БЕРНИКА жобасының білім беру сапары. Грац, Австрия




31.05.2024

Білім беру сапары 2024 жылдың 15-19 сәуір аралығында Грац қаласында, Австрияда, Erasmus+ 101082831 – BERNICA – ERASMUS-EDU-2022-CBHE «Орталық Азияда тамақтану және диетология саласында білім беру және зерттеу қабілеттерін дамыту» жобасы аясында өтті. Сапарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің делегациясын жоба координаторы, денсаулық сақтау кафедрасының профессоры, д.м.н. Тогузбаева К.К. басқарды. Команда құрамына биостатистика және ғылыми зерттеулер негіздері кафедрасының асисстенті тренер Хожамкул Р.А., нутрициология кафедрасының ассоцирленген профессоры Беисбекова А.К, және ҚазҰМУ денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулық орталығының бас ғылыми маманы Жумагалиулы А. кірді.
Шара PhD Manuela Konrad-тың алғы сөзімен басталды, ол қатысушыларды FH JOANNEUM-мен таныстырды. Сапар FH JOANNEUM-нің ғылыми жұмыстар бойынша басқарушы директоры, FH-Prof. Dr.mont. Corinna Engelhardt-Nowitzki және FH JOANNEUM диетология институтының директорының құттықтау сөздерін қамтыды. Олардың баяндамалары стратегиялық мақсаттарды, ғылыми жобаларды және оқу бағдарламаларын қамтыды. Қатысушылар әртүрлі зертханаларды, мысалы, Health Perception Lab, Food Processing Lab және Sport Science Lab зертханаларын аралау, көшбасшы мамандармен диалог құру және тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Шеберлік сабақтары кезінде көпмәдениетті және көпдисциплинарлы топтарда жұмыс істеу, MOOC платформасында оқыту және FH JOANNEUM студенттерімен мәдени өзара әрекеттесу ойынына қатысу сияқты тақырыптар талқыланды. Сапар университет кампустарына экскурсиямен және қатысушыларға сертификаттар табыстау рәсімімен және өз оқу орындарында әзірленген курстарды енгізу туралы талқылаумен аяқталды. BERNICA білім беру сапары Грац қаласындағы FH JOANNEUM командасымен PhD Manuela Konrad басшылығымен ұйымдастырылды.