптастырады; медик келгенге дейін/науқасты медициналық мекемеге орналастырғанға дейін қолданылатын жараланған/науқас адамдарға шұғыл көмек көрсету шаралары; сананың болуын анықтау, жоғарғы тыныс алу жолдарының өтуін қалпына келтіру, өмір белгілерін анықтау, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу және т.б.
Кредиттер саны – 2
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Пән стоматологиялық бейіндегі пациенттерді зерттеудің тәжірибелік дағдыларын, индекстік бағалауды; профилактикалық тексерулер жүргізу; пациенттерді/олардың заңды өкілдерін ауыз қуысына күтім жасау ережелеріне гигиеналық оқыту; пациент-орталықтандырылған тәсілді ескере отырып, ауыз қуысының кәсіби гигиенасын жоспарлау және жүргізу; пациенттермен, медицина қызметкерлерімен қарым-қатынас жасаудың коммуникативтік дағдыларын; командада жұмыс істеу дағдысын жетілдіруге бағытталған.
Кредиттер саны – 2
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Практика дәрігер-стоматолог-терапевт, хирург- кабинеті мен жұмыс орнын дайындау; дәрігер-стоматологқа көмек көрсету және емшара жүргізу кезінде және одан кейін пациенттерді күту; стоматологиялық жабдықты күту; стоматологиялық материалдармен жұмыс істеу; санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау бойынша студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Коммуникативтік дағдыларды, медициналық командада және «4 қолмен» жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.
Кредиттер саны – 2
Бақылау түрі – Дифференциалды сынақ
Сипаттама: Практика студенттердің дәрігер – стоматолог-ортопед және балалар дәрігер-стоматологы жұмыс орнын дайындау бойынша тәжірибелік; стоматологиялық жабдықтар мен құралдарды; пломбалық, тіс протездеу және қосалқы материалдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Пациенттермен, дәрігер-стоматологтармен, медицина қызметкерлерімен қарым-қатынас жасаудың коммуникативтік дағдыларын жетілдіреді; медициналық команда құрамында жұмыс істеу дағдысы; «4 қолмен» тәжірибелік жұмыс дағдысы.