| Түлектер моделі | Бағдарлама паспорты | Міндетті пәндер | Таңдамалы пәндер | Проф. тәжірибелер | Интернатура |
Бағдарламаны оқытудың соңғы нәтижелеріне қойылатын талаптар.
| № | Құзыреттері | Бағдарламаны оқыту нәтижелері |
| 1 | Медициналық білім | жалпы қабылданған, дамып келе жатқан және үнемі жаңартылып отыратын білімді қоса алғанда, биомедициналық, клиникалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік-мінез-құлық ғылымдары саласындағы білімді практикада қолдану |
|
2
|
Коммуникациялар | ақпаратпен тиімді алмасу және пациенттермен, олардың отбасыларымен және медицина қызметкерлерімен, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ынтымақтастық жасау үшін тұлғааралық және коммуникативтік дағдыларды меңгеру |
| 3 | Клиникалық дағдылар | ауруларды диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға бағытталған тиісті және тиімді іс-шараларды қамтитын тиімді пациент-орталықтандырылған күтімді қамтамасыз ету |
| 4 | Кәсібилік: | кәсіби міндеттерді орындауға және этикалық қағидаларды сақтауға бейілділігін көрсету |
| 5 | Жеке және кәсіби даму | үздіксіз жеке және кәсіби өсуді қолдау, өмір бойы өзін-өзі бағалау және оқыту негізінде медициналық қызмет көрсету сапасын үнемі жақсарту үшін қажетті қасиеттерді көрсету |
| 6 | Нормативтік-құқықтық білім | Денсаулық сақтау жүйесінің өзекті нормативтік-құқықтық негіздері шеңберінде әрекет ету және оңтайлы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін оларды практикалық қызметінде басшылыққа алу |
| 7 | Зерттеу | пациенттердің нәтижелерін зерттеу және талдау, ғылыми дәлелдерге негізделген емдеу принциптерін бағалау және енгізу |